Отрасли
Обсуждения
Новость

Тест тапсырмалары
2018
Тест тапсырмалары
1.Қай ғасырда Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізе бастады?
а) XX ғасырдың басы;
ә) XIX ғасыр;
б) XVIII ғасыр;
в) XVII ғасыр.
- 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі себебі неде?
а) патша өкіметінің отарлык саясатының күшеюі;
ә) өкімшілік реформаның күшпен енгізілуі;
б) мал санының күрт төмендеуі;
в) қазақтардың майдан жұмысына алынуы.
- "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемагға айналды" деп айтқан қазақтың көрнекті қайраткері:
а) Т.Рысқұлов;
ә) М.Дулатұлы;
б) С.Сейфуллин;
в) А.Байтұрсынұлы.
- Дүниежузілік соғыс ауыртпалығына байланысты Верный уезінде қашан толқу болды?
а) 1916 жылғы маусым;
ә) 1914 жылғы ақпан;
б) 1916 жылғы қаңтар;
в) 1916 жылғы наурыз.
5.1916 жылғы көтерілістің басталуына қандай оқиға түрткі болды?
а) соғыстың ауыртпалығы;
ә) патшаның маусым Жарлығы;
б) революцияның әсері;
в) қоныстандырылу саясаты.
6.1916 жылға қарай патша өкіметі қазақтардың канша гектар жерін тартып алды?
а) 17 млнга;
ә) 30 млн га;
б) 32 млн га;
в) 40 млн га.
- 1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығында қазақтарға қатысты не айтылды?
а) қазақтардан майданға ұлттық әскери бөлімдер құру туралы;
ә) майдан кажетіне байланысты қазақтардың салықты көп төлеуі туралы;
б) майданның қара жұмысына қазақтардан адам алынатындығы туралы;
в) қазақтарды христиан дініне кіргізу туралы.
8.Жарлыққа сәйкес патша үкіметі қандай тактика қолданды?
а) халық арасында үгіт жүргізу;
ә) "бөліп ал да билей бер";
б) жергілікті байлармен ымыраласу;
в) кедейлерді күштеп әскерге алу.
- Патша жарлығына сәйкес Түркістан мен Дала өлкесінен қанша адам алу көзделді?
а) 100 000;
ә) 200 000;
б) 500 000;
в) 1000 000.
10.1916 жылғы козғалыс Қазақстанның қай жерінде болды?
а) Торғай, Жетісу;
ә) Орал, Торғай, Семей;
б) Торғай, Семей, Жетісу;
в) Қазақстанды түгел қамтыды.
11.1916 жылғы қозғалыс қай облыста белсенді түрде және ұзақ болды?
а) Сырдария;
ә) Семейде;
б) Торғайда;
в) Оралда.
- Кетеріліске шықкан халық бірінші кезекте нені жүзеге асырды?
а) отарлауға дейінгі басқару жүйесін қалпына келтірді;
ә) тізімдерді өртеді;
б) патша өкілдерін өлтірді;
в) патша өкіметімен келісімге келуге тырысты.
- Ұлт-азаттық қозғалыстың козғаушы күші кімдер болды?
а) қазақ зиялылары;
ә) қазақ жұмысшылары мен қолөнершілері;
б) кедейлер мен шаруалар;
в) хан тұқымдары мен байлар.
- Б.Әшекеев қай облыста көтерілістің жетекшісі болды?
а) Торғайдағы;
ә) Семейдегі;
б) Сырдариядағы;
в) Жетісудағы.
15.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың Торғай уезіндегі басшысы кім?
а) А.Иманов;
ә) Б.Әшекеев;
б) Т.Бокин;
в) С.Сейфуллин.
16.Қазақ көтерілісшілеріне көмек көрсетуге байланысты өткен қазақ-қырғыз сьезі қашан, қай жерде болды?
а) 1916 жылғы 8 тамыз — Ақсу жайлауы;
ә) 1916 жылғы 16 тамыз — Орынбор;
б) 1916 жылғы 16 тамыз — Әулиеата;
в) 1916 жылғы 8 тамыз — Верный.
17.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс сипаты жағынан қандай болды?
а) патша өкіметінің саясатына қарсы шықты;
ә) ұлттық алауыздыққа қарсы;
б) империализмге, отаршылдыққа қарсы;
в) дүниежүзілік соғысқа қарсы.
- Патша өкіметі қара жұмысқа қанша жас алуға тиіс болды?
а) 23-49;
ә) 19-43;
б) 18—45;
в) 19—40.
- Көтерілістің жеңілуінің басты себептері неде?
а) бытыраңқылығы, ұйымшылдығының жеткіліксіздігі;
ә) ауызбірліктің жоқтығы, басшылардың сатқындығы;
б) патша әскерінің күштілігі, көтерілісшілердің әлсіздігі;
в) осы айтылғандардың бәрі.
20.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы қандай?
а) ұлт-азаттық қозғалыска ұласты;
ә) ұлттық сана-сезімі өсті;
б) мемлекеттік басқару жүйесін қалпына келтірді;
в) социалистік революцияға ұласты.
- Патша монархиясы қашан құлатылды?
а) 1917 жылғы 25 ақпан;
ә) 1917 жылғы 27 ақпан;
б) 1917 жылғы 25 қазан;
в) 1917 жылғы 21 қараша.
- Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясы сипаты жағынан қандай болды?
а) социалистік;
ә) демократиялық;
б) буржуазиялық;
в) буржуазиялық-демократиялық.
- 1917 жылғы наурыз айында қай қалада жұмысшы және солдат Депутаттарының Кеңесі құрылды?
а) Өскеменде;
ә) Верныйда;
б) Орынборда
в) Пішпекте.
- Уақытша үкіметтің Қазақстандағы комиссарларынан кімді білесіңдер?
а) М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы;
ә) Ә.Жангелдин, Т.Бокин;
б) Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев;
в) С.Сейфуллин. С.Меңдешев.
- 1917 жылдың көктемінде Торгай облысында қандай ерекше жағдай сақталып қалған еді?
а) көтерілістер болып жаткан;
ә) қос өкімет өзара қырқысуда болган;
б) ескі үкіметтің жазалаушы отрядтары әлі ойран салып жүрген;
в) ұлтаралық, шиеленіс болып жатқан.
- 1917 жылғы шілдеде тыл жұмысынан қайтқандар қай қалада "Қара жұмысшылар одағын" құрды?
а) Акмолада;
ә) Сергиопольде;
б) Верныйда;
в) Оралда.
- Ақпан революциясынан кейін 7 облыстан және Ордадан делегаттар қатысқан жалпы қазақ съезі қашан, қай қалада болды?
а) 1917 жылғы 20—25 наурыз — Семейде;
ә) 1917 жылғы 21—26 шілде — Орынборда;
б) 1917 жылғы 1—6 тамыз — Оралда;
в) 1917 жылғы 19—24 қараша — Торғайда.
- Мұсылмандардын Бүкілресейлік 1 съезі қашан болды?
а) 1917 жылғы мамыр;
ә) 1917 жылғы шілде;
б) 1917 жылғы ақпан;
в) 1917 жылғы наурыз.
- Тұңғыш мұсылман партиясы — Түркістан Федералистер партиясы қашан құрылды?
а) 1917 жылгы қыркүйек;
ә) 1917 жылғы сәуір;
б) 1918 жылгы ақпан;
в) 1917 жылғы тамыз.
30.1917 жылы Акмолада қандай жастар ұйымы құрылды?
а) "Жас қазақ";
ә) "Қазақ жастарының революциялык ұйымы";
б) "Қазақ мұсылмандар ұйымы";
в) "Жас алаш".
31.Кадеттер Ақпан революциясынан кейін Семейде қандай газет шығарды?
а)"Свободная речь";
ә) "Правда";
б) "Искра";
в) "Эхо революции".
- Қос өкіметке қандай үкіметтер енді?
а) Пролетариат диктатурасы мен Уақытша үкімет;
ә) Пролетариат диктатурасы мен жұмысшы, солдат депутаттарының съезі;
б) Монархиялық үкімет пен уақытша үкімет;
в) Уақытша үкімет пен жұмысшы, солдат депутаттарының Кеңесі.
- "Алаш" партиясы қай жылы құрылды?
а) 1903 жылы;
ә) 1905 жылы;
б) 1916 жылы;
в) .
34.1917 жылдың жазына қарай эсерлер партиясының жергілікті ұйымдарының Кеңестерде рөлінің өсуіне не себеп болды?
а) мұсылман партияларымен одақ құруы;
ө) патша өкіметінің отарлау саясатын айыптауы;
б) ұйымда ұлт өкілдерінің көп болуы;
в) көтеріліске шақыруы.
- Ресейдегі кадет партиясы Ортальщ Комитетінің мүшесі болған қазақ:
а) Х.Досмұхамедов;
ә) Ә.Бөкейханов;
б) Ж.Ақбаев;
в) А.Ермеков.
36.1917 жылғы қыркүйек айында Орынбордағы жалпы қазақ съезі туралы материал жариялаған газет.
а) "Свободная речь";
ә) "Қазақ";
б) "Татар үні";
в) "Дала дауысы".
- 1905 — 1906 жж. I Думаға депутат болып сайланған "Алаш" партиясының негізін қалаушылардың бірі:
а) С.Асфендияров;
ә) Т.Рысқүлов;
б) С.Қожанов;
в) Ә.Бекейханов.
- "Оян, қазақ" атты саяси памфлеттің авторы кім?
а) М.Дулатұлы;
ә) Ә.Бөкейханұлы;
б) Ж.Аймауытов
в) М.Сералин
- «Мұсылмандар одағы» партиясы қашан кұрылды?
а) 1917 жылғы 17—20 қыркүйек;
ә) 1917 жылгы 20—25 қазан;
б) 1918 жылғы 6—11 сәуір;
в) 1918 ғ7—12 мамыр.
40.1917 жылғы 7 наурызда жұмысшы және солдат депутаттары Петроград кеңесі мен Мемлекеттік Дума мүшелерінін бірлескен мәжілісінде сөз сөйлеген қазақ, мемлекет кайраткері:
а) Т.Рыскұлов;
ә) О.Жандосов;
б) Ә.Жангелдин;
в) Ә.Бөкейханов.
- Кеңес өкіметінің Жер және бітім декреттерімен қатар қандай саясат жариялауы төңкерістің бүкіл ел көлемінде тез арада жеңіске жетуінде шешуші рөл аткарды?
а) ұлт саясаты;
ә) экономикалық саясаты;
б) әлеуметтік саясаты;
в) әскери коммунизм саясаты.
- Әулиеата, Перовск, Черняев, Қазалы, Орал, Атырау, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Верный, Акмола гарнизондары большевиктер жағына қашан шықты?
а) 1917 жылғы қараша;
ә) 1917 жылғы қазан;
б) 1917 жылғы желтоксан;
в) 1918 жылғы қаңтар.
43.1918 жылғы маусымда Орынборда контрреволюциялык теңкеріс жасап, өкімет билігін қазақтардың әүкіметінің қолына көшірген кім?
а) Колчак;
ә) Анненков;
б) Дутов;
в) Деникин.
- Түркістан Халык Комиссарлары Кеңесі қашан орнады?
а) 1917 жылғы 21—22 қазан;
ә) 1917 жылғы 17—22 қараша;
б) 1917 жылғы 15—22 қараша;
в) 1917 жылғы 17—22 желтоқсан.
- Қазақстанда Кеңес өкіметі ең бірінші қай қалада орнады?
а) Верныйда;
ә) Перовскіде;
б) Черняевте
в) Қазалыда.
- IV Бүкіл түркістандық төтенше съездің шешімімен қандай мемлекет құрылды?
а) Алашорда;
ә) Бұхар Республикасы;
б) Түркістан автономиясы;
в) Қазақ Республикасы.
- Түркістан автономиясының тұңғыш Төрағасы әрі ішкі істер министрі кім болды?
а) М.Тынышбаев;
ә) М.Шоқай;
б) А.Байтұрсынұлы;
в) Ә.Бөкейханов.
- Алашорда үкіметінің алғашкы төрағасы кім?
а) М.Шоқай;
ә) М.Тынышбаев;
б) Ә.Бөкейханов;
в) А.Байтүрсынұлы.
- "Алаш" партиясының бағдарламасының жобасы қай газетке жариялаңды?
а) "Айқап";
ә) "Свободная речь";
б) Қазақ";
в)"Правда".
- Торғай уезінде кеңес өкіметінің жеңіп шығуына үлес қосқан кім?
а) А.Иманов;
ә) Т.Бокин;
б) С.Сейфуллин;
в) Т.Рысқұлов.
- Оралда Кеңес өкіметі қашан орнады?
а) 1918 жылғы 15 желтоқсан;
ә) 1918 жылғы 15 қаңтар;
б)1918 жылғы 15 наурыз;
в) 1918 жылғы 15 қараша.
- Семейдегі өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына қашан кешті?
а) 1918 жылғы 16 ақпан;
ә) 1918 жылғы 16 қаңтар;
б) 1918 жылғы 16 маусым;
в) 1918 жылғы 16 желтоқсан.
- Қазақстанның қай жерінде контрреволюцияның қауіпті ошағы қалыптасты?
а) Атырау;
ә) Семей;
б) Верный;
в) Орал.
- Жетісу облысында Кеңес өкіметі қашан орнады?
а) 1918 жылғы қаңтар;
ә) 1918 жылғы ақпан;
б) 1918 жылғы наурыз;
в) 1918 жылғы сәуір.
- Қазақ депутаттары Кеңестерінің Ақмола уездік съезі кашан Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылдады?
а) 1918 жылғы наурыз;
ә) 1918 жылғы ақпан;
б) 1918 жылғы қаңтар;
в) 1918 жылғы сәуір.
- Кеңес өкіметінің Алашордаға қарсы күресі 1918 жылдың көктемінде неден көрінді?
а) "Қазақ" газетін жабудан;
ә) Алашорданы толық жоюдан;
б) Алашорда басшыларын тұтқындаудан;
в) Қазақ халқын қуғындаудан.
- Қазақстанда кеңес өкіметінің жеңуіне байланысты бірінші кезек қандай жұмыстар жүргізіле бастады?
а) бұрынғы басқару жүйесін қалдырды;
ә) қоныстандыру жұмысын қолға алды;
б) жаңа Кеңестік өкімет органдары құрылды;
в) өнеркәсіптерді мемлекет мүлкіне айналдыру.
- Қазак АКСР-ін күру жөніндегі дайындық жұмыстары неге тоқтап қалды?
а) Бірінші дүниежүзілік соғыстың әсерінен;
ә) жаңа өкімет органдарын құру нәтижесінде;
б) ақ гвардияшылар шабуылы;
в) шетел интервенциясы және азамат соғысы.
- Кеңес өкіметі патшалык ұлт саясатын жою үшін қандай шара қолданды?
а) ұлттар арасындағы езара қатынастарды реттеу комитеттерін құрды;
е) ұлтаралық Ревком құрды;
б) ұлттық татулық жөнінде үгіт-насихат жүргізілді;
в) арнайы курстар жүргізілді.
- Ақмолада халыққа білім беру бөлімін кім басқарды?
а) Ә.Жангелдин
ә)С.Сейфуллин;
б) Т.Бокин;
в) А.Иманов.
- Бөкей облысында халыққа білім беру комиссары кім болды?
а) А.Байтүрсынұлы;
ә) Ә.Жангелдин;
б) С.Меңдешов;
в) С.Сейфуллин.
- Қазақстанда қай жылы шетел интервенциясы және азамат соғысы басталды?
а) 1918 жылғы 20 маусым;
ә) 1918 жылғы 31 мамыр;
б) 1918 жылғы 20 қазан;
в) 1918 жылғы 31 шілде.
- Алғашқы кеңестік үлгідегі "Қазақ" атты әскер полкі қашан құрылды?
а) 1920 жылғы күзде;
ә) 1919 жылғы қыста;
б) 1918 жылғы күзде;
в) 1919 жылғы жазда.
- Черкасск қорғанысы кай жерде болды?
а) Орынбор маңында;
ә) Батыс Қазақстанда;
б) Солтүстік Қазақстанда;
в) Жетісуда.
- Ә.Жангелдиннің интернационалдық экспедициясы қай майданға қару-
жарақ әкелді? |
|
|
а) Ақтөбе майданына; |
|
|
ә) Түркістан майданына; |
|
|
б) Орал майданына; |
|
|
в) Жетісу майданына. |
|
|
|
|
|
66. Азамат соғысында қанша млн адам қаза |
тапты? |
|
а) 6 млн; |
|
|
ә) 8 млн; |
|
|
б)10млн; |
|
|
в) 4 млн. |
|
|
- Атамандар Дутов пен Анненковтың казактарының ерекше қатыгездігі мен жауыздығы туралы қандай газетте жазылды?
а)"Қазак";
ә) "Омский вестник";
б) "Правда";
в) "Известия".
- Семей қаласында 1927 жылғы шілдеде өткен ашық сот процесінде қай атаман жазаға тартылды?
а) Колчак;
ә) Дутов;
б) Анненков;
в) Деникин.
- Черкасск қорғанысының Қазақстаңдағы азамат соғысында кандай рөлі болды?
а) Колчак әскерін Орынборға жібермеді;
ә) Ақтөбе майданына тікелей жәрдемін тигізді;
б) Сібір контрреволюциясы мен Орта Азияның контрреволюциясының бірігуіне жол бермеді;
в) Орал майданы мен Жетісуда шабуыл тоқтатылды.
- Орал майданы қашан жойылды?
а) 1920 жылғы 5 қаңтар;
ә) 1917 жылғы 25 қазан;
б) 1920 жылғы 1 сәуір;
в) 1918 жылғы 18 кацтар.
- Бұрынғы Алашорда мүшелері мен Кеңес өкіметінің арасыңдагы ұлттық келісім тактикасына қол жеткізуде қай казак гуманисінің әрі ағартушысының еңбегі зор болды?
а) М. Дулатұлы;
ә) М.Шоқай;
б) Ә.Бөкейханов.
в) А.Байтұрсынұлы
72.«Әскери коммунизм» саясаты қай жылдары жүзеге асырылды?
а) 1931—1934 жылдар;
ә) 1921—1929 жылдар;
б)1918—1921 жылдар;
в) 1921—1925 жылдар.
- Қазак АКСР-ін құру туралы декрет қашан шықты?
а) 1920 жылғы 6 қазан;
ә) 1920 жылгы 1 тамыз;
б) 1920 жылғы 20 тамыз;
в) 1920 жылғы 5 желтоқсан.
- Қазақ АКСР-ін қүұрған Қүұрылтай съезі қашан, қай қалада шақырылды?
а) 1925 жылы 25 тамызда Қызылордада;
оә1921 жылы 10 ақпанда Ташкентте;
б) 1922 жылы 6 ақпанда Актөбеде;
в) 1920 жылы 4 қазанда Орынборда.
а) С.Сейфуллин;
ә) А.Байтұрсынұлы;
б) С.Меңдешов;
в) Ә.Бөкейханов.
- Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің тұңғыш төрағасы кім?
а) С.С.Песковский;
а) В.А.Радус-Зенкович;
б) А.Акушев;
в) А.Авдеев.
- Қазревкомның өзін "Қазақ елінің үкіметі" деп атаған Алашорданы тарату туралы шешімі қашан қабылданды?
а) 1920 жылғы 9 наурыз;
ә) 1920 жылғы 4 қазан;
б) 1919 жылғы 9 қаңтар;
в) 1918 жылғы 4 шілде.
- Қазревком қандай газет шығарды?
а) "Қазақ";
ө) "Большевик";
б) "Ұшқын";
в) "Қызыл сұңкар".
- Қазақстанда Кеңес өкіметі жолындағы күресті ұйымдастырушылардың бірі, Торғай облысының әскери комиссары, Дала өлкесінің Төтенше және әскери комиссары кім?
а) Ә.Әлібеков;
ә) Ө.Жангелдин;
б) Т.Бокин;
в) Ә.Әйтиев.
- Жетісу майданы қашан жойылды?
а) 1920 жылғы қаңтар;
ә) 1920жылғы ақпан;
б) 1920 жылғы наурыз;
в) 1920 жылғы мамыр.
- Қазақ халқының социализмге өтуі экономикадағы қандай саясатқа тұспа-тұс келді?
а) әскери коммунизм саясаты;
ә) ЖЭС;
б) өтпелі кезең;
в) бесжылдықтармен даму кезеңі.
- ЖЭС-ка көшуді мақұлдаған облыстық бірінші құрылтай қай қалада, қай жылы болды?
а) Орынбор –1921 жылғы маусым;
ә) Ташкент – 1921 жылғы мамыр;
б) Акмола – 1922 жылғы ақпан;
в) Семей – 1922 жылғы шілде.
- Қай қала 1920—1924 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болды?
а) Ташкент;
ә) Акмешіт;
б) Түркістан;
в) Орынбор.
84.Әскери коммунизм саясатына қарсы 1921 жылдың бас кезінде шаруалардың көтерілісі болған губернияны атаңдар.
а) Жетісу;
ә) Орал;
б) Астрахан;
в) Қостанай.
- 1921 жылғы жер реформасы негізінде 1916 жылы тартып алынған жерді қайтарып беру Қазақстанның қай бөлігінде жүргізілді?
а) Торғайда;
ә) Оңтүстік Қазакстанда;
б) Жетісуда;
в) Шығыс Қазақстанда.
- Салық төлеудің ақшалай формасы қашан енгізілді?
а) 1924 жылғы 11 ақпан;
ә) 1923 жылғы 20 қаңтар;
б) 1924 жылғы 1 қаңтар;
в) 1925 жылғы 1 қаңтар.
- Ауыл шаруашылығында ЖЭС-ке кешу қандай өзгерістермен көрінді?
а) Ұжымдастырудан;
ә) МТС-тердің құрылуынан;
б) Салықты салғыртпен алмастырудан;
в) Салғыртты салықпен алмастырудан.
- ЖЭС жылдарында Оңтүстік Қазакстанда мақта өсіретін қандай совхоз ұйымдастырылды?
а) "Пахтарал";
ә) "Мақтаарал";
б) "Арыс";
в) "Ленин".
- Жергілікті маңызы бар кәсіпорындар қандай кеңестің қарауына біріктірілді?
а) Қазақ қкеңесі;
ә) Губерниялық кеңес;
б) КСРО Орталық кеңесі.
в) КСРО Орталық кеңесі.
- ЖЭС жылдарында жұмыс істеген одақтық маңызы бар трестердің бірін атандар.
а) "Павлодарсоль" тресі;
ө) "Алтайзолото" тресі;
б) "Алтайказполиметалл" тресі;
в) "Казспирт" тресі.
- Карсақбайда қай жылдан бастап мыс ендіріле бастады?
а) 1926 жылы;
ә) 1927 жылы;
б) 1928 жылы;
в) 1929 жылы.
- 1927 жылы республикада қанша губерниялық жәрмеңке саудасы жұмыс істеді?
а)15;
ә)10;
б)13;
в) 20;
- ЖЭС қай жылға дейін созылды?
а) 1941 жылға дейін;
ә) 1937 жылға дейін;
б) 1932 жылға дейін;
в) 1929 жылға дейін.
- КСРО Халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдығы қай жылдарды қамтыды?
а) 1927—1931 жылдар;
ә) 1928—1932 жылдар;
б) 1929—1933 жылдар;
в) 1935—1940 жылдары.
- Қазақстан экономикасында бұрынгысынша халық шаруашылығының қай жағы басым еді?
а) ауыл шаруашылығы;
ә) өнеркәсіп;
б) ұсақ тауарлы өндіріс;
в) мал шаруашылығы.
- Голощекиннің "Кіші казан" бағытына сөйкес индустрияландыру идеясы қалай көрініс тапты?
а) өнеркәсіпті ірілендіру бағыты;
ә) өнеркөсіптегі отаршылдык қалдықтарды жоя отырып қайта құру;
б) өнеркөсіп орындарын шикізат көзіне жақын орналастыру;
в) өнеркәсіп саласын ірілендіру емес, ұсақ және орташа деңгейде ұстау.
97.Қазақстанды индустрияландырудың алғашқы құрылысын атаңдар.
а) Балкаш мыс қорыту комбинаты;
ә) Түрксіб теміржолы;
б) Шымкент қорғасын заводы;
в) Зырян полиметалл комбинаты.
- Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген академик кім?
а) Қ.Сәтбаев;
ә) И.М.Губкин;
б) Н.С.Курнаков;
в) Н.Н.Добромыслов.
- Жезқазған мысын зерттеген геолог-ғалымның есімін атаңдар.
а) И.М.Губкин;
ә) Н.С.Кункаев;
б) Семенов—Тян-Шанский;
в) Қ.Сәтбаев.
- Түрксібке көмектесу үшін РКФСР үкіметі жанынан ұйымдастырылған арнаулы комитетті кім басқарды?
а) С.Сейфуллин;
ә) Т.Рысқұлов;
б) Н.Нұрмақов;
в) С.Сәдуақасов.
- Түрксіб теміржолының 266,5 шақырым болатын учаскелерінін бірі – Жетісу жолы қанша айда салынды?
а) 3 айда;
ә) 9 айда;
б) 7 айда;
в) 5 айда.
- 5 жылға жоспарланған Түрксіб теміржолы қанша жылда салынып бітті?
а) 5 жылда;
ә) 3 жылда;
б) 4 жылда;
в) 3,5 жылда.
- Түрксіб теміржолы қай жылы пайдалануға берілді?
а) 1929 жылы;
ә) 1930 жылы;
б) 1931 жылы;
в) 1932 жылы.
- Соғысқа дейін Қазакстанда қандай қорғасын зауыты салынды?
а) Жезқазған;
ә) Шымкент;
б) Ащысай
в) Қарағанды.
- "Екінші Бакуге" айналған мұнай өнеркәсібін атаңдар.
а) Доссор;
ә) Ембі;
б) Маңғыстау;
в) Бесшатыр.
106.Индустрияландыру міндеті — КСРО өз бетінше өнім шығаратын машиналар мен жабдықтар еліне айналады деген тұжырым Қазақстанда орындалды ма?
а) индустрияландыру жүзеге асырылды;
ә) шикізат көзі ретінде база болып қала берді;
б) орта және ұсақ кәсіпшілік басым болды;
в) бесжылдық жоспарлар жоғарыдан күшпен жүзеге асырылды.
- 1930 жылдың ортасында бүкілодақтық көлемде жұмыла салынған Казақстандағы мыс балқыту комбинатын атаңдар.
а) Балкаш;
ә) Жезқазған;
б) Теміртау;
в) Лениногорск.
- Стаханов қозғалысының озаты, оның ізбасары болған қарағандылық шахтердің есімі кім?
а) Б.Ықыласов;
ә) Ш.Берсиев;
б) Т.Күзембаев;
в) А.Сафин.
- Республикада түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының түңғыш слеті кашан болды?
а) 1935 жылы желтоқсанда;
ә) 1934 жылы қарашада;
б) 1935 жылы қазанда;
в) 1936 жылы желтоқсанда.
- Еңбек ұжымдарындағы "жаппай стахановшыландырудың" қандай әсері болды?
а) жекелеген адамдарға рекордтар жасау үшін жайлы жағдайлар жасалды;
ә) ешқандай әсері болмады;
б) жаппай рекордтар жасауға кірісті;
в) индустрияландырудың даму қарқынын шапшаңдатуға зор үлес қосты.
- Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1935 жылы қанша пайыз болды?
а) 19,8%;
ә) 25%;
б) 38%;
в) 43%.
- Ұжымдастыру қарсаңында үкімет қандай шараны іске асырды?
а) ауыл шаруашылығы кадрларын дайындады;
ә) ірі байларды тәркіледі;
б) совхоздарды құрды;
в) жер-су реформасын жүзеге асырды.
113.1926 жылдың көктемінде ауыл еңбекшілері бұрын байлардың иелігінде болып келген жерден қанша млн га егістік жер алды?
а) 1,14млн га;
ә) 1,35млн га;
б)1,25млн га;
в)0,25млн га.
- Қазақстанда ірі байларды тәркілеу қай жылы басталды?
а) 1939 жылы;
ә) 1934 жылы;
б) 1928жылы;
в) 1925 жылы.
115.1928 жылғы 2 7 тамыздагы тәркілеу және жер аудару туралы декреттің шығу себебі неде?
а) теңгермешілік принципіне сүйене отырып;
ә) ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деп есептелді;
б) аграрлы реформаны жүзеге асыру үшін;
в) байлар мен жартылай феодалдардың қарсылық қозғалысының өрістеуіне байланысты.
- Ұжымдастыруды қашан аяқтау көзделді?
а) 1929 жылы;
ә) 1931 жылы;
б)1932 жылы;
в) 1933 жылы.
- Ұжымдастыру қандай әдіс-тәсілмен жүзеге асырылды?
а) келісімге келе отырып;
ә) әкімшілдік күштеу әдісімен;
б) ерікті түрде жүргізілді;
в) кедейлердің мүдделерін көздей отырып.
118.1931—1933 жылғы ашаршылық қарсаңындағы қазақ халқының саны қанша?
а) 10 млн;
ә) 7,5 млн;
б) 6,2 млн;
в) 4,3 млн.
- 1931 – 1933 жылғы ашарылықта қанша қазақ қырылды?
а) 2,1 млн;
ә) 3,5 млн;
б) 1,5 млн;
в) 0,5 млн.
120.1929 жылғы Қазақстандағы мал саны қанша болды?
а) 29,9 млн;
ә) 35,7 млн;
б) 38,6 млн;
в) 40,5 млн.
121.1933 жылғы 1 қаңтарда республикада қанша мал саны қалды?
а) 4,5 млн;
ә) 10 млн;
б) 25 млн;
в) 40,5 млн.
- Қазақстанда тек 1933 жылы ОГПУ өкілдері қанша адамды қамауға алды?
а) 25 000 астам;
ә) 20 000 астам;
б) 21 000 астам;
в) 22 000астам.
123.1931—1933 жылдары қанша қазақ республикадан тыс жерге кетті?
а) 1 миллионнан астам;
ә) 2 млн;
б) 0,5млн;
в) 2,2 млн.
- Республикадан тыс жерге көшіп кеткен қазақ халқының қаншасы Қазақстанға оралған жоқ?
а) 616 000
ә) 414 000:
б) 500 000
в) 1 000 000.
125.1930—1932 жылдары аштық тарихқа қандай атпен кірді?
а) "Зұлмат";
ә) "Жасанды аштык";
б) "Ұлы жұт"; а) "Кіші қазан".
- 1932 жылдың шілде айында жазылған "Бесеудің хаты" кімге арналды?
а) Сталинге;
ә) Голощекинге;
б) Құрамысовқа;
в) Калининге.
127.1933 жылы елдегі жағдайды баяндап Сталинге хат жазған қайраткер кім?
а) Ғ.Мүсірепов;
ә) М.Әуезов;
б) Т.Рысқұлов;
в) Е.Алтынбеков.
- Ұжымдастырудың сталиндік үлгісіне қарсы болған Созақ көтерілісі қашан басталды?
а) 1929 жылғы 27 кыркүйек;
ә) 1929 жылгы 29 кыркүйек;
б) 1930 жылғы 2 ақпан;
в) 1930 жылғы 26 наурыз.
- Қазақстанда ұжымдастыруға қарсы қанша жаппай толқулар мен көтерілістер болды?
а)152;
ә) 270;
б) 305;
в) 372.
- Бүкіл республикаға күшті әсер еткен, "бұзақы басмашылар қозғалысының көрінісі" деп бағаланған қай көтеріліс еді?
а) Созак көтерілісі;
ә) Бостандык көтерілісі;
б) Қорам болысындағы көтеріліс;
в) Бетпакққара көтерілісі.
- Қиыр Шығыстан корейлер Қазақстанға қай жылы көшірілді?
а) 1938 жылы қарашада;
ә) 1933 жылы қазанда;
б) 1932 жылы наурызда;
в) 1930 жылы қарашада.
- Екпінді колхозшылар съезі қашан болды?
а) 1934 жылы қарашада;
ә) 1935 жылы қаңтарда;
б) 1935 жылы ақпанда;
в) 1936 жылы мамырда.
- Сталиндік жаппай қуғын-сүргін қай жылдары болды?
а) 1928—1930 жылдар;
ә) 1931—1933 жылдар;
б) 1934—1936 жылдар;
в) 1937—1938 жылдар.
- Қазақ АКСР-і қашан Қазақ КСР-і болып құрылды?
а) 1921 жылы;
ә) 1925жылы;
б) 1936 жылы;
в) 1941 жылы.
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің тұңғыш сайлауы қай жылы болды?
а) 1932 жылы;
ә) 1934 жылы;
б)1936жылы;
в) 1938 жылы.
- 2 рет қуғын-сүргінге ұшыраған, қазақ тіл білімінің негізін қалаған қайраткер, ғалым кім?
а) А.Байтұрсынұлы;
ә) Ж.Аймауытов;
б) М.Дулатұлы;
в) Қ.Жұбанов.
137.1930 жылғы 4 сәуірде атуға үкім шығарылған қазак жазушысы кім еді?
а) А.Байтұрсынұлы;
ә) М. Дулатұлы;
б) Ж.Аймауытов;
в) С.Сейфуллин.
- Жазалау шараларының құрбаны болған тарихшы ғалымның есімі кім?
а) Н.Нұрмақов;
ә) С.Асфендияров;
б) М.Төлепов;
в) Е.Бекмаханов.
- Қазақ КСР-інің алғашқы Конституциясы қашан қабылданды?
а) 1936 жылғы желтоқсан;
ә) 1938 жылғы 15 наурыз;
б) 1936 жылғы 15 желтоқсан;
в) 1937 жылғы 18 маусым.
- Ақмола — Қарталы теміржолының қандай маңызы болды?
а) Орталық Қазақстанның өнеркесіпті аудандарын Оралдың оңтүстігімен байланыстырды;
ә) Қазақстанды Орта Азияның басқа республикаларымен байланыстырды;
б) Қазақстанды Ресейдің орталығымен байланыстырды;
в) Орталық Қазақстан мен Қазақстанның басқа аймақтарын байланыстырды.
- Бесжылдық қорытындысы бойынша Қазақстан мұнай мен көмір өндіруден нешінші орында болды?
а) бірінші;
ә) үшінші;
б) төртінші;
в) алтыншы.
142.1940 жылы республикада қанша ірі кәсіпорын жұмыс істеді?
а) 2580;
ә) 2660;
б)1800;
в) 3000.
- Соғыс қарсаңында ауыл шаруашылығында қанша жұмысшы еңбек етті?
а) 150 000;
ә) 120 000;
б) 46 000;
в) 100000.
- 1937 жылы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесіне қанша депутат сайланды?
а) 38;
ә) 40;
б) 44;
в) 52.
- Экономика мен мәдениет салаларында қол жеткізген табыстардың қандай теріс әсері болды?
а) халық өзінің салт-дәстүрін ұмытты;
ә) халықтың тұрмысы, әл-ауқаты әлсіреді;
б) Қазақстан Ресейдің көлеңкесіне айналды;
в) Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.
- Қанша қазақстандық ГУЛАГ-та азап шекті?
а) 100 000;
ә) 101 000;
б) 105 000;
в) 110 000.
- Репрессия жылдарында қанша қазақстандық жазықсыз атылды?
а) 50 мыңға жуық;
ә) 30 мыңнан астам;
б) 43 мыңдай;
в) 27 мыңнан астам.
- 1939 жылы социалистік жарыстың жеңімпазы ретінде Ленин орденімен марапатталған кәсіпорынды атаңдар.
а) Балқаш мыс қорыту комбинаты;
ә) Зырянов полиметалл зауыты;
б) Шымкент қорғасын зауыты;
в) Текелі полиметалл комбинаты.
149.1920 жылдары шыққан алғашқы суретті әліппенің авторы кім?
а) Ж.Аймауытов;
ө) А.Байтұрсынұлы;
б) С.Сейфуллин;
в) Ә.Бөкейханов.
- Орта мектепке арналган қазакқ тіліндегі алгашқы алгебра оқулығының
авторы кім?
а) Ә.Бөкейханов;
ә) Ж.Аймауытов;
б) Қ.Сәтбаев;
в) М.Дулатұлы.
- Алғашқы қазақша география оқулығының авторы кім?
а) Ж.Аймауытов;
ә) Қ.Сәтбаев;
б) М.Жұмабаев;
в) Ә.Бөкейханов.
- Қазақ мемлекеттік университеті қай жылы құрылды?
а) 1924 жылы;
ә) 1928 жылы;
б) 1934 жылы;
в) 1938 жылы.
- Алматыда ашылған алғашқы жоғарғы оқу орнын атаңдар.
а) Қазақ мемлекеттік университеті;
ә) Қазақ мемлекеттік медицина институты;
б) Қазақ педагогикалық институты;
в) Ауыл шаруашылығы институты.
- 1935 жылы шыққан "Қазақстанның көне заманнан бергі тарихы" кітабының авторы кім?
а) С.Асфендияров;
ә) Т.Рысқұлов;
б) Е.Бекмаханов;
в) М.Тынышбаев.
- Қазақстанда ең алғаш жоғары оқу орны қашан ашылды?
а) 1918 жылы;
ә) 1928 жылы;
б) 1938 жылы;
в) 1948 жылы.
- Қазақстан ғылымының дамуында 1932 жылы қандай жаңалык болды?
а) Қазақ КСР Ғылым академиясы құрылды;
ә) КСРО Ғылым академиясы Қазақстан базасы құрылды;
б) КСРО Ғылым академиясы Қазақстан филиалы құрылды;
в) Қазакстанды зерттеу қоғамы құрылды.
- "Қазақ халкқының 1000 әні" мен "Қазак халқының 500 әні мен күйі жинағын шығарған композитор-этнографтың есімін атаңдар.
а) А.Жұбанов;
ә) А.В.Затаевич;
б) Е.Брусиловский;
в) Б.В.Асафьев.
- "Ленфильм" киностудиясы түсірген тұңғыш қазақ көркем фильмі:
а) "Түрксіб";
ә) "Қыз Жібек";
б) "Амангелді";
в) "Қозы Көрпеш — Баян сұлу"
159.1927 жылы шыққан қазақтың қай романында 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, Ақпан революциясы мен Қазан төңкерісі, Азамат соғысы баяндалады?
а) "Менің құрдастарым";
ә)"Бекболат батыр";
б) "Тар жол, тайғақ кешу";
в) "Ботагөз".
- Тұңғыш қазақ ұлттық театры қандай пьесамен ашылды?
а) "Еңлік — Кебек";
ә) "Қыз Жібек";
б) "Отелло";
в) "Ревизор".
- Тұңғыш ұлттық қазақ театры қашан, қай қалада ашылды?
а) 1921 жылы Семейде;
еә) 1924 жылыОралда;
б) 1931 жылы Алматыда;
в) 1926 жылы Қызылордада.
- Театрдың тұңғыш режиссері кім болды?
а) Ә.Қашаубаев;
ә) Ж.Шанин;
б) С.Қожамқұлов;
в) А.Тоқпанов.
- Алматыдағы ұйғыр драма театры қашан ашылды?
а) 1926 жылы;
ә) 1928 жылы;
б) 1931 жылы;
в) 1933 жылы.
- Гете, Гейне, Горькийді алғаш аударған қазақ ақынының есімін атандар.
а) Ш.Қүдайбердиев;
ә) С.Торайғыров;
6) М.Жұмабаев;
в) С.Ерубаев.
- "Интернационалды" қазақшаға аударған кім?
а) Ж.Аймауытов;
ә) М.Жұмабаев;
б) І.Жансүгіров;
в) С.Сейфуллин.
- Корей театры қашан, қай қалада ашылды?
а) 1937 жылы Қызылорда;
ә) 1927 жылы Алматы;
б) 1931 жылы Шымкент;
в) 1928 жылы Семей.
- Қазақ мемлекеттік музыка (қазіргі опера жене балет) театры қашан ашылды?
а) 1930 жылы;
ә) 1932 жылы;
б) 1934жылы;
в) 1936 жылы.
- Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы қашан құрылды?
а) 1930 жылы;
ә) 1932 жылы;
б)1934жылы
в) 1936 жылы.
- Мескеуде қазақ өнерінің алғашкы онкүндігі қашан өтті?
а) 1936 жылы;
ә) 1937 жылы;
б) 1938 жылы;
в) 1939 жылы.
- Онкүндікте көрсеткен өнері үшін "КСРО Халык әртісі" атағы кімге берілді?
а) К.Байсейітоваға;
ә) Қ.Қуанышбаевқа;
б) Ә.Қашаубаевқа;
в) И.Байзаковқа.
- П.Г.Хлудовтың шәкірті, Қазақстаннын халық суретшісі атағын алғаш алған қазақ суретшісі кім?
а) Г.Исмаилова;
ә) Ә.Қастеев;
б) Ш.Уәлиханов;
в) С.Романов.
- Опера жөне балет театрында бір маусымда жүзден артық көрсетілген қойылымды атаңдар:
а) "Айман — Шолпан";
өә) "Қыз Жібек";
б) "Жалбыр";
в) "Қозы Көрпеш — Баян сұлу".
- Ұлттық қазақ театрына қай жылы Академиялық драма театры атағы берілді?
а) 1928 жылы;
ә) 1934 жылы;
б)1937 жылы;
в)1938 жылы.
- Фашистердің жоспары бойынша, КСРО жаулап алынғаннан кейін қандай отар елдің құрамына енуі керек еді?
а) Еділ — Орал колониясы;
ә) Кавказ колониясы;
б) Үлкен Түркістан;
в) Тұран.
- Немістер КСРО-ны қанша уақыт ішінде талқандаймыз деп есептеді?
а) 10—12 күнде;
ә) 1—2 айда;
б) 1 жылда;
в) 1,5 жылда.
- Соғыс әкономикасын соғыс жағдайына сай қайта құру деген нс?
а) экономиканы тек соғыс кажеттерін өтеу үшін қайта құру;
ә) қорғанысқа қажетті жаңа заводтар салу;
б) ауыл шаруашылығы өнімдерін майданға жіберу;
в) экономиканы басқаруды әскери комиссарларға беру.
- Генерал-майор Панфилов басқарган дивизия қай қалада жасақталды?
а) Ташкентте;
ә) Бішкекте;
б) Алматыда;
в) Қостанайда.
- Кеңес Одагынын Батыры Т.Тоқтаров қай жердегі шайқаста қаза тапты? а) Берлинді алуда;
ә) Мәскеу үшін шайқаста;
б) Ленинград қоршауында;
в) Жау тылында.
- Соғыс жылдарында әр гектардан 260 пұттан күріш жинаған атақты күрішшінің есімін атаңдар:
а) Ш.Берсиев;
ә) Ы.Жақаев;
б) З.Тамшыбаева;
в) Ы.Нұров.
180.1943 жылы әр гектардан 201 ц тары алып, дүниежүзілік рекорд жасаған кім?
а) Ш.Берсиев;
ә) Ким Ман Сам;
б) Ы.Жақаев;
в) Ы.Нұров.
- Қазақстанға қай майдан жақын болды?
а) Мәскеу;
ә) Ленинград;
б) Сталинград;
в) Курск.
- Сталинград үшін шайқаста өшпес ерлік жасап, қаза тапқан минометші қазақ жігіті кім?
а) С.Баймағамбетов;
ә)Т.Тоқтаров;
б) Қ. Аманжолов;
в) Қ.Сыпатаев.
- Сталинград шайқасының қандай маңызы болды?
а) неміс армиясының жеңілмейді деген аңызын жоққа шығарды;
ә) Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс болды;
б) неміс армиясын толық жойды;
в) неміс армиясы шегінді.
- Жаудың 37 ұшағын атып түсірген қазақстандық ұшқыш кім?
а) Л.Беда;
ә) Т.Бигелдинов;
б) И.Павлов;
в) С.Луганский.
- Днепр үшін ұрыста ерлік көрсеткен ең жас қазақ батырын атаңдар.
а) Ж.Елеусізов;
ә) К.Аухадиев;
б) А.Үсенов;
в) Х.Қалиуллин.
- Қ.Сәтбаев соғыс жылдарында қандай еңбегі үшін Мемлекеттік сыйлық алды?
а) қарудың жаңа түрін тапқаны үшін;
ә) майданға ақшалай көмек көрсеткені үшін;
б) Жезқазған мыс кенін зерттегені үшін;
в) Қазақ КСР Ғылым академиясын басқарғаны үшін.
- Соғыс жылдарында Украинада партизан отрядын басқарған қазақ жігіті кім?
а) Ә.Шәріпов;
е) Р.Қошқарбаев;
б) Қ.Қайсенов;
в) Н.Көмекбаев.
- Берлинге ту тіккен қазақ жігіті кім еді?
а) М.Ғабдуллин;
ә) Р.Қошқарбаев;
б) Қ.Қайсенов;
в) Б.Момышұлы.
- М.Мәметова қай қала түбінде өшпес ерлік көрсетті?
а) Невель;
е) Смоленск;
б) Гомель;
в) Харьков.
- Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры деген атаққа ие болды?
а) 50 мыңдай;
еә) 100 мыңдай;
б) 1 мыңдай;
в) 500-ге жуық.
- Қанша қазақстандық "Батыр" атағын 2 рет алды?
а) 2 адам;
ә) 4 адам;
б) 6 адам;
в) 10 адам.
- Кеңес Одағының Батыры атағын үш рет алған Шымкенттегі Чугуев әскери авиация училищесінің түлегі кім еді?
а) С.Луганский;
ә) И.Кожедуб;
б) И.Павлов;
в) Т.Бигелдинов.
- Соғыс қарсаңында Қазақстанға қанша поляк айдап әкелінді?
а) 100 000;
ә) 102 000;
б) 106 000;
в) 110 000.
- Соғыс жылдарында Қазакстанға қанша адам орналастырылды?
а) 890 698;
ә) 100 000;
б) 950 687;
в) 768 987.
- Алматы жастары қай ұшқышқа жойғыш ұшақ жасатып берді?
а) Т.Бигелдиновке;
ә) С.Луганскийге;
б) Л.Бедаға;
в) И.Павловқа.
- Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды?
а) 1945 жылы 22 мамырда;
ә) 1945 жылы 2 қыркүйекте;
б) 1945 жылы 9 мамырда;
в) 1945 жылы 2 мамырда.
- Екінші дүниежүзілік соғыс қашан аяқталды?
а) 1945 жылы 9 қыркүйекте;
ә) 1945 жылы 2 шілдеде;
б) 1945 жылы 2 қыркүйекте;
в) 1945 жылы 22 маусымда.
- Ғ.Мүсіреповтің соғыс жылдарында жазған романы қалай аталды?
а) "Өшпенділік";
ә) "Өмір не өлім";
б) "Шығанақ";
в) "Қазақ солдаты".
- Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары ақша реформасы қашан жүзеге асырылды?
а) 1945 жылы;
ә) 1946 жылы;
б) 1947 жылы;
в)1948жылы.
- Теөртінші бесжылдыкта өнеркесіп және азық-түлік тауарларының бағасы неше рет арзандатылды?
а) 2 рет;
ә) 1 рет;
б) 3 рет;
в) 4 рет.
- М.Әуезов өзінің «Абай» романының екінші кітабын қашан аяқтады?
а) 1949 жылы;
ә) 1948 жылы;
б) 1947 жылы;
в)1946 жылы.
- Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде қола және ерте темір дәуірінің археологиялык ескерткіші — Беғазы мәдениетін ашқан аса ірі қай тарихшының көзқарастары ғылымға жат деп жарияланды?
а) Массон;
ә) Алпысбаев;
б) Марғұлан;
в) Бекмаханов.
- Авторларының бірі Е.Бекмаханов болған "Қазақ ССР тарихы" атты күрделі еңбек қашан жарық көрді?
а) 1940 жылы;
ә) 1949 жылы;
б) 1943 жылы;
в)1946 жылы.
- Ащысай полиметалл комбинатының бір топ жұмысшылары мен ғалымдары прогрессивтік технологиялық процестерді жетілдіргені үшін қашан Лениндік сыйлықтың лауреаты болды?
а) 1960 жылы;
ә) 1965 жылы;
б) 1967 жылы;
в) 1966 жылы.
205.1965 жылы қай кен орны өзінің алғашқы мұнайын бере бастады?
а) Теңіз;
ә) Қарашығанақ;
б) Өзен;
в) Ақтөбе.
- Тың көтерген аймақтарды атаңдар.
а) Сібір, Солтүстік Кавказ, Қазақстан, Қиыр Шығыс;
ә) Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Орал, Еділ бойы, Солтүстік Кавказ;
б) Еділ бойы, Қазакстан, Орал, Қара топырақсыз Ресей;
в) Солтүстік Өзбекстан, Оңтүстік Сібір, Қазақстан, Украина.
207.1945—1948 жылдар аралығыңда Кеңес әскері қатарынан қанша адам босады (демобилизацияланды)?
а) 7 млн адам;
ә) 8 млн адам;
б) 6,5 млн адам;
в) 8 млн адам.
- 1947 жылы қай қорғасын мырыш комбинаты өз өнімін алғаш рет берді?
а) Шымкент;
ә) Риддер;
б) Өскемен;
в) Жезказған.
- Соғысқа дейінгі бесжылдықта П.Акуловқа, Ж.Әбдірахмановқа, Т.Күзембаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Олар қандай еңбектері үшін осындай атаққа ие болды?
а) жоғары өнім алғаны үшін;
ә) ғылыми жаңалықтары үшін;
б) жақсы шопан болғандықтан;
в) шахтадағы екпінді еңбектері үшін.
- 1950 жылы Мойынты — Шу теміржолын салу аяқталды. Жолдың ұзындығы қанша шақырым еді?
а) 600 шакырым;
ә) 500 шақырым;
б) 483 шақырым;
в) 385 шакырым;
г) 260 шақырым.
- Қаракөл қойлары 1950 жылдары Делидегі, Нью-Йорктегі, Познаньдегі халықаралық аукциондарға қатысқан Жамбыл облысының шопанын атаңдар.
а) М.Әлиасқаров;
ө) А.Жоланов;
б) М.Шәріпов;
в) Ж.Қуанышбаев.
212.1954 жылдың тамыз айының басына қарай Қазақстаңда қанша гектар тың жер жыртылды?
а) 6,5млн га;
ә) 13,4млн га;
б) 28 млн га;
в) 25млн га.
213.1960 жылы Қазақстанда малдың саны қанша болды?
а) 20 млн бас;
ә) 37,4млн бас;
б) 46,4 млн бас;
в) 50 млн бас.
214.1950 жылдары Шығыстың қай елдерімен Қазақстанның халықаралық байланыстары дамыды?
а) Жапония, Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг;
ә) Үндістан, Индонезия, Бирма, Непал, ҚХР;
б) ҚХР, Тайланд, Пөкстан, Гонконг;
в) Пәкстан, Оңтүстік Корея, Сингапур, Үндістан.
- Ю.А.Гагарин ғарышқа қашан ұшты?
а) 1959 жылғы 12 сәуірде;
ә) 1960 жылғы 12 сәуірде;
б) 1961 жылғы 12 сәуірде;
в) 1962 жылғы 12 сәуірде.
216.1962 жылы қазақ халқы Қазақстан тұрғындарының қанша пайызын
кқұрады?
а) 56%;
ә) 43%;
б) 34%;
в) 29%.
217.1975 жылы Алматыда шыққан "Аз и Я" кітабының авторы кім?
а) І.Есенберлин;
ә) О.Сүлейменов;
б) А.Бек;
в) Н.Нұрмақов.
- Қазақстан жерінде неміс автономиясын құруға Целиноград жастары қашан қарсы шықты?
а) 1979 жылғы маусымда;
ә) 1986 жылғы маусымда;
б) 1989 жылғы маусымда;
в) 1990 жылғы маусымда.
- Радиацияның әсеріне ұшыраған адамдардың денсаулығын медициналық тексеруден өткізу Қазакстанда қай жылдан бастап жүргізілді?
а) 1950 жылы;
өә) 1955 жылы;
б) 1962 жылы;
в) 1968 жылы.
- XX ғасырдың 1970 жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын ұсынған, сол үшін сотқа тартылып, түрмеде қайтыс болған ауыл шаруашылығы саласының кызметкері кім?
а) И.Головацский;
ә) С.Мұқанов;
б) И.Худенко;
в) Н.Ким.
221.1982 жылы қабылданған азық-түлік бағдарламасы неліктен нәтиже
бермеді?
а) ескі басқару жүйе аясында жасалғандықтан;
ә) шаруашылықтың түбегейлі мүддесін қорғамады;
б) экстенсивті тәсілдің жалғасуы;
в) аталғандардың барлығы.
- 1986 жылғы 17 – 18 желтоқсандағы Алматыдағы оқиғаның сипаты қандай болды?
а) демократиялық
ә) саяси;
б) ұлтшыл;
в) ұлт-азаттық.
- 2 Казақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Семей полигонын жабу туралы" Жарлыққа қашан қол қойды?
а) 1991 жылғы 28 сәуірде;
ә) 1991 жылғы 28 тамызда;
б) 1991 жылғы 28 қыркүйекте;
в) 1991 жылғы 28 желтоқсанда.
- Қазакстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басқару мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту туралы референдум қашан болды?
а) 1992 жылы;
ә) 1993 жылы;
б) 1994 жылы;
в) 1995 жылы.
- Ұлттық валюта — теңге қашан енді?
а) 1992 жылы;
ә) 1993 жылы;
б) 1994 жылы;
в) 1995 жылы.
- Н.Ә.Назарбаев "1986 жылғы 17—18 желтоқсанда Қазақстандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде" Жарлықты қашан шығарды?
а) 1989 жылғы 12 желтоқсанда;
ә) 1990 жылғы 12 желтоқсанда;
б) 1991 жылғы 12 желтоқсанда;
в) 1992 жылғы 12 желтоқсанда.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қашан Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қазақстанның ядролық қаруды қолданбайтын еркін аймақ болатындығын мәлімдеді?
а) 1990 жылы;
ә) 1991 жылы;
б) 1992 жылы;
в) 1993 жылы.
- Атақты ғалым Қаныш Имантайұлы Сөтбаевтың 100 жылдығы қашан аталып өтті?
а) 1996 жылғы сәуір;
ә) 1997 жыліы сәуір;
б) 1998 жылғы сәуір;
в) 1999 жылғы сәуір.
- Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторларын атаңдар.
а) Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов;
ә) М.Әлімбаев, Ж.Мәлібеков;
б) Ш.Ниязбеков, Х.Наурызбаев;
в) Ш.Уәлиханов, Ш.Ниязбеков.
- Қазақстан Республикасы Туының авторын атаңдар.
а) Ш.Ниязбеков;
ә) Ш.Уәлиханов;
б) Ж.Мәлібеков;
в) Х.Наурызбаев.
- Қазақстан Республикасының бірінші Гимні қашан қабылданды?
а) 1992 жылғы тамыз;
ә) 1992 жылғы қазан;
б) 1992 жылғы қараша;
в) 1992 жылғы желтоқсан.
- 80-жылдары республикада отын энергетика кешені — оның ішінде көмір өндіру дамып, одақ бойынша өндірілетін көмір көлемінің қанша пайызын кұрады?
а) 10,9%;
ә)17,6%;
б) 20,8%;
в) 25,3%.
- 70—80-жылдардағы республика экономикасының дамуындағы бас бағыт қандай болды?
а) жеделдету бағыты;
ә) нарықтық қатынаста даму бағыты;
б) шикізаттық-өндірушілік бағыт;
в) өңдеуші-өнеркөәсіптік бағыт.
- Қазак КСР-нің Жоғарғы Кеңесі 1989 жылы қыркүйекте қабылдаған заңы:
а) "Қазақ КСР-дегі тілдер туралы Қазақ КСР-нің заңы";
ә) "Казак КСР-нің Еңбек туралы заңы"
б) КР "Жеке кәсіпкерлікті кқорғау және колдау туралы заңы";
в) "Қазақ КСР-дегі еркін экономикалық аймақ туралы заңы".
- 1989 жылы 28 ақпанда пайда болған, алдына ірі мақсаттар қойған антиядролық қозғалыс:
а) "Алаш";
ә) "Арал-Балқаш";
б) "Желтоқсан";
в) "Невада-Семей".
- 1989 жылы шілде айында Қарағанды көмір кенішінің ереуілге шыққан жұмысшылары қандай талап қойды?
а) экономикалық талаптар;
ә) әлеуметтік-мәдени талаптар;
б) экономикалық, саяси талаптар;
в) тек саяси талаптар.
- 80-жылдардың соңына дейін Қазақстанның экспортқа шығаратын өнімінің 97 %-ы неден тұрды?
а) негізінен жедел өнеркөсіп өнімдері;
ә) техника, техникалық бөлшектер;
б) жартылай дайын өнімдер, астық;
в) шикізаттар, материалдар және жартылай дайын өнімдер.
- Ұлттық этнографиялық "Отырар сазы" оркестрін құрған сазгер:
а) Нұрғиса Тілендиев;
ә) Шамғон Қажығалиев;
б) Еркеғали Рахмадиев;
в) Әлібек Дінішев.
- Н.Назарбаевтың 1999 жылы баспадан шыккан "Жалпы азаматтық құндылықтар негізінде жаңа көзқарас қалыптастыру ісіне қосылған қомақты үлес" деп бағалаған еңбегі:
а) "Әділеттің ак жолы";
ә) "Сындарлы он жыл";
б) "Тарих толқынында";
в) "Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде".
- ҚР Парламенті "БАҚ туралы заң" қашан қабылдады?
а) 1999 жыл;
ә) 2001 жыл;
б) 2004 жыл;
в) 2005 жыл.
Комментарий
Опросы
Устраивает (4) | 4 |
Не устраивает (1) | 1 |