қыздар аналарының Денсаулық сақтау өкілдерімен кездесуі
«Отбасы және мектеп» жобасы аясында аналар күні қарсаңында аналары мен қыздар арасында денсаулық сақтау өкілдері педиатр дәрігер А.М.Мухамедеева және акушер-гинеколог М.М.Белаямен кездесу өтті.
Медициналық тексеруден, жас бойынша скринингтен өту, екпе алу, сондай-ақ қыздардың репродуктивті денсаулығын сақтау туралы сұрақтар қамтылды. Педагог-психолог Д.М.Шакеева және әлеуметтік педагог М.М.Омарова-Дюсекина ана мен қыз арасындағы сенімді қарым-қатынасты сақтаудың маңыздылығы туралы жадынамалар дайындап, ұсыныстар берді.