Жарыс оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты келесі категориялар бойынша өткізілді- 5-6 сынып ұлдары, 5-6 сынып қыздары, 7-8 сынып бойжеткен қыздары және 7-8 сынып ұлдары арасында.Жалпы Жастар лигасы 1000-нан астам қатысушыларды біріктірді.
Ұйымдастырушылар Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы және Білім Басқармасы болды. 5-6 сынып қыздар арасында финалда бас қарсыластары №61ОМ қыздарын жеңіп №37 ОМ қыздары жеңімпаз атанды. 5-6 класстың ұлдар арасында да № 37 ОМ оқушылары алдында болды. Финалда олар №49 ОМ командасымен кездесті.7-8 сынып арасында: №6 гимназияның қыздары жеңіске жетті, олар финалда №27 мектеп гимназиясының қыздарынан жеңісті ұтып алды.Ал шешу ойынында ұлдар арасында №6 мектеп гимназиясы №61 ОМ оқушыларынаң ұтылып қалды.
Ұйымдастырушылар турнирдің алды ойыншыларың да ескерді. Олар - 5-6 сынып арасында Арайлым Серикова (№61ОМ), Алия Турар (№37ОМ), Александра Комарова (№27ОМ), ұлдар арасында - Ернур Оразбаев (№49ОМ), Галымбек Сандыбек (№24ОМ), Аслан Тукенов (№37ОМ).
Спонсорлар, ұйымдастырушылар және қадірлі қоңақтар қолынан барлық жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.Қоңақ ретінде «Астана» БК директоры, олимпиада чемпионы Валерий Тихоненко болды. Финалдық ойындар «Сарыарқа» велотрегінде өтті.