Кеш ұш бөлімнен құрылды. "Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы" бөлімінде ақынның өмір жолынан деректерге назар аударылды. "Поэзия жүрек тілі" бөлімінде оқушылар ақынның Отанына, туған жері Қарасазға, қазақ еліне, анаға арналған өлеңдері мен әндерін орындады. "Жас ақындар" бөлімінде оқушылар өз шығармашылығынан Мұқағали Мақатаевқа арналған өлеңдерін оқыды.