2014 жылдың 19 сәуірі күні Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясының 6-10 сыныптары арасынан 820 оқушы «Таза қала-2014» атты сенбілікке шықты. Сенбілік барысында 1-4 сынып оқушылары сынып бөлмелерін тазалады. 6-8 сынып оқушылары мектеп ауласын және мектеп қиылысындағы Желтоқсан, Сейфуллин көшелері бойларын тазалады. 9-10 сынып оқушылары мектептің мәжіліс залын, спорт залын, дәліздерді және мектептің сыртқа қарайтын терезелерін жуып шықты. Сенбілік барысында оқушылар барлық керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сенбілікке мерекелік сән беру үшін оқушыларға жасыл галстуктар таратылып, мектеп ауласында музыка ойнап тұрды. Оқушылар мен мұғалімдер сенбілікке белсене ат салысып, қаламыздың тазалығы үшін өз үлестерін қосты.