СҚО, Уәлиханов ауданы, Өндіріс орта мектебі. 13 желтоқсан күні Өндіріс орта мектебінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - деп соғады жүрек " атты 10-11 сынып оқушылары салтанатты жиын өткізді.Салтанатты жиын барысында оқушылардың тақпақтары айтылып, көрсетілім арқылы бейнеүзінді көрсетіліп, мағлұмат берілді. Салтанатты жиын соңында 6-5 сынып оқушылары "Жас Ұлан" ұйымына қабылданды.