19 ақпан күні 5-11 сынып оқушылары арасында Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шыққанына 29 жыл толуына арналып өткізілген «Мен Ауған соғысы жайлы не білемін?» бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге және ардагерлерді құрметтеуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.
Сынып сағаттарында оқушылар «Мен Ауған соғысы жайлы не білемін?» тақырыпты аша білді. Әр сынып сағатында оқушылар мектебіміздің 5 түлегі Ауған соғыс ардагерлері А.Я. Шанц, А.А. Кравцов, О.И., Царьков, А.К. Давлетбаев, В.А. Нестеровтердің ерліктері жайлы айтып өтті. «Ауған соғысы» жайлы бейне таспаны көріп, соңында оқушылар өз ойларын ортаға салды. Сынып оқушылары Ауған соғысы жайлы өлең жолдарын оқып, Ауған соғысы жайлы бейнетаспаларды көрді.
Екінші сабақтан кейін 5- 11 сынып оқушылары әр ауысым бойынша саптүзеуге қатысты.
Кеңес әскерінің Ауғанстан аумағынан шыққанына 29 жыл толуына арналып өткізілген салтанатты саптүзеуде Ауған ардагерлерінің ерліктері жайлы айтылып, өлең жолдары оқылды. Саптүзеу соңында бір минуттық үнсіздік жарияланып, Ауған ардагерлердің құрметіне 1 қабаттағы Интернационалист-ардагерлерге арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды.