Отрасли
Обсуждения
Новость

МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ: ТҮРЛЕРІ, ФОРМАЛАРЫ, ЖОСПАРЛАРЫ
2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ ФИЛИАЛЫ
ОҚО БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ
БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ
МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ:
ТҮРЛЕРІ, ФОРМАЛАРЫ, ЖОСПАРЛАРЫ
Мектеп басшыларына арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
ШЫМКЕНТ «Өрлеу» - 2014 ж.
|
ББК 74.204
УДК 371.1
М 41
Мектепішілік бақылау: түрлері, формалары, жоспарлары: әдістемелік құрал./ Құраст.: Искакова Л.Т., Есімханова Р., Дауылбаева Р. – Шымкент: «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ, 2014 – 56 б.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда мектепішілік бақылаудың түрлері, формалар туралы мағлұмат берілген. Сонымен қатар мектепішілік бақылау туралы ереже, бақылау жоспарларының үлгілері, тақырыптық бақылаулардың жоспар-тапсырмалары көрсетілген.
Әдістемелік құрал мектеп басшыларына арналған.
Пікір айтушы:
Ергешбаева Ш.Н. – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ОҚО
бойынша ПҚБАИ директорының орынбасары, п.ғ.к.
Атабаев Қ.Ө. – Шымкент қаласы №89 жалпы орта мектебінің директоры, п.ғ.к.
Әдістемелік құрал «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының ғылыми кеңесінде баспаға ұсынылған, №1 хаттама 28.01.2014ж.
© «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институты
МАЗМҰНЫ
- Кіріспе: мектепішілік бақылаудың
мақсат-міндеттері, қағидалары,
нысандары және кезеңдері…………………………………….3 бет
- Мектепішілік бақылау: түрлері,
формалары және әдістері………………………………………8 бет
- Мектепішілік бақылау құжаттары…………………………15 бет
- Зерттеу жүргізу жолдарының үлгілері.................................38 бет
- Пайдаланылған әдебиет…………………………………….53 бет
Мектепішілік бақылау: жоспарлау және ұйымдастыру.
І. Кіріспе: мектепішілік бақылаудың мақсат-міндеттері, қағидалары, нысандары және кезеңдері.
Мектепішілік бақылау – оқу-тәрбие үрдісінің барысы мен
нәтижелері туралы ақпаратты жинақтау
және өңдеу үдерісі.
Мақсаты: мектеп қызметінің деңгейін жетілдіру, мұғалімдер
шеберлігін көтеру, білім беру сапасын жақсарту.
Міндеттері:
- білім мекемесінің дамуына оңтайлы жағдайлар жасау;
- мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жағдайын диагностикалау, ұжым және оның жеке мүшелері жұмысындағы білім беру стандартынан ауытқуларды анықтау;
- мемлекеттік бағдарламаларды орындау, оқытудың және тәрбиенің қазіргі ғылыми негізделген әдістерін қолдану бойынша мұғалім қызметін тексеру;
- оқушылардың білім, білік, дағдыларының деңгейін анықтау, мұғалімдерге кәсіби шеберліктерін жетілдіру және дамыту мақсатында әдістемелік көмек көрсету;
- педагогикалық үдерісті жетілдіруге бағытталған әкімшілік пен педагогикалық ұжымның өзара әрекеттесуі.
Қағидалары:
- ғылымилық;
- өзектілік;
- жоспарлылық;
- ашықтық;
- тілектестік;
- өзара сыйластық.
Нысандары:
- оқу-тәрбие жұмысы;
- әдістемелік жұмыс;
- сабақтан тыс оқу-тәрбие жұмысы;
- эксперименттік және ғылыми-зерттеушілік жұмыс;
- педагогикалық үдеріске қатысушылардың өмірі мен еңбегін қорғау.
І. Оқу-тәрбие жұмысын бақылаудың негізгі құраушылары
Оқу-тәрбие жұмысы |
ІІ. Әдістемелік жұмысты бақылаудың негізгі құраушылары
Әдістемелік жұмыс |
|
|
|
|
ІІІ. Сабақтан тыс тәрбие жұмысын бақылаудың негізгі құраушылары
Сабақтан тыс тәрбие жұмысы |
ІV. Эксперименттік және ғылыми-зерттеушілік жұмысының
сапасын бағалау талаптары
Эксперименттік және ғылыми-зерттеушілік жұмысы |
|
|
|
|
|
- Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өмірі мен еңбегін қорғауды бақылаудың негізгі құраушылары
Педагогикалық үдеріске қатысушылардың өмірі мен еңбегін қорғауды бақылау |
|
|
|
|
|
Бақылау кезеңдері:
І. Дайындық кезеңі:
- мақсатты анықтау;
- бақылауды жоспарлау;
- бақылау түрі мен формаларын таңдау;
- стандарттарды анықтау;
- тексеру тобын құру;
- тексерушілерге нұсқау беру.
ІІ. Диагностикалық кезең:
- сабақтарға қатысу;
- бақылау жұмыстарын алу;
- құжаттамамен жұмыс;
- оқушылар сауалнамалары.
ІІІ. Ақпаратты талдау, мұғалімдермен әңгімелесу.
ІV. Қорытынды кезең:
- қорытындылар шығару;
- ұсыныстарды дайындау;
- қорытындыларды рәсімдеу;
- қорытындыларды талқылау (педкеңесте, т.б.)
- әдістемелік көмек көрсету.
Бақылау шарттары:
- мектептегі жұмыстың жағдайы туралы дер кезінде және нақты ақпарат беру;
- бақылаудың нәтижелілігі, мұғалімдерге қажеттілігі бойынша дер кезінде көмек көрсету, озат тәжірибені тарату;
- тексерушілердің жоғары мәдениеттілігі, олардың құзыреттілігі;
- күйзеліс жағдайлардың алдын алу, жақсы бастамаларды қолдау.
Бақылау нәтижелері қаралатын орындар:
- директор немесе оның орынбасарлары жанындағы кеңестерде;
- әкімшілік кеңестерінде;
- ӘБ отырыстарында;
- педагогикалық кеңестерде.
Бақылау нәтижелерін қорытындылау тәсілдері:
- анықтама;
- есеп;
- графикалық есеп;
- әңгімелесу, т.б.
ІІ. Мектепішілік бақылаудың түрлері,
формалары және әдістері.
Мектепішілік бақылау түрлері.
Бақылау түрі – бұл белгілі мақсатпен өткізілетін бақылау
формаларының жиынтығы.
Мектеп тәжірибесінде бақылаудың екі түрін ажыратуға болады: тақырыптық және жан-жақты.
Тақырыптық бақылау бүкіл оқу жылының барысында өткізіледі, оның мақсаты – педагогикалық ұжымның, әдістемелік бірлестіктің (ӘБ), бір топ мұғалімнің, жеке мұғалімнің немесе сынып жетекшісінің жұмысындағы нақты бір мәселені терең зерттеу (оқушылардың білім, білік, дағдыларының (ББД) деңгейі, мұғалім немесе сынып жеткешісі жұмысының сапасы, ӘБ жұмысының мазмұны оның проблемалық тақырыбына сәйкестігі, үйірме және факультатив жұмыстарының сапасы, сабақта қауіпсіздік ережелерінің сақталуы, қосымша сабақтардың өткізілуі, т.б.).
Тақырыптық тексеру оқу жылының кез-келген уақытында өткізіле береді.
Жан-жақты бақылау жылына екі-үш рет ғана жүргізіледі, оның мақсаты – оқу-тәрбие үдерісінің бір бағытын жан-жақты тексеру (әдістемелік жұмыс, оқу-тәрбие жұмысы, сабақтан тыс тәрбие жұмысы, ғылыми-зерттеушілік және эксперименттік жұмыс, т.б.) немесе әдістемелік бірлестіктердің, жеке мұғалімнің жұмысын жан-жақты тексеру. Егер біз жеке мұғалімнің жұмысын тексерсек, онда оның сабақтарға дайындығынан бастап, ол өткізетін сыныптан тыс іс-шаралармен аяқтаймыз (үйірме жұмысы, үлгерімі нашар оқушылармен сабақтан тыс жұмысы, т.б.). Егер бүкіл ӘБ жұмысы тексерілсе, онда да жоспарлаудан, ұйымдастыру жұмыстарынан бастап, сыныптан және мектептен тыс іс-шаралармен аяқтаймыз. Жан-жақты бақылау – бұл өте ауқымды іс, ұзақтылығы бойынша 10 күннен 20 күнге дейін созылады. Оны өткізу үшін арнайы 6-8 адамнан тұратын комиссия құрылады. Аталмыш тексеру жан-жақты дайындалып, оны өткізудің жоспарын жасағанда ғана тиімді болады.
Жан-жақты тексерудің тиімділігі, ол жеке мұғалімнің немесе бүкіл бірлестіктің, педагогикалық үдерістің барлық бағытындағы жұмысты көруге мүмкіндік береді. Жалпы жылына озат мектептерде 1-2 ӘБ және 2-3 пән мұғалімдерінің жұмысы фронталды түрде тексеріледі.
Мектепішілік бақылау формалары
Тақырыптық бақылау да, жан-жақты бақылау да түрлі формаларда өтілуі мүмкін. Форма дегеніміз бақылауды ұйымдастыру тәсілі.
Мерзімділігіне қарай келесі бақылау формаларын ажыратуға болады:
- Кіру (оқу жылының басында өткенді қайталау мақсатында);
- Алдын ала (мұғалім жұмысында кемшіліктерді жібермеу, олардың алдын алу мақсатында);
- Ағымдағы (бір тақырыпты аяқтағаннан соң немесе тоқсан, жартыжылдық соңында);
- Аралық ( сыныптан сыныпқа көшіру емтихандары);
- Қорытынды (9, 11 бітіруші сыныптардағы емтихандар, БМ жылдық жұмысының нәтижелері).
Тексеріліп жатқан нысандарға қарай білім мекемелерінде бақылаудың келесі формалары қолданылады:
- Жеке;
- Жалпысыныптық;
- Жалпыпәндік;
- Шолу;
- Кешенді;
- Ішінара.
Жеке бақылау жеке мұғалімнің қызметін бағалауды талап етеді. Көпшілігінде мұғалімге, әсіресе жас немесе тәжірибесі аз маманға көмек көрсету үшін пайдаланылады. Сонымен қатар, мұғалім аттестаттауы кезінде өткізіледі.
Жалпысыныптық бақылау кезінде басшылар бір немесе бірнеше күн бойы бір сыныптағы барлық сабақтарға қатысады. Жалпысыныптық бақылау өз құрамында тақырыптық бақылаудың да, жеке бақылаудың да, жан-жақты бақылаудың да элементтерін қамтиді. Сонымен қатар оның өзіндік те ерекшіліктері бар, өйткені ол бір топ мұғалімнің бір сынып оқушыларына педагогикалық әсерін бақылауға және салыстыру әдісі арқылы сол әсердің сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Жалпысыныптық бақылау басшыдан алдын ала жақсы дайындықты талап етеді. Әдеттегідей мұндай бақылауға “нашар” сыныптар таңдалады.
Жалпыпәндік бақылау барысында бір пәнді бірнеше сыныпта жүргізетін мұғалімнің қызметі тексеріледі (мысалы, бір пәнді 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін жүргізетін мұғалімдер бақыланады). Бұл бақылауда оқытудағы сабақтастық мәселелері қарастырылады, әр жас ерекшелігіне қарай оқушылардың білім жүйесінің қалыптасуы, танымдық қызметінің, жалпы білім, білік, дағдыларының дамуы тексеріледі.
Шолу бақылау қысқа мерзімде бүкіл ұжымның немесе оның бір бөлігінің кәсіби деңгейімен жалпы танысу мақсатында өткізіледі.
Шолу бақылау сонымен қатар мектеп құжаттамасының жағдайын, мұғалімдердің еңбек тәртібінің жағдайын, оқу-техникалық құралдардың жағдайын, оқу кабинеттерінің оқу жылы соңындағы жағдайын, оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуін тексеру үшін қолданылады.
Кешенді бақылау параллель сыныптардағы мәселелер жағдайын кешенді түрде тексеру мақсатында өткізіледі (мысалы, параллель сынып оқушыларының білім және тәрбие деңгейі, параллель сыныптардың жетекшілерінің жұмыс сапасы, параллель сыныптағы оқытудың сапасы, параллельдегі ата-аналар қызметінің орындалуы және т.б.).
Ішінара бақылау талабы бойынша басшы өз жоспарына сәйкес ескертусіз мұғалімдердің жеке сабағына қатысады. Мұндай тексеру мұғалім сабаққа қалай дайындалады, сынып белсенділігі қандай, яғни сабақтағы тұтас педагогикалық үрдістің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Мектепішілік бақылау үрдістерінің құрылымы
Бақылау формасы | Бақылау түрі | |
Фронталды | Тақырыптық | |
1 | 2 | 3 |
Жеке бақылау | Білім беру қызметінің барлық мәселелері бойынша бір мұғалімнің жұмысын бақылау (мұғалім аттестаттауы кезінде өткізіледі) | Белгілі бір тақырып бойынша мұғалімнің (сынып жетекшісінің) жұмысын бақылау (оқыту қызметінің тиімділігі, мұғалімнің жалпы әдістемелік деңгейі немесе оның қызметінің бір жағын бақылау, мысалы, дарынды балалармен жұмыс, т.б.) |
Жалпы-сынып-тық бақылау | · Бір сыныпта (бір параллельде) жұмыс жүргізетін мұғалімдер, сынып жетекшілері, тәрбиешілер қызметін бақылау; · тәрбиедегі ата-аналар міндет-тірінің орындалуы; · ББД деңгейі, т.б. | Бүкіл сынып оқушыларын белгілі бір тақырып бойынша бақылау немесе нақты мәселе жағдайын зерттеу (мысалы, бір сыныптағы үй жұмысының көлемін зерттеу бойынша пән мұғалімдерін бақылау, т.б.) |
Жалпы-пәндік бақылау | Нақты пән бойынша оқушылардың ББД жүйесін қалыптастыруын бақылау, оқытудағы сабақтастық мәселелерін зерттеу (мысалы, бір пәнді 5-тен 11-шы сыныпқа дейін жүргізетін мұғалімдер бақыланады) | Нақты тақырып бойынша бір пәнді жүргізетін мұғалімдер бақыланады |
Шолу бақылау | Білім беру қызметінің жеке мәселелерін бақылау (мектеп құжаттамасының жағдайы; мұғалімдердің еңбек тәртібінің жағдайы; оқу-техникалық құралдардың жағдайы; оқу жылының соңындағы оқу кабинеттерінің жағдайы; оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі; т.б.) |
|
Кешенді бақылау | Параллель сыныптардағы мәселелер жағдайын кешенді түрде бақылау (мысалы, параллель сынып оқушыларының білім және тәрбие деңгейі, параллель сыныптардың жетекшілерінің жұмыс сапасы, параллель сыныптағы оқытудың сапасы, параллельдегі ата-аналар қызметінің орындалуы, т.б.) |
|
Орындаушысына қарай төмендегі бақылау формаларын ажыратады:
- Ұжымдық (бақылауға басқарудың барлық деңгейлері тартылады: әкімшілік, ӘБ жетекшілері, тәжірибелі мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар);
- Өзара бақылау (бақылауға ӘБ жетекшілері, тәжірибелі мұғалімдер және сынып жетекшілері тартылады);
- Өзін-өзі бақылау (бұл мүмкіндік ең тәжірибелі мұғалімдерге беріледі, олар белгілі мерзімде есеп беріп отыру керек);
- Әкімшілік жоспарлы бақылау (мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес мектеп директоры, оның орынбасарлары, ӘБ жетекшілері жүзеге асырады);
- Әкімшілік реттеуші бақылау (мектеп директоры және оның орынбасарлары жоспарда қарастырылмаған мәселелердің пайда болу жағдайында жүзеге асырады).
Мектепішілік бақылаудың әдістері
Бақылау әдісі – бақылауды жүзеге асыру тәсілі. Білім беру қызметінің жағдайын зерттеуде бақылаудың ең тиімді әдістері:
- байқау (бір нәрсені мұқият байқау арқылы зерттеу);
- талдау (себептерін анықтау, даму тенденциясын айқындау);
- әңгіме ( пікір алмасу мақсатында бір тақырып аясында іс жайындағы әңгіме);
- құжаттарды зерттеу (бір нәрсені анықтау, танысу мақсатында мұқият зерттеу)
- сауалнамалар (сұрау арқылы зерттеу);
- хронометраж (қайталана беретін әрекеттердің орындалуына жіберілетін уақытты өлшеу);
- білімді ауызша немесе жазбаша тексеру (білім деңгейін анықтау мақсатындағы сынақ);
- тестілеу (психологиялық диагностика әдісі);
- оперативті талдау (сабақты немесе өткізілген шараны артынша талдау).
Зерттеу әдістері
Зерттеу әдістері мынандай түрлерге бөлінеді:
- Эмпиризмдік әдістер:
- Тиісті нормативтік құжаттармен, әдістемелік нұсқаулармен танысу;
- Әдебиеттерді оқу;
- Педагогикалық бақылау;
- Сұрақ-жауап;
- Сауалнамалау;
- Тестілеу;
- Рейтинг;
- Мониторинг;
- Т.б.
- Тарихи-генетикалық немесе теориялық әдістер:
- Баяндау;
- Әңгіме;
- Сұхбат;
- Дәріс;
- Талдау;
- Жинақтау;
- Салыстыру;
- Топтау;
- Т.б.
- Интербелсенді әдістер:
- Дебат;
- Дөңгелек үстел;
- Көзбен шолу;
- Аукцион;
- Пресс-конференция;
- Әр түрлі білім сайыстары;
- Интеллектуалдық марафондар, ШОУ;
- Оқулар;
- Конференциялар (ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік);
- Ғылыми жобалар қорғау;
- Т.б.
ІІІ. Мектепішілік бақылау құжаттары
Мектепішілік бақылау туралы
ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер.
1.1. Осы Ереже ҚР «Білім туралы» Заңына, «Білім беру мекемесі туралы» типтік Ережеге, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулық хаттарына сәйкес жасалған.
1.2. Осы Ереже мектепішілік бақылауды өткізудің мазмұнын және тәртібін реттейді.
1.3. Мектепішілік бақылау – оқу-тәрбие үдерісінің барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты жинақтау және өңдеу үрдісі.
1.4. Мектепішілік бақылау туралы Ереже педагогикалық кеңесте бекітіледі, педкеңес оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
ІІ. Міндеттері:
- білім саласындағы заңдардың, түрлі деңгейдегі білім беруді басқару органдарының нормативтік құжаттарының және мектеп педкеңесінің шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- тәртіп бұзушылықтың негізінде жатқан себептерді талдау, олардың алдын алу шараларын қабылдау;
- педагогикалық ұжым қызметінің тиімділігін талдау және сараптамалық бағалау;
- педагогикалық қызметтің нәтижелерін зерттеу, білім беру үдерісін ұйымдастырудағы оңтайлы және жағымсыз жәйттерді анықтау және соның нәтижесінде педагогикалық тәжірибені тарату және негативті тенденцияларды жою бойынша ұсыныстарды дайындау;
- мектеп бойынша бұйрықтар мен өкімдердің жүзеге асырылу нәтижелерін талдау;
- бақылау барысында педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету.
ІІІ. Бақылаудың мазмұны:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын орындау;
- білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
- бекітілген білім беру бағдарламаларын және оқу жоспарларын жүзеге асыру, бекітілген оқу кестелерін сақтау;
- мектеп құжаттамасын жүргізу (жоспарлар, сынып журналдары, оқушылардың күнделіктері мен дәптерлері, сыныптан тыс қызметтің журналдары, т.б.);
- оқушылардың білім, білік, дағдыларының және білім сапасының деңгейі;
- жарғыны, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және мектептің басқа да локальдік актілерін сақтау;
- оқушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу тәртібін және олардың үлгерімін бақылауды сақтау;
- шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, кітапхананың жұмысы;
- тәрбие бағдарламаларын жүзеге асыру және олардың нәтижелілігі;
- оқушыларға медициналық қызмет көрсету және оларды тамақтандыруды ұйымдастыру;
- білім беру үдерісіне қатысушылардың еңбегін және денсаулығын қорғау;
- қабылданған ұжымдық шешімдерді, нормативтік актілерді орындау;
- оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) жағдайын бақылау;
- санитарлық ереже талаптарын орындау;
- мектеп директорының құзырлылығындағы басқа мәселелер.
ІV. Бақылаудың әдістері:
- сауалнамалау;
- тестілеу;
- әлеуметтік сұрау;
- мониторинг;
- ауызша және жазбаша сұрау;
- құжаттаманы зерттеу;
- әңгімелесу;
- хронометраж және басқа.
- Мектепішілік бақылаудың түрлері (мазмұны бойынша):
- тақырыптық (нақты бір мәселені, ұжымның, бірлестіктің, топтың, бір мұғалімнің немесе сынып жетекшісінің жұмысының бір бағытын терең зерттеу);
- жан-жақты (ұжымның, топтың немесе бір мұғалімнің екі немесе одан да көп бағыттар бойынша қызметін жан-жақты зерттеу).
VІ. Мектепішілік бақылау формалары:
- жеке;
- жалпысыныптық;
- шолу;
- ішінара;
- жалпыпәндік;
- кешенді.
VІІ. Ұйымдастыру.
7.1. Мектепішілік бақылау мазмұнының кез-келген мәселесінің жағдайын бақылау келесі кезеңдерден тұрады:
- бақылау мақсатын анықтау;
- бақылау нысанын таңдау;
- бақылау жоспарын құру;
- тексерушілерге жөн-жоба, нұсқау беру;
- бақылау формалары мен әдістерін таңдау;
- жұмыс жағдайы бойынша фактілерді айқындау;
- жұмыс жағдайын объективті бағалау;
- бағалау қорытындылары;
- оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру немесе кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар;
- кемшіліктерді жою мерзімін анықтау немесе қайта тексеру.
7.2. Бақылауды мектеп директоры, директор тапсырмасы бойынша оның орынбасарлары немесе арнайы құрылған комиссия жүргізеді.
Сарапшылар ретінде бақылауға басқа ұйымдар және жеке мамандар тартылуы мүмкін.
7.3. Мектеп директоры алда тұрған бақылаудың мерзімі және мақсаты туралы бұйрық шығарады, қорытынды материалдарды тапсырудың мерзімін белгілейді және қаралатын мәселелер бойынша тапсырма-жоспар береді.
7.4. Тақырыптық немесе кешендік тексерулердің мерзімі 15 күннен аспау керек, тексеру барысында сабаққа немесе басқа іс-шараларға кемінде 5 рет ену қажет.
7.5. Сарапшылар қажетті ақпаратты талап етуге, бақылауға қатысы бар құжаттаманы зерттеуге құқылы.
7.6. Жоспарлы бақылауды өткізуде айлық жоспарда оның мерзімі көрсетілген жағдайда мұғалімге қосымша ескерту қажет емес.
Төтенше жағдайда директор және оның оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары мұғалім сабақтарына алдын ала ескертусіз кіре алады.
7.7. Бақылауды өткізу үшін негіз бола алады:
- педқызметкердің аттестаттауға өтініші;
- жоспарлық бақылау;
- басқарушылық шешімді дайындау үшін жұмыс жағдайын тексеру;
- білім беру саласындағы бұзушылық туралы шағым.
7.8. Тексеру қорытындылары аналитикалық анықтама түрінде рәсімделеді, онда көрсетіледі:
- бақылау мақсаты;
- мерзімі;
- комиссия құрамы;
- бақылау барысындағы жүргізілген жұмыс (сабаққа қатысу, бақылау жұмыстарын өткізу, әңгімелесу, мектеп құжаттамасын қарап шығу, т.б.);
- фактілерді айқындау;
- қорытындылар;
- ұсыныстар;
- бақылау нәтижелері қаралатын орны (ӘБ, педұжымның мәжілісі, педкеңес, жеке және т.б.);
- күні және орындаушының қолы.
7.9. Тексеріліп жатқан педагогикалық қызметкер құқылы:
- бақылау мерзімін және оның қызметін бағалау талаптарын білуге;
- бақылаудың мақсатын, мазмұнын, түрлерін, форма және әдістерін білуге;
- қорытындылар мен әкімшілік ұсыныстарымен дер кезінде танысуға;
- бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда мектептің дау-жанжал (конфликттік) комиссиясына немесе жоғары тұрған білім берудің басқару органдарына өтініш жасауға.
7.10. Бақылау қорытындылары оның формасы, мақсат-міндеттеріне байланысты:
- педагогикалық немесе әдістемелік кеңес отырыстары, өндірістік мәжілістер өткізіледі;
- тексеру қорытындылары педагогикалық қызметкердің аттестаттауын өткізгенде ескеріледі.
7.11. Мектеп директоры бақылау нәтижелері бойынша шешім қабылдайды:
- сәйкес бұйрық шығару туралы;
- бақылаудың қорытынды материалдарын талқылау туралы;
- мамандарды шақырумен қайта бақылау өткізу туралы;
- қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы;
- қызметкерлерді мадақтау туралы;
- өз құзырлығындағы басқа шешімдер.
І тоқсандағы мектепішілік бақылау жүйесі
Қыркүйек.
Бақылау | Мақсаты |
Тақырыптық бақылау. Сабақтарға қатысу. | Инновациялық үдерістер жүйесімен танысу (орынбасарлар) |
Сынып журналдарын тексеру. | Оқушылардың мәліметтерінің толтыру сапасын бағалау. Рәсімделу жағдайы. |
5 сыныптардағы жалпысыныптық бақылау. | Оқытудың екінші сатысында оқуға оқушылардың бейімделуі. Олардың дайындығының сапасы. |
Тақырыптық әкімшілік бақылау. | Оқушылардың оқулықтар мен оқу құралдарымен қамтамасыз етілу деңгейін бағалау (директор орынбасарлары, кітапханашы, сынып жетекшілері) |
Тақырыптық жеке бақылау. Жас мамандардың және үнемі әдістемелік көмекті қажет ететін мұғалімдердің сабақтарына ену. | Мұғалімдер дамуындағы қиын-дықтарды анықтау және алдын алу. |
Қазан-қараша
Оқушылар дәптерлерін тексеру. | Тексеру сапасы және жеке өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың жүйесі (ӘБ жетекшілері, директор орынбасарлары) |
9 сыныптардағы жалпысыныптық бақылау. | Оқытудың үшінші сатысында оқуды жалғастыруға оқушылар дайын-дығының деңгейі (директор орынбасарлары) |
Оқушылар білім сапасының жүйесін диагностикалау. | Тұлғаға бағытталған оқытуды ұйымдастыру (директор орынба-сарлары, ӘБ жетекшілері) |
Сынып журналдарын тексеру. | Бағдарламалардың орындалуы. Оқу-шылар аттестаттауының сапасы. |
______/______ оқу жылының І жартыжылдығында
мектепішілік бақылауды ұйымдастыру
| Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан |
Құжаттама жағдайы | Жеке іс-қағаздарды тексеру (тізімдік құрамы).
Анықтама | Сынып жур-налдарын, үйірме және факультатив журналдарын тексеру.
Анықтама | Журналдарды қабылдау.
Анықтама | Сынып жур-налдарын тексеру (бі-лімді бақы-лау және есепке алу жүйесі)
Анықтама |
Жеке бақылау | Жаңадан келген мұға-лімдердің сабақтарына қатысу Жеке әңгімелер | Аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің сабақтарына қатысу Аттестаттауға дайындық | ||
Тақырыптық бақылау |
| Математика сабақтарын-да үлгерімі төмен оқушы-лармен жұмыс ДМ |
| Факультатив және үйірме жұмыстарын тексеру
Анықтама |
Жан-жақты бақылау |
|
| Орыс тілі мұ-ғалімдерінің ӘБ жұмысы ПК |
|
Жалпысынып-тық бақылау | 1,5 сыныптардағы оқушы-лардың жаңа жағдайларға бейімделуі. Педконсилиум |
|
| |
Оқушылар-дың ББД бақылау | Оқушыларды тестілеу. Оқу-шылар білімін есепке алу. ДМ | І тоқсан бой-ынша ба-қылау жұ-мыстары
ӘБ анықтамасы |
| ІІ тоқсан бой-ынша бақы-лау жұмыс-тары
ӘБ анықтамасы |
Шұғыл (оперативтік) бақылау | Оқушылар, ата-аналар және т.б. тарапынан түскен шағымдар бойынша | |||
|
Мектепішілік бақылаудың үлгі жоспары
Жалпысыныптық бақылау
Мерзімі | Мазмұны | Жауаптылар | Қарала-тын орны |
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазан | 1. 1 сыныптарға қабылданған балалардың бейімделу жағдайлары.Психологиялық мониторинг. 2. Жаңадан құрылған сынып-тардағы сынып жетекші-лерінің жұмыс жүйесі. | Оқу ісінің меңгерушісі, психолог
Тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары | Педконси-лиум
Әкімшілік кеңес |
Қараша | 1. Бастауыш және орта мектеп арасындағы сабақтастықтың жүзеге асырылуы (5 сыныптар)
| Оқу ісінің меңгерушісі, психолог
| Педконси-лиум |
Желтоқ-сан | 1. Тәртібі қиын балалармен жұмыс жағдайы (7 сыныптар)
| Тәрбие жұ-мысы бойын-ша директор орынбасары, оқу ісінің меңгерушісі | Әкімшілік кеңес |
Қаңтар | 1. ҰБТ-ға дайындау бойынша пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің жұмыс жүйе-сі. | Оқу ісінің меңгерушісі | Әкімшілік кеңес |
Наурыз | 1. 9 сыныптардағы үлгерімнің және кәсіпке бағдарлау жұмысының жағдайы.
| Директор орынбасарлары | Әкімшілік кеңес |
Сәуір | 1. 4 сынып оқушыларының оқытудың екінші сатысына өтуге дайындығы. 2. Пәндер бойынша бітіруші сыныптарда өткен мате-риалды қайталауды ұйым-дастыру. | Оқу ісінің меңгерушісі, психолог | Директор жанындағы кеңес Әкімшілік кеңес |
|
Тақырыптық бақылау
Мерзімі | Мазмұны | Жауапты-лар | Қарала-тын орны |
Қыркүйек | 1. Оқушылар білімін бақылау (кіру бақылау). 2. Оқушылардың сабаққа қа-тысуы. | Оқу ісінің меңгерушісі Тәрбие жұ-мысы бой-ынша дирек-тор орын-басары | ӘБ отырыс-тары Әкімшілік бақылау |
Қазан | 1. Тереңдетілген сыныптарда қазақ тілі оқытылуының жағдайы. 2. Бастауыш сыныптарда “Дү-ниетану” пәнінің оқыты-луының жағдайы. | Оқу ісінің меңгерушісі
Оқу ісінің меңгерушісі | Директор жанындағы кеңес Бастауыш сынып ӘБ |
Қараша | 1. Оқушылар өмірі мен ден-саулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мектепте са-нитарлық-гигиеналық ереженің сақталуы.
2. Ж.Қараев технологиясы бойынша оқытылып жатқан оқушылардың білім cа-пасының мониторингі. | Оқу ісінің меңгерушісі, директордың ӘШБ бойын-ша орынба-сары Оқу ісінің меңгерушісі
| Әкімшілік кеңесі
ӘБ отырыс-тары |
Желтоқ-сан | 1. 2-5 сыныптарда оқу техни-касын тексеру. 2. 4-11 сыныптарда математика мен қазақ тілі бойынша оқушылар білімінің деңгейі. 3. Информатика оқытылуының жағдайы. | Оқу ісінің меңгерушісі | Педкеңес
Әкімшілік кеңес |
Қаңтар | 1. Үйде оқытылатын балалармен өткізілетін сабақтардың сапа-сы және бағдарламалардың орындалуы. 2. Физика, химия, биология бойынша бағдарламалардың практикалық бөлімінің орын-далуы. | Оқу ісінің меңгерушісі | Әкімшілік кеңес |
Ақпан | 1. Әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысы. 2. Шет тілін бастауыш сы-ныптарда оқытуды ұйым-дастырудың ерекшеліктері. | Оқу ісінің меңгерушісі | Әкімшілік кеңес Бастауыш сынып, шет тілі ӘБ отырысы |
Наурыз | 1. Интернет-технологияларын қолдану арқылы дарынды балалармен жұмыс тәжі-рибесі. | Оқу ісінің меңгерушісі | Педкеңес |
Сәуір | 1. Жолда жүру ережелері бойынша білімді тексеру.
2. Оқушылармен жүргізілетін қосымша сабақтарды ұйым-дастыру. | Тәрбие жұ-мысы бойын-ша директор орынбасары Оқу ісінің меңгерушісі | Сынып жетекшіле-рінің ӘБ
Әкімшілік кеңес |
Мамыр | 1. Оқушылардың ҰБТ-ға, қо-рытынды аттестаттауға дайындығы. 2. Жазғы-сауықтыру мерзіміне дайындық. | Оқу ісінің меңгерушісі
Тәрбие жұ-мысы бойын-ша директор орынбасары | Үйлестіру кеңесі |
Маусым | 1. Қорытынды аттестаттау. Бітіру емтихандарын бақы-лау және өткізу. | Оқу ісінің меңгерушісі | Әкімшілік кеңес |
Персоналды бақылау
Мерзімі | Мазмұны | Жауаптылар | Қаралатын орны |
Қыркүйек - қазан | Әдістемелік көмек көрсету мақсатында жаңадан қабыл-данған мұғалімдердің жұмысқа дайындығын зерттеу.
| Оқу ісінің меңгерушісі | Әңгімелесу |
Қазан - қараша | Аттестаттаудан өтетін мұға-лімдердің жұмыс жүйесін талдау.
| Оқу ісінің меңгерушісі |
|
Қаңтар – сәуір | Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату мақ-сатында мұғалімдердің жұмыс жүйесін зерттеу. | Оқу ісінің меңгерушісі | Әдістеме-лік кеңес |
Жыл бойы | Пән мұғалімдерінің өзара сабаққа енуі. | Оқу ісінің меңгерушісі | Сабақтарды өзара талдау |
Құжаттаманың жүргізілуін бақылау
Мерзімі | Мазмұны | Жауаптылар | Қарала-тын орны |
Қыркүйек | 1. Оқушылардың жеке іс-қағаздарын тексеру. 2. Сынып журналдарының толтырылуы. | Оқу ісінің меңгерушісі | Оператив-тік мәжіліс. Анықтама |
Қараша | 1. Оқушылар бағаларының жинақталуы. Сынып журнал-дарында сабақ тақырыпта-рының дер кезінде жазылуы. | Директор орынбасар-лары | Оператив-тік мәжіліс. Анықтама |
Желтоқ-сан | 1. Математикадан жұмыс дәп-терлерінің жүргізілуі. 2. Үйірме журналдарының жүргізілуі. | Оқу ісінің меңгерушісі
| Оператив-тік мәжіліс. Анықтама |
Қаңтар | 1. Оқушылар күнделіктерінің жүргізілуін тексеру. 2. Оқу бағдарламаларының орындалуы, олардың күн-тізбелік жоспарға сәйкестігі. | Оқу ісінің меңгерушісі | Оператив-тік мәжіліс. Анықтама |
Ақпан | 1. Бақылау жұмыстары бағала-рының жинақталуы. | Оқу ісінің меңгерушісі | Оператив-тік мәжіліс. Анықтама |
Наурыз | 1. Тоқсандық бағалардың шы-найылығы (объективтігі). 2. Пән мұғалімдерінің күнде-лікпен жұмысы. | Оқу ісінің меңгерушісі | Оператив-тік мәжіліс. Анықтама |
Мамыр | 1. Оқушылардың жеке іс-қағаздары. 2. Оқу бағдарламаларының орындалуы. | Оқу ісінің меңгерушісі | Оператив-тік мәжіліс. Анықтама |
Мектепішілік бақылау үшін қажетті мәлімет
- Күнделікті мәлімет (оперативтік шешімдерді қабылдау үшін):
- педұжымның жұмыста болуы (жауапты: оқу ісінің меңгерушісі);
- оқушылардың сабаққа қатысуы (жауаптылар: сынып жетекшілері, сынып журналдарын тексеру);
- тәртіптің ағымдағы жағдайы (мектеп кезекшілігінің дәптері);
- мектептің санитарлық жағдайы (әкімшілік-шаруашылық бөлім бойынша орынбасар баяндамасы, мектеп кезекшілігінің дәптері).
- Апталық мәлімет (апталық әкімшілік кеңесінде қолданылады):
- мектеп бойынша тамақтандыру жағдайы туралы ақпарат (сынып жетекшілері);
- қызмет көрсету қызметкерлерінің жұмысы (әкімшілік-шаруашылық бөлім бойынша орынбасардың мәліметі);
- апталық сыныптан және мектептен тыс іс-шаралар (тәрбие жұмысы бойынша орынбасар);
- оқушылармен жеке жұмыс (сынып жетекшілері);
- мұғалімдердің және оқушылардың кезекшілі.
- Айлық мәлімет (директор жанындағы кеңесте, ӘБ отырыстарында пайдаланылады):
- оқу жоспарларының орындалу барысы;
- бағалар шоғырлануы, ББД тақырыптық есебі;
- үйірме және факультативтер жұмысы, пән апталықтарын өткізу;
- жас мамандармен жұмыс.
- Тоқсандық мәлімет (педкеңестерде, өндірістік мәжілістерде пайдаланылады):
- пәндер бойынша үлгерім, оқушылар тәртібі туралы мәлімет;
- сынып жетекшілері жоспарларының орындалуы;
- әлеуметтік жағдайы төмен жанұялар туралы мәлімет;
- сыныптардағы ата-аналар жиналыстары;
- ӘБ, кафедралар жұмысы
- Жартыжылдық мәлімет (арнайы оперативтік мәжілістерде пайдаланылады):
- әкімшілік бақылау жұмыстары;
- жалпымектептік оқушылар жиналысы;
- жалпымектептік ата-аналар жиналысы, конференциялар;
- мектеп кітапханасының жұмысы;
- мектеп кеңесінің отырыстары.
Жалпыға білім берудің орындалуын бақылаудың көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Оқушылардың сабақтарға қатысуы. |
Үй жұмысы. | |
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. | |
Ауру балалармен жұмыс. | |
Екінші жылға қалдырылған балалармен жұмыс. | |
Тәрбиесі қиын балалармен жұмыс. | |
Оқу-танымдық қызметке жоғары мотивациясы бар оқушылармен жұмыс («Алтын белгіге» үміткерлер, үздік оқушылар). | |
Дарынды балалармен жұмыс. | |
Оқушыларды тегін тамақтандырумен қамтамасыз ету. | |
Оқушылардың аралық аттестаттауын дайындау және өткізуді бақылау. | |
Оқушылардың қорытынды аттестаттауын дайындау және өткізуді бақылау. | |
|
Бағдарламалардың орындалуын бақылаудың көрсеткіштері
Көрсет-кіштер | Оқу жоспарларын орындауды бақылау. |
Пән үйірмелерінің жоспарларын орындауды бақылау. | |
Факультатив сабақтарының жоспарларын орындауды бақылау. | |
Жеке сабақ жоспарларын орындауды бақылау. | |
Бақылау, практикалық, лабораториялық жұмыстардың орындалуын бақылау. |
Оқу мекемелеріндегі эксперименттік және ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың негізгі формалары
Көрсеткіштер | Ғылыми-зерттеушілік жұмыстарды орындау (фундаменталды, ізденіс, қолданбалы). |
Оқулықтарды, оқу құралдарын, монографиялар, диссертациялар, мақалалар, ғылыми есеп, рецензиялар және қорытындылар жазу. | |
Білім беру мекемесі үшін жарғылар, ережелер, нұсқаулықтар, басқа басқарушылық және нормативтік құжаттарды дайындауына қатысу. | |
Теориялық қорытындыларды эксперттік тексеру, зерттеу бойынша алынған нәтижелерді жалпылау және ұсыныстар дайындау. | |
Ғылыми конференциялар, семинарларды дайындау және өткізу. |
Күнделікті бақылауды қажет ететін мәселелер
Бақылау мазмұны | Ақпа-ратты кім жинақ-тайды | Қашан | Қайда және қашан талқыланады |
Оқушылардың сабаққа қатысуы |
|
|
|
Ыстық тамақты ұйымдастыру |
|
|
|
Жеке көңілді талап ететін балалармен жұмыс |
|
|
|
Оқушылардың сыныптан тыс жұмысқа тартылуы |
|
|
|
Спорттық-сауықтыру жұмысы |
|
|
|
Мектеп Жарғысының сақталуы |
|
|
|
Бағдарламалардың орындалуы |
|
|
|
Оқытылу сапасы, білім сапасы |
|
|
|
Оқушылардың білімін ағымдық, тақырыптық және қорытынды есепке алу |
|
|
|
Оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру |
|
|
|
Педагогтардың курстық қайта даярлауы |
|
|
|
Жас мамандармен жұмыс |
|
|
|
Мектеп мүлкінің сақталуы |
|
|
|
Қауіпсіздік ережелерінің және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақ-талуы |
|
|
|
Санитарлық-гигиеналық ережені орындау жағдайы |
|
|
|
Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту және пайдалану |
|
|
|
Қаржылай-шаруашылық құжаттаманың жағдайы және қаржылық сметаны жұмсау |
|
|
|
Мектепті безендіру жұмыстары |
|
|
|
Мұғалім еңбегінің жағдайлары |
|
|
|
Мұғалімдер және мектептің қызмет көрсету қызметкерлерінің денсаулығы |
|
|
|
Мектепте оңтайлы психологиялық жағдайдың сақталуы |
|
|
|
Мектептегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс |
|
|
|
Мұғалімдер және оқушылардың әлеуметтік қорғауы |
|
|
|
… |
|
|
|
|
Тоқсанда кемінде бір рет бақылауды қажет ететін мәселелер
Бақылау мазмұны | Ақпарат-ты кім жинақ-тайды | Қашан | Қайда және қашан талқыланады |
Педкеңес жұмысы |
|
|
|
ӘБ және шығармашылық топ жұмысы |
|
|
|
Оқушылардың медициналық тексеруін өткізу |
|
|
|
Демалыс күндерді жоспарлау, дайындау және ұйымдастыру |
|
|
|
Ата-аналар және қоғамдық мекемелермен жұмыс |
|
|
|
Демеушілермен байланыс жасау |
|
|
|
Мектептің даму бағдарламасын орындалуын қорытындылау |
|
|
|
… |
|
|
|
|
Айына кемінде бір рет бақылауды қажет ететін мәселелер
Бақылау мазмұны | Ақпарат-ты кім жинақ-тайды | Қашан | Қайда және қашан талқыланады |
Мектептің жұмыс жоспарының орындалуы |
|
|
|
Кітапхана қорын толықтыру |
|
|
|
Тәрбиесі қиын балалармен жұмыс жағдайы |
|
|
|
Мектеп құжаттамасының жағдайы |
|
|
|
Үйірмелер, факультативтер жұмысын ұйымдастыру және жұмыс мазмұны |
|
|
|
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру |
|
|
|
… |
|
|
|
|
Тақырыптық бақылаулардың жоспар-тапсырмалары
1.«Оқушылардың сабақтағы өзіндік жұмысы» тақырыптық тексерудің жоспар-тапсырмасы.
Мақсаты: сабақта оқушылардың өзіндік жұмысын
ұйымдастырудың ерекшеліктерін, өзіндік жұмысқа
оқушылардың көзқарасын анықтау.
Қаралатын мәселелер:
- Өзіндік жұмыс сабақтың қай кезеңінде өткізілді?
- Өзіндік жұмысқа сабақта қанша уақыт бөлінді?
- Өзіндік жұмыстың деңгейі (репродуктивтік, жартылай-ізденіс, зерттеу).
- Өзіндік жұмыс формалары (жеке, жұптық, топтық).
- Өзіндік жұмыстың дифференциалдығы.
- Қорытындылау.
- Өзіндік жұмыстың қай формаларын оқушылар ұнатады?
Дидактикалық мақсаттары бойынша өзіндік жұмыстың түрлері:
- Жаңа білімді өз бетінше игеру машығын меңгеру.
- Білімді жетілдіру және оны практикада қолдана білу.
- Шығармашылық қабілеттерді дамыту.
2.«Сабақты ұйымдастыру және өткізуде санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы» тақырыптық тексерудің жоспар-тапсырмасы.
Мақсаты: сабақты өткізуде мұғалімдер санитарлық-гигиеналық
талаптарды қаншалықты сақтайтынын бағалау.
Қаралатын мәселелер:
- Кабинеттердегі температуралық талаптың сақталуы.
- Кабинет ауасын тазарту талабының сақталуы.
- Кабинет жарығына қойылатын талаптарды сақтау.
- Кабинет жиһаздарының арақашықтығын сақтау (парталар арасы, парта мен қабырға арасы, тақта мен парта арасы, т.б.).
- Сабақта сергіту сәттерінің өткізілуі.
- Оқытудың техникалық құралдарын пайдалануда санитарлық талаптарды есепке алу.
- Үй жұмысының көлемін бағалау.
- Кабинетте ылғалды тазалауды ұйымдастыру.
- «Оқушыларды оқытудағы үй жұмысының рөлі» тақырыптық тексерудің жоспар-тапсырмасы.
Мақсаты: оқушылардың үй жұмысына қойылатын санитарлық-
гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Қаралатын мәселелер:
- Сыныптар бойынша үй жұмысын дайындауға кететін уақыттың орта көлемі.
- Қай пәндер бойынша үй жұмысының орындалуына көп уақыт жұмсалады?
- Үй жұмысын оқушылар көпшілігінде қандай көңіл күйде орындайды?
- Үй жұмысын орындауда әдеттегідей кім көмек береді?
- Үй жұмысының орындалмауының себептері.
- Үй жұмысының деңгейлері (репродуктивтік, зерттеушілік).
- Үй жұмыстары оқушылар деңгейлеріне қарай беріле ме?
- Үй жұмысын орындау бойынша нұсқаулар беріле ме, кездесетін қиындықтар талқылана ма?
- «Сабақта дифференциалдық оқытуды жүзеге асыру» тақырыптық тексерудің жоспар-тапсырмасы.
Мақсаты: дифференциалдық оқытуды жүзеге асыру бойынша нақты мәлімет жинақтау.
Қаралатын мәселелер:
- Сабақта үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру:
- үлгерімі төмен оқушылар материалдың берілу қарқынына ілесе ала ма;
- мұғалім жаңа тақырыптың ең негізгі сәттеріне көңіл бөле ме;
- педагог үлгерімі төмен оқушыларының тақырыпты түсіну дәрежесін анықтайды ма;
- сабақ тақырыбына қызығушылықты ояту мақсатында түрлі әдістерді қолдана ма (көрнекілік, техникалық құралдар, т.б.);
- мұғалім өзіндік бақылау және өзара бақылау тәсілдерін үйрету бойынша жұмыс жүргізе ме;
- оқушылар арасында өзара көмек қалай ұйымдастырылған;
- оқушылардың танымдық қабілеттеріне сай жеке және топтық тапсырмалар дайындалған ба;
- үй жұмысын орындау бойынша нұсқаулар беріле ме, кездесетін қиындықтар талқылана ма;
- оқушылардың оқудағы қиындықтары есепке алына ма.
- Қабілетті оқушылармен жұмысты ұйымдастыру:
- жаңа тақырыпты қабілетті оқушылардың терең меңгеру жұмысын ұйымдастыруда қандай тәсілдер мен құралдар пайдаланылды;
- үйге шығармашылық таспырмалар берілді ме.
- Үлгерімі жақсы және үлгерімі қанағаттанарлық оқушылармен жұмыс жүргізу барысында дифференциалдық оқыту тәсілдері пайдаланылды ма?
- «Сынып журналдарының жүргізілуі» тақырыптық тексерудің жоспар-тапсырмасы.
Мақсаты: сынып журналдарын жүргізуге қойылатын бірыңғай
талаптардың орындалуын анықтау.
Қаралатын мәселелер:
- Оқушылар туралы ақпараттық мәліметтердің толтырылуы.
- Оқушылар сабаққа қатысуын есепке алу.
- Бағдарламаның орындалуы.
- Оқушы бағаларының шоғырлануы.
- Бағалардың объективтілігі (шынайылығы).
- Сабақта өткен тақырыптың жазылуы.
- Бақылау жұмыстарын өткізу нормалары.
- Бақылау жұмыстары бағаларының дер кезінде қойылуы.
- Үй жұмысының көлемі және мазмұны.
- Қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаудың жүргізілуі.
- Жүргізу эстетикасы.
- Дене тәрбиесі бойынша көрсеткіштер. Денсаулық парақтары.
- Үлгерім мен сабаққа қатысудың жинақ ведомостарының толтырылуы.
- «Оқушы күнделіктерінің жүргізілуі» тақырыптық тексерудің жоспар-тапсырмасы.
Мақсаты: күнделіктерді жүргізуге қойылатын бірыңғай
талаптардың орындалуын анықтау.
Қаралатын мәселелер:
- Оқушы күнделіктерінің сыртқы көрінісі, жүргізілу эстетикасы.
- Пән мұғалімдері туралы мәліметтер.
- Оқушы үлгерімі туралы ата-ананың ақпараттануы (ата-ана қолы).
- Оқушыларға, ата-аналарға ескертпелердің болуы және олардың этикаға сай келуі.
- Сабақ кестесінің және үй жұмыстарының жазылуы.
- Қатыспаған сабақтар есебі.
- Оқушылар білімінің ағымдағы есебі және күнделіктегі бағалардың сынып журналындағы бағаларға сәйкестігі.
- Оқушылар білімінің қорытынды есебі.
- Сынып жетекшісінің күнделіктерді тексеру сапасы және жиылығы (сынып жетекшісінің қолы).
10.Күнделіктерді жүргізу мәдениеті.
- «Оқушының жұмыс дәптерлерінің жүргізілуі» тақырыптық тексерудің жоспар-тапсырмасы.
Мақсаты: оқушы дәптерлерін тексерудің сапасын, бірыңғай
орфографиялық талаптың сақталуын анықтау.
Қаралатын мәселелер:
- Бірыңғай орфографиялық талаптың сақталуы.
- Дәптер сыртын толтырудың дұрыстығы.
- Каллиграфиямен жұмыс.
- Қатемен жұмыс.
- Жұмыс түрлері.
- Сынып жұмыстарының көлемі.
- Үй жұмыстарының көлемі.
- Деңгейлеп оқыту.
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
10.Жүргізу эстетикасы.
11.Тексеру мерзімділігі.
- «Оқу кабинеттерінің жаңа оқу жылына дайындығы» тақырыптық тексерудің жоспар-тапсырмасы.
Мақсаты: оқу кабинеттерінің жаңа оқу жылына дайындық
дәрежесін анықтау.
Қаралатын мәселелер:
- Оқу кабинетінің паспорты және жаңа оқу жылындағы жұмыс жоспары.
- Қауіпсіздік техникасы ережелерінің, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы.
- Кабинеттің оқу-әдістемелік оқыту құралдарымен қамтамасыз етілуі.
- Кабинет профиліне оқу-әдістемелік оқыту құралдардың, жабдықтаудың сәйкестігі.
- Кабинет профилі бойынша оқыту сапасын диагностикалау материалдарының болуы.
- Кабинет профиліне сай оқулықтармен, дидактикалық және үлестірме материалдармен қамтамасыз етілуі.
- Кабинет профиліне сай стенд материалдарының сәйкестігі.
- Оқу кабинетінің жұмыс кестесі.
8.«Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру» тақырыптық тексерудің жоспар-тапсырмасы.
Мақсаты: мұғалімнің сабақта оқушылар бойында танымдық
қызығушылықты дамыту дәрежесін анықтау.
Қаралатын мәселелер:
- Тақырып бойынша сабақ материалына қызықты фактілер кіріктірілген бе?
- Ойлау белсенділігін талап ететін материал пайдаланылды ма?
- Оқушылардың өзіндік жұмыс жүйесі қаншалықты ойластырылған?
- Сабақтағы қызметке оқуышлардың көзқарасы сабақ бойы өзгеріп тұрды ма?
- Мұғалім оқушыларды танымдық сұрақтарды қоюға ынталандырады ма?
- Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқушылардың өзіндік ізденісіне сүйене ме?
- Жаңа тақырыпты бірігіп талқылау ұйымдастырылды ма?
- Жеке оқушыларға көмек дер кезінде ұйымдастырыла ма?
- Мұғалім оқушылардың өз мүмкіндіктеріне сенімін қаншалықты көтермелейді?
10.Мұғалім танымдық белсенділікті көтерудің қандай формаларын пайдаланады?
Қазақ тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысын
жан-жақты тексерудің жоспары
- ӘБ ұйымдастырушылық жұмысы: жылдық жұмыс жоспары; отырыс хаттамалары; ӘБ мүшелерінің баяндамалары.
- Жалпымектептік проблемалық тақырыпты жүзеге асыру мақсатында ӘБ қандай жұмыстар атқарып жатыр?
- ӘБ алдында тұрған міндеттерді әрбір мүшесі өз жұмысында қалай орындап жатыр?
- ӘБ мұғалімдерінің сабақтары қазіргі талаптарға сай ма?
- Жазба жұмыстарының жүйесі және оқушы дәптерімен жұмыс.
- Мемлекеттік бағдарламалардың және жазба жұмыстарының міндетті минимумының орындалуы.
- Оқушылардың ББД сапасын тексеру, осы мақсатта жазба бақылау жұмыстарын өткізу.
- ӘБ жүргізіп жатқан сабақтан және мектептен тыс жұмыс.
Жалпысыныптық бақылаудың жоспары
- Оқушыларға мұғалім тарапынан қойылатын талаптардың біртұтастығы.
- Сабақ басында оқушылар көңілі пәнге, мұғалімге қаншалықты сәтті аударылады.
- Сабақта жаңа тақырып пен өткен тақырып арасындағы логикалық байланыс болды ма?
- Сабақта оқушылар қызығушылығын арттыратын жаңашыл әдіс-тәсілдер қолданылды ма?
- Теориялық білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын машықтандыруға сабақта көңіл бөлінді ме?
- Сабақта үлгерімі төмен және үлгерімі жоғары оқушылармен жұмыс қалай жүргізіледі?
- Сабақта үй жұмысы уақтылы беріле ме, оның қалай орындалуы түсіндіріле ме, көлемі шамадан аспай ма?
Үйірме сабақтарын бақылау және талдау бағдарламасы
- Сабақ тақырыбы.
- Мақсаттары.
- Жабдықтау: оқытудың техникалық құралдарын және көрнекі құралдарды сабақ барысында пайдалану.
- Мұғалім мен оқушылардың сабаққа дайындығының сапасы.
- Үйірмеге қатысушылардың саны. Сабаққа қатысу.
- Сабақ мазмұны: ғылымилығы, өмірмен, тәжірибемен байланысы. Жаңа білімді игеру, сабақ барысында оны пысықтау.
- Сабақтық тәрбиелік бағыты. Сабақтың мазмұны, әдістері мен ұйымдастырылуы арқылы тәрбиелеу.
- Үйірме сабағын өту әдістері. Оқушылардың өзіндік жұмысының көлемі, деңгейі, сипаты. Оқушылардың шығармашылық жұмысы.
- Оқушылардың үйірме сабақтарына көзқарасы, олардың тәртібі, қызығушылығы, белсенділігі.
- Сабақтардың нәтижелілігі: үйірме жұмысының оқушылардың білім сапасына және тіл мәдениетіне әсері.
ІV. Зерттеу жүргізу жолдарының үлгісі
І. ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- Жалпыға білім беруді қамтамасыз ету, оқушылар оқуына жағдайлардың ұйымдастырылуын бақылау.
Мақсаты:
- мектептің ықшам ауданындағы балалар саны туралы, оқуға тартылған және тартылмағандар туралы, әрбір оқушының нәтижелі оқуына жағдай жасалынғандығы туралы ақпарат жинақтау;
- жинақталған ақпарат негізінде балаларға қажетті көмекті көрсету бойынша жұмыс жүргізу.
Мазмұны:
- Ықшамаудандағы балаларды есепке алу, оларды мектептегі оқуға тарту.
- Ұзартылған күн тобын ұйымдастыру.
- Оқушылардың сабаққа қатысуы.
- Екінші жылға қалған оқушылармен жұмыс.
- Материалдық көмекке мұқтажыдығы бар оқушылармен жұмыс.
- Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету.
- Балалар құқығын қорғау бойынша жұмыс.
- Пәннің оқытылуын тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Комиссия мүшелері:
Мазмұны:
- Пән бағдарламасы бойынша күнтізбелік жоспардың құрылуы.
- Оқу бағдарламасындағы сағат санының қамтылуы.
- Әріптестердің сабағына қатысу, талдау жасау біліктігі.
- Мұғалімнің ізденіс деңгейі, жаңашылдығы.
- Пән бойынша жүргізілетін жазба жұмыстарының (диктант, бақылау, тест, практикалық-сарамандық, сынақ т.б.) қамтылуы және орындалу сапасы.
- Пән ерекшелігіне байланысты дәптерлердің жүргізілуі.
- Күнделікті сабақ жоспарының дидактикалық, әдістемелік талапқа сай жасалуы.
- Сабақ құрылымының сақталуы.
- Сабақ үстінде оқушылар қызметінің ұйымдастырылу деңгейі.
- Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне толық қамтылуы, қатыстырылуы.
- Оқушылардың деңгейіне байланысты жұмыстардың (үлгермеуші оқушылармен жұмыс, дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар) ұйымдастырылуы.
- Пән бойынша факультатив сабақтарының, таңдау пәндерінің, үйірме жұмыстарының жүргізілуі.
- Пән бойынша білім сапасы, көрсеткіштері (мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде).
- Пән бойынша шаралардың ұйымдастырылу барысы.
- Пән мұғалімдерінің сынып жетекшілерімен байланысы.
- Сынып журналының толтырылу сапасы, баға қоры.
- Т.б.
Бақылау қорытындысы:
Ұсыныс:
Бақылау жүргізген жауапты адамның қолы:
Бірлестік жетекшісінің бақылау қорытындысымен
танысқандығы жөніндегі қолы:
- Мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау.
Мақсаты:
- мектеп құжаттамасының жағдайы туралы ақпаратты жинақтау;
- жинақталған ақпараттың негізінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің деңгейі туралы, мұғалімдердің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды түсінуі және оларды өз қызметінде жүзеге асыра алуы қорытынды шығару;
- талдау негізінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша жұмысты жоспарлау.
Мазмұны:
- Сынып журналдары.
- Оқушылар дәптерлері.
- Күнделіктер.
- Оқушылардың жеке іс қағаздары.
- Сынып жетекшілерінің, әлеуметтік педагогтардың жұмыс жоспарлары.
- ӘБ жұмыс жоспарлары.
- Тақырыптық жоспарлар.
- Қаржы-шаруашылық қызметтің құжаттары.
- Мектеп кітапханасының құжаттары.
- Қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттар.
- Мұғалімдердің еңбек кітапшалары және жеке іс қағаздары.
- Оқушылардың жеке іс-құжаттарын тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Жауапты мұғалімнің аты-жөні:
Мазмұны:
- Сынып бойынша оқушы құжатының сыртының (файлының) бірыңғайлылығы.
- Оқушының аты-жөні, тегі, литерінің жазылуы.
- Файлдағы тиісті құжаттардың мазмұны мен тізімі.
- Оқушының жеке іс қағаз парағы, оқушы суретінің болуы.
- Мектепте қабылдану туралы ата-ана өтініші (0,1,10 сынып және жаңа келген оқушы).
- Туу туралы куәліктің көшірмесі.
- Медициналық анықтама.
- Жергілікті әкімшіліктің анықтамасы.
- Табель 1-9-10 сынып аралығы бойынша.
- 9 сыныпты бітіру туралы куәліктің болуы.
- Оқушының психологиялық картасы.
- Денсаулығына байланысты дене, еңбек, АӘД сабақтарынан босатылған болса, анықтамасы.
- Сынып журналын тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Жауапты мұғалімнің аты-жөні:
Сыныбы:
Мазмұны:
- Сынып журналының жүргізілуі, бағаның дұрыс қойылуы, түзетілмеуі.
- Тоқсан бойынша оқушылардың баға қоры.
- Журналдың жоспарға сай толтырылуы, мемлекеттік стандарттың орындалуы.
- Нашар оқушылармен жұмыс барысы.
- Оқушылардың сабаққа қатысуы.
- Үй тапсырмасының толтырылуы және оның көлемі.
- Факультатив, үйірме жұмыстарының толтырылуы.
- Жалпы оқуға тарту бетінің дұрыс толтырылуы.
- Денсаулық парағының толтырылуы.
10.Оқушылардың сабаққа келмеген күндерін толтыру парағымен жұмыс.
11.Оқушылар туралы жалпы мағлұмат парағы.
- Тоқсан бойынша оқушылардың баға қоры.
13.Журналдың адресатын толтыру, жалпы эстетикалық талаптың
орындалуы.
14.Журналдың тексерілуі, ескерту бойынша жасалған жұмыстар.
- Оқушылар күнделігін тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Жауапты мұғалімнің аты-жөні:
Сыныбы:
Мазмұны:
- Күнделіктің сырты, тазалығы.
- Сабақ кестесінің толтырылуы.
- Үй тапсырмасының нақтылығы.
- Оқушының баға қоры.
- Күнделіктің толтырылуы.
- Ата-ананың қолы.
- Сынып жетекшінің уақытымен тексеруі.
- Қосымша сабақ кестенің толтырылуы.
- Күнделіктің жалпы эстетикалық талапқа сай толтырылуы.
- Оқушы үйіне барудың жол сызбасының толтырылуы.
- Мұғалімнің жазбаша түрдегі ескертулері.
- Дәптердің жүргізілу сапасын тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Жауапты мұғалімнің аты-жөні:
Сыныбы:
Мазмұны:
- Дәптер сыртының дұрыс әрі толық толтырылуы.
- Дәптердің эстетикалық талапқа сай толтырылуы.
- Оқушы дәптеріндегі сынып жұмысының жүргізілуі.
- Үй тапсырмасының көлемі және оның орындалуы.
- Диктант, шығарма, бақылау жұмыстарының жүйелілігі және күнтізбелік жоспарға сәйкестігі.
- Қатемен жұмыс.
- Практикалық-лабораториялық жұмыстардың орындалуы.
- Оқушы дәптерінің уақытылы дұрыс тексерілуі, жұмыстың дұрыс бағалануы.
- Бірыңғай каллиграфиялық талаптың орындалуы.
- Сөздік жұмыстармен жұмыс барысы.
ІІ. ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
- Мектептің әдістемелік жұмысының жағдайын бақылау
Мақсаты:
- әдістемелік жұмыстың құрылымдық бөлімдері қызметінің және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жоғарылату бойынша жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін анықтау;
- жалпы әдістемелік жұмысты реттеу және түзету.
Мазмұны:
- Әдістемелік бірлестіктер және шығармашылық топтар жұмысы.
- Өз бетімен білім алу.
- Әдістемелік кеңес жұмысы.
- Әдістемелік күндер, әдістемелік апталықтарды дайындау және өткізу.
- Мұғалімдердің біліктілігін көтеру.
- Аттестаттау.
- Жас маманмен жұмыс.
- Жаңадан келген мұғалімдермен жұмыс.
- Озат педагогикалық тәжірибені қалыптастыру және қолдану.
- Ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды дайындау және өткізу.
- Пән бірлестігінің қызметін тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Комиссия мүшелері:
Мазмұны:
- Зерттелетін бірлестік, бірлестіктегі мұғалімдер саны.
- Тексерілетін ПБ жетекшісінің аты-жөні.
- Жоспарлау қызметі және оның орындалуы.
- Бірлестіктің өзекті мәселесі және оның жүзеге асу деңгейі.
- Бірлестік портфолиосы.
- Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім саны.
- Шығармашылық қызметтің ұйымдастырылу барысы.
- Мұғалім шығармашылығының оқушы шығармашылығының қалыптасуына ықпалы.
- Олимпиада, КҒА жұмыстарының ұйымдастырылуы.
- Бірлестік бойынша ашық сабақтар, апталықтар, онкүндіктер, конкурс, семинар, конференциялардың өтуі, сапасы.
- Озық тәжірибені зерттеу, тарату, насихаттау жұмыстары.
- Жас мамандармен жұмыс, тәлімгерлік жұмысының ұйымдастырылуы.
- Бірлестік мұғалімдерін аттестаттау жұмысы.
- Бірлестік мұғалімдерінің курстан өтулері.
- Пән мұғалімдерінің өздік білім көтеру жұмыстары.
- Өзара сабаққа қатысулары.
- Сабаққа өздік талдау жасауы.
- Бірлестіктің зерттеу, аналитикалық талдау қызметі (диагностика, рейтинг, мониторинг).
- Қатысқан сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларға жасалған талдаудың сапасы.
- Оқушылардың білім сапасына бірлестіктің ықпалы.
- Бірлестіктегі психологиялық ахуалдың қалыптасуы.
- Т.б.
- Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімін
(аты-жөні) түбегейлі тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Мазмұны:
- Жұмысты жоспарлауы.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуі.
- Педагогикалық проблемасымен жұмыс істеуі.
- Курстан өтуі.
- Басқа мұғалімдердің сабағына қатысуы.
- Қатысқан сабақтарына және тәрбие жұмыстарына талдау жасауы.
- ОПТ-ні зерттеуі, үйренуі.
- Аттестаттаудан өту құжаты.
- Ашық сабақтар беруі.
- Оқушылардың олимпиадада, КҒА, т.б. жұмыстарға қатысуы.
- Өз білімін көтеруі, жетілдіруі.
- Күнтізбелік жоспарының жүргізілуі.
- Сабақ жоспарының жүргізілуі.
- Сынып журналының жүргізілуі (сынып жетекшісі болса).
- Пән бойынша сынып журналының жүргізілуі.
- Сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарды атқаруы.
- Қоғамдық жұмыстарға қатысуы.
- Сабақ беретін сыныптарындағы оқушылардың білім сапасы.
- Сабақтың мақсатын қоюы және оның орындалуы.
- Сабақ мазмұнын сапалы, толық, нақты түсіндіре алуы.
- Психологиялық ахуалды қалыптастыруы.
- Сабақтың жылдамдығы, тығыздығы.
- Кезеңдер арасындағы байланыс.
- Кезеңдермен дидактикалық сәттердің байланысы.
- Қадағалауды ұйымдастыру.
- Сабақ әдісінің көп түрлілігі.
- Бақылау, диктант жұмыстарының дер кезінде алынуы және шынайы бағалануы.
- Оқушылармен қарым-қатынасы.
- Күнделік, дәптерлердің жүргізілуі.
- Сабақ беретін сыныбындағы және өз сыныбындағы оқушылар тәртібі.
- Жетім, жартылай жетім, жағдай нашар оқушылармен жұмысы.
- Оқушылардың сабаққа қатысуы.
- Салауатты өмір салтын ұстануы.
- Тәрбие жұмысына талдауы.
- Мұғалім, пән мұғалімі, сынып жетекшісімен байланысы.
- Мұғалімді жан-жақты тексеру
Мақсаты:
- Мұғалімнің әдістемелік және педагогикалық проблемасымен танысу.
- Мұғалімнің сабақтарына қатыса отырып, әдістемелік шеберлігімен танысу.
- Мұғалімнің сабақ беретін сыныптарындағы оқушыларының білім сапасын анықтау.
Мерзімі:
Тексеру комиссиясының мүшелері:
Құжаттармен жұмысы:
- Журналдың толтырылуы.
- Дәптер, күнделіктерді тексеру.
- Мұғалім портфолиосы.
- Оқушылардың жеке іс-құжаттарымен жұмысы.
Тәрбие жұмыстары:
- Сыныппен жұмысы.
- Ата-аналармен жұмысы.
- Жұртшылықпен жұмысы.
- Оқу кабинетін безендіруі.
Блоктар бойынша түсініктер:
І. Сабақты талдау параметрі .
ІІ. Дәптермен жұмыс.
- Сынып жұмыстарының саны, дер кезінде алынуы. Жеңілдігі мен қиындық деңгейі.
- Жазба жұмыстарының түрлері: үй жұмыстары, сынып жұмыстары, практикалық, зертханалық, бақылау жұмыстарының түрлері.
- Тексерілуі, жұмысты бағалауы, қатемен жұмыс түрлері.
- Дәптердің сырты, тазалығы, тексерілуі.
- Үй жұмысы мен сыныптағы жазба жұмыстарының көлемі.
- Орфографиялық талаптың орындалуы.
ІІІ. Оқушы күнделігімен жұмыс.
- Күнделіктің сырты, толтырылуы.
- Үй тапсырмасын жазуы.
- Оқушының баға қоры.
- Ата-анасының қолы.
- Сынып жетекшінің тексеруі, қолы.
- Оқушының сабақты қалдырған күндерінің толтырылуы.
- Сабақ кестесінің және қосымша сабақ кестесінің толтырылуы.
- Тоқсандық бағалардың қойылуы.
- Тәрбие жұмысына талдауы:
- Тәрбие жоспары, жоспардың орындалу барысы.
- Мемлекеттік рәміздермен жұмыс.
- Шығармашылықпен жұмыс істеуі.
- Педагогикалық проблемамен жұмысы.
- Сынып оқушылармен жұмыс.
- Ер балалармен, қыз балалармен арнайы жұмыс.
- Ата-аналармен жұмыс.
- Сыныптағы оқушының өзін-өзі ұстауы.
- Қиын оқушымен жұмыс.
- Азаматтық қорғаныс, ЖЖЕ, техн. Қауіпсіздік ережесінің сақталуы.
- Патриоттық тәрбие, азаматтық тәрбие, рухани тәрбие, салауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмыс.
- Құқықтық тәрбие бойынша жұмыс.
- Нашақорлық пен алкоголизмнің алдын-алу бойынша жұмыс.
- Кабинеттің безендендіруі.
VІ. Курстан өтуі.
Қорытынды.
Ұсыныс.
ІІІ. САБАҚТАН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ
- Сыныптан тыс тәрбие жұмысын бақылау.
Мақсаты:
- оқушылар тәрбиелілігінің деңгейі туралы, мұғалімдердің тәрбие жұмысының негізгі бағыттары бойынша жүргізген жұмысының жағдайы туралы ақпарат жинақтау;
- жинақталған ақпарат негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігі туралы қорытынды шығару, жұмыстағы кемшіліктерді анықтау, оңтайлы тәжірибені атап көрсету;
- талдау негізінде алдағы жұмысты реттеу және коррекциялау.
Мазмұны:
- Сынып ұжымдарының тәрбие деңгейі.
- Адамгершілік, эстетикалық тәрбие.
- Жұмыс нәтижесіне оқушылар жауапкершілігін жоғарылату.
- Оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру.
- Оқушылар кезекшілігін ұйымдастыру.
- Қоғамдық белсенділігін және азаматтық беделін тәрбиелеу.
- Ұжымдық шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру.
- Үйірмелер жұмысы.
- Сынып жетекшілері, әлеуметтік педагогтар жұмысы: тәрбие жұмыстарының жоспарлары, сыныптардың тәрбие іс-шараларына қатысуы, тәрбиесі қиын балалармен жұмыс, ата-аналармен жұмыс.
- Ашық тәрбие сағаттарын тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Мазмұны:
- Тәрбие жұмысының жоспары.
- Кабинеттің безендірілуі.
- Оқушылардың тәрбие жұмысына лайықты киінуі, сыртқы келбетінің сәйкестігі.
- Мұғалім мен оқушының психологиялық дайындығы.
- Тәрбие жұмысының мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі.
- Жүргізілген жұмыстың жоспарға сәйкестігі.
- Тәрбие жұмысының мақсатының нақтылығы және оның орындалуы.
- Оқушы мен мұғалімнің жауапкершілігі.
- Тәрбие жұмысының уақыт талабына сәйкестігі, тығыздығы.
- Оқушылардың өтілген тәрбие жұмысының мазмұнының психологиялық және жас ерекшелігіне сәйкестігі.
- Тәрбие жұмысында аудио-көрсетімділік, техникалық құралдардың пайдалануы.
- Мұғалімнің тәрбие жұмысына өзіндік жасаған сараптамасы.
- Жолда жүру ережесі бойынша атқарылған жұмысты тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Комиссия мүшелері:
Мазмұны:
- Жолда жүру ережесі, жоспары, оның орындалу барысы.
- Жолда жүру ережесі бойынша нұсқаулық журналының болуы және жүргізілуі.
- Сынып журналының толтырылуы. Нұсқаулық бойынша оқушылардың арнайы журналда тіркелуі.
- Мектеп бойынша ЖЖЕ-не тиісті бұйрықтар мен құжаттардың, ЖЖЕ-не жауапты адамның тағайындалуы.
- ЖЖЕ бойынша әкімшіліктің, мұғалімдердің арнайы мектепішілік құжаттармен жұмысы.
- Оқушылардың ЖЖЕ бойынша білімі.
- Мектепте және сыныпта ЖЖЕ бойынша аранайы бұрыштың болуы.
- ЖЖЕ бойынша сынып сағаттарының өткізілуі.
- Мектепте жарақаттанудан сақтану комиссиясының құрылуы және оның құрамы мен міндеттері.
- Жалпы мектеп және сыныптағы ЖЖЕ бойынша тәрбие сағаттары.
- Азаматтық қорғаныс ережесін тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Комиссия мүшелері:
Мазмұны:
- АҚ ережесі, жоспары, орындалу барысы.
- АҚ ережесі бойынша нұсқау (инструктаж) журналының болуы және жүргізілуі.
- Сынып журналдарының толтырылуы. Нұсқаулық бойынша оқушылардың арнайы журналда тіркелуі.
- Мектеп бойынша АҚ ережесіне жауапты адамның тағайындалуы.
- АҚ бойынша әкімшіліктің, мұғалімдердің арнайы құжаттармен жұмыс.
- Оқушылардың АҚ бойынша білімі.
- Мектепте және сыныпта АҚ бойынша бұрыштың болуы.
- АҚ бойынша сынып сағаттарының өткізілуі.
- Мектепте жарақаттанудан сақтану комиссиясының құрылуы және оның құрамы мен міндеттері.
- Жалпы мектеп және сыныптағы ЖЖЕ бойынша сынып сағаттары.
- Сыныптық жалпылама тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Комиссия мүшелері:
Мазмұны:
- Оқушылардың сабаққа қатысуы.
- Оқушылардың денсаулығы туралы туралы мәлімет.
- Оқушылардың сапалық құрамы /неше оқу озаты, екпіндісі т.б./
- Оқушылардың жеке іс-құжаттары.
- Оқушылардың күнделігі.
- Оқушылардың сабаққа қызығушылығын анықтау /анкета алу арқылы/
- Сыныптағы микропсихологиялық климат.
- Ата-аналар комитетінің жұмысы.
- Оқушылардың өзін-өзі басқаруы.
- Құқықтық тәрбие жұмысы.
- Эстетикалық, экологиялық тәрбие жұмыстары.
- Оқушылардың үйірме жұмыстарына қатысуы.
- КҒА, «Дарын», олимпиадаларға қатысуы.
- Оқушылардың пән мұғалімдерімен қарым-қатынасы.
- Оқушылардың білім сапасы (тест қорытындысы).
- Оқулықтың ұсталуы, дәптерлерінің жүргізілуі.
- Оқу кабинеттерінің безендірілуі.
- Сынып жетекшілерінің қызметін зерттеу
Мақсаты:
Мерзімі:
Комиссия мүшелері:
Мазмұны:
- Сынып жұмысын жоспарлау сапасы.
- Сынып жетекшісінің біліктілігі, білім жетілдіру деңгейі.
- Сынып оқушыларының сапалық құрамы.
- Сынып оқушыларының сабаққа қатысу деңгейлері.
- Оқушылардың үлгерім деңгейлері.
- Оқушылардың білім сапасына байланысты жұмыстардың ұйымдастырылуы (дарынды, қабілетті оқушылар, үлгерімі нашар оқушылар т.б.).
- Оқушылар арасындағы психологиялық қарым-қатынас жағдайы.
- Оқушылардың тәрбиелік деңгейі.
- Сынып жетекшісі жоспарының іске асу деңгейі.
- Тәрбие сағаттары мен сынып жиналыстарының жүргізілу сапасы.
- Қаралатын мәселелер мен жүргізілетін шаралардың оқушылардың жас ерекшелігіне байланыстылығы.
- Ата-аналармен байланыс.
- Сынып ата-аналарының мектеп, сынып өмірімен байланысы.
- Ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық-психологиялық шаралар және олардың құжаттарының жүргізілу сапасы.
- Оқушылар күнделіктерінің жүргізілу жағдайы және сынып жетекшісі тарапынан тексерілуі.
- Жетім, жартылай жетім, жағдайы нашар оқушылармен жұмыс.
- Салауатты өмір салтының сыныпта насихаттау барысы.
- Сынып жетекшісінің пән мұғалімдерімен байланысы, сабаққа қатысу деңгейі.
- Сынып оқушыларының мектеп өмірімен байланысы.
- Сынып оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сыныптан, мектептен тыс шараларға қатысу барысы.
- Сынып оқушыларының қоғамдық жұмыстарға қатысу деңгейлері.
- Т.б.
- 1-4 сыныптардағы тәрбие жұмысын жан-жақты тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Комиссия мүшелері:
Мазмұны:
- Оқушылардың сабаққа қатысуы.
- Тәрбие жоспарының іске асырылуы.
- Ата-аналар комитетінің жұмысы.
- Қиын оқушылармен жұмыс.
- Мектепішілік іс-шараларға қатысуы.
- Сыныптардағы қазақстандық патриотизмге баулу жұмысы.
- Салауатты өмір салты бойынша жұмыс.
- Ер балалармен, қыз балалармен жүргізілген жұмыстар.
- ҚР рәміздері бойынша білімдерін тексеру.
- Құқықтық тәрбие бойынша білімділігі.
- Адамгершілік тәрбиесі бойынша атқарылған жұмыстар.
- Эстетикалық тәрбие бойынша атқарылған жұмыстар.
- «Атамекен» бағдарламасының бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар.
- Оқушылар күнделігінің жүргізілуі.
ІV. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ӨМІРІ МЕН ЕҢБЕГІН ҚОРҒАУ
- Оқыту кабинетінің жағдайын тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Комиссия мүшелері:
Мазмұны:
- Кабинеттің материалдық-техникалық базасы;
- Кабинеттің паспорты;
- ҚР рәміздерінің орналасуы;
- Кабинеттің жоспары;
- Кабинеттің санитарлық-гигиеналық жағдайы;
- Кабинеттің талапқа сай безендірілуі:
- Эстетикалық талаптың орындалуы;
- Безендірудің мұғалімге, оқушыларға ықпалдық деңгейі;
- Кабинеттің техникалық қауіпсіздік журналы;
- Лабораториялық, практикалық жұмыстарды өткізу жағдайы;
- Кабинеттегі оқушылардың сыйымдылық жағдайы;
- Кабинет мүліктерінің сақталу деңгейі;
- Кабинетке жауапты адамның міндеттерінің болуы және орындалуы;
- Т.б.
- Қауіпсіздік ережесінің орындалуын тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Комиссия мүшелері:
Мазмұны:
- Қауіпсіздік ережесі бойынша кешенді және жылдық жоспардың болуы және іске асырылуы.
- Қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаулық журналының болуы және жүргізілуі.
- Кабинеттерде пән бойынша қауіпсіздік ережесін сақтау бұрышы, журналдың жүргізілуі.
- Мектеп бойынша ҚЕ тиісті бұйрықтар мен құжаттардың, ҚЕ-не жауапты адамның тағайындалуы.
- ҚЕ бойынша әкімшіліктің, мұғалімдердің, кіші қызметкерлердің міндеттері.
- Электротехникалық жағдай.
- Өртке қарсы құрал-саймандардың болуы, жабдықталуы.
- ҚЕ бойынша сынып сағаттарының өткізілуі.
- Мектепте жарақаттанудан сақтану комиссиясының құрылу және оның құрамы мен міндеттері.
- Жалпы мектеп және сыныптағы ҚТ ережесінің сақталу барысы.
- Салауатты өмір салтын және денсаулықты сақтауды бақылау.
Мақсаты:
- оқушылар мен мұғалімдер денсаулығының жағдайы туралы, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы туралы, денсаулықты қамтамасыз ету бойынша белгіленген іс-шаралардың барысы туралы ақпаратты жинақтау;
- жинақталған ақпарат негізінде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігі туралы қорытынды шығару.
Мазмұны:
- Оқушылардың, мұғалімдердің денсаулығын талдау.
- Оқу кабинеттеріндегі санитарлық-гигиеналық талаптың сақталуы.
- Аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау.
- Тиімді (рационалды) тамақтандырудың жүйесі.
- Сабақ кестесін жасауда санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.
- Оқушылардың оқу жүктемесінің көлемі.
- Жаңа жағдайда оқуға оқушылардың бейімделуі.
- Ауру балалардың үйде оқытылуын ұйымдастыру.
- Балалар жарақаттануының алдын алу.
- Спорт секцияларының жұмысы.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша сынып жетекшілерінің жұмысы.
- Мектептің материалдық-техникалық базасының жағдайын және қызметкерлер еңбегінің жағдайларын бақылау.
Мақсаты:
- мектептің материалдық-техникалық базасының жағдайы туралы, белгіленген іс-шаралардың барысы туралы ақпаратты жинақтау;
- мектептің материалдық базасын сақтау және жақсарту бойынша қызметті реттеу және түзетуді жүргізу.
Мазмұны:
- Бөлмелердің санитарлық-гигиеналық жағдайы.
- Мектеп ғимараты мен мүлкінің сақталуы.
- Кабинеттердің жабдықталуы.
- Ғимараттардағы өрт қауіпсіздігінің сақталуы.
- Қызмет көрсету персоналының еңбегін ұйымдастыру.
- Педұжым еңбегінің жағдайы.
- Кітапхана жұмысын тексеру
Мақсаты:
Мерзімі:
Комиссия мүшелері:
Мазмұны:
- Кітапхана жұмысының жұмыс жоспары және жүргізілуі.
- Оқырмандар формулярымен жұмыс барысы.
- Тақырыптық көрмелермен жұмыс барысы.
- Арнайы бұйрықтармен жұмыс барысы.
- Өтілген іс шаралармен жұмыс (конференция, пікірталастар т.б.).
- Оқулықтарға арналған есеп кітабының жүргізілуі.
- Инвентарь кітабымен жұмыс.
- Қазақ, орыс тіліндегі кітаптар саны.
- Оқулықтар және әдеби кітаптармен қамтамасыз етілуі.
- Кітапхана қорымен жұмыс барысы.
- Оқырмандармен жұмыс, олардың саны.
- Әдістемелік жұмыс.
- Жетім, көпбалалы отбасы балаларын оқулықпен тегін қамту.
Пайдаланылған әдебиет
- Валиева М. Мектеп қызметін басқару, бақылау жолдары. – Алматы, 2010.
- Валиева М. Мұғалім қызметінің ұйымдастырылу бағыттары. – Алматы, 2010.
- Есімбекова Б.О., Айтбаев Қ.К. Білім беру ұйымын басқаруды ұйымдастыру. – Алматы, 2010.
- Есімбекова Б.О. Білім сапасын басқару. – Алматы, 2010.
- Садвакасова З.М. Организационный менеджмент в образовании:
схемы и таблицы. – Алматы, 2006.
- Васильева Т.П., Елизарова Е.М. и др. Внутришкольный контроль:
организация, планирование, анализ. – Волгоград, 2007.
- Голубева Л.В. Административное управление в школе:
документация и отчетность. – Волгоград, 2007.
МАЗМҰНЫ
- Кіріспе: мектепішілік бақылаудың
мақсат-міндеттері, қағидалары,
нысандары және кезеңдері…………………………………….3 бет
- Мектепішілік бақылау: түрлері,
формалары және әдістері………………………………………8 бет
- Мектепішілік бақылау құжаттары…………………………15 бет
- Зерттеу жүргізу жолдарының үлгілері.................................38 бет
- Пайдаланылған әдебиет…………………………………….53 бет
Искакова Л., Есімханова Р., Дауылбаева Р.
Мектепішілік бақылау: түрлері, формалары,жоспарлары.
Баспасөзге қол қойылған: 00.00.2014ж.
Қағаздың пішімі XxY 1/16
Баспаханалық қағаз. Офсеттік мөр. Көлемі 6 б.п.
Тираж 50 дана. Тапсырыс № ... *
Комментарий
Опросы
Устраивает (1) | 1 |
Не устраивает (2) | 2 |