Жаңа жыл – 2018
Көңілді шаттыққа бөлеп, жүрекке ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл. Жаңа жыл – бөбектердің де, ересектердің де сүйікті мерекесі. Ертегіге сенбесек те, жүрегіміздің түкпірінде Жаңа жылдан бір сиқырды күтіп бақыт тілейміз.Сол себептен де балалар мерекеге тыңғылықты дайындалып бар өнерлерін салады.
26-28 желтоқсан аралығында Аяған Шәжімбаев атындағы №3Явленка орта мектебінде Жаңа жыл ертеңгіліктері өтті. Ертеңгілікте балалар өздерінің дайындаған өлең-тақпақтарын, билерін көрсетіп көрермендерді, ата-аналарды таң қалдырды. Соңынан Аяз ата сыйлықтарына ие болды.