Отрасли
Обсуждения
Новость

«Жұлдыз» мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған «Сәлем, лагерь!» тақырыбындағы салтанатты жиын.
«Жұлдыз» мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған
«Сәлем, лагерь!» тақырыбындағы салтанатты жиын.
«Жұлдыз» мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған
«Сәлем, лагерь!» тақырыбындағы салтанатты жиын.
Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану,денсаулықтарын нығайтуға және шынықтыра білуге үйрету.
жүргізуші:
Қайырлы таң,қадірменді ұстаздар,ата- анлар,бүлдіршін балалар! Бұлақтыкөл орта мектебі жанынан ашылғалы отырған «Сәлем, лагерь» тақырыбындағы жазғы мектепішілік «Жұлдыз» лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тамашалауға қош келдіңіздер!
Қазақстан тәуелсіз ел екенбіз,
Жоғалмасын ешқашан берекеміз.
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,
Құтты болсын,балалар мерекеміз!
Бәрі болған қазақ деген көне елде
Ел, белгі де,ерлік,елдік,өнер де
Жахандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге
Аға тәлімгер:Жиын! Сап түзе! Тік тұр! «Жұлдыз» жазғы лагерінің ашылу салтанатына орай ҚР Мемлекеттік Туы енгізілсін!
(Әнұран орындалады.)
Топ басшы хабарлама беруге дайындал!
( топтың аты, ұраны,)
Топтың аты: «Жұлдыз»
Топтың ұраны:
Біз кішкентай «Жұлдызбыз»
Өнегелі ұл-қызбыз.
Рапорт
Аға тәлімгер, «Жұлдыз» жазғы лагерінің ашылу салтанатына Бұлақтыкөл орта мектебінің «Жұлдыз» тобы дайын. Хабарлама беруші ——————————
Аға тәлімгер: Лагерь сап түзел! Тік тұр!
Аға тәлімгер: Хабарлама қабылданды.Еркін тұр!
Аға тәлімгер: Еркін тұрындар!
Жүргізуші: төс белгісі:
« »
Сипаттамасы: әр бала бір жанған Жұлдыз. Сол жұлдызды жарқырата түсу біздің міндет. Жарқырау үшін балаға жақсы көңіл-күй мен мықты денсаулық қажет. Ал соның бәрі, біздің лагерьде бар. Сол себептен де біз лагерьдің атауын «Жұлдыз» деп алдық.
Асқақ арман жетелеп ақ таңдарға,
Жас өнерім өнерден бақ табар ма?
Руханияты елімнің сарқылмасын,
Ұялатар ұлағатын санаңа!
Өмір- өнер, өнер-өмір мектебі ме,
Сәуле төккен жас ұрпақ зердесіне?!
Құшағында лагердің тербелеміз,
Рухани шуақты өмір бесігінде.
Ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді құрметтеп, «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші жазғы лагерде балалардың рухани дүниесін кеңейтіп, таланттарын шыңдап, өнермен қанаттанып қайтуына барынша күш саламыз деп уәде береміз.
Таудай асқақ бойы бар,
Бойына сай ойы бар.
Қызметі де кем емес,
Тәртіпке салар бәрін тез!- демекші «Жұлдыз» жазғы лагерінің ашылуына орай құттықтау сөз кезегін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары беріледі.
Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін әке, анамызда
Ырза болсын балалар
Ортада лагеріміздің өнерлі тынығушыларын «Қуыршақ» биімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!
Мереке бүгін, береке бүгін
Қуанып, шалқып тасыған
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек атпаған – дей келе «Жауын» әнімен қарсы алыңыздар!
Бүгінгі еліміздің қырмызымыз,
Арайлы болашақтың ұл қызымыз.
Арасын жер мен көктің жалғайтұғын
Қанаты жарқыраған жұлдызымыз.
«Үнді биімен» қарсы алыңыздар!
Би билейік қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрт
Балалар деп үлгілі
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін мақтандырып.
«Маған ұқсайды» әнін қабыл алыңыздар!
Әлемге асқақтаған өлеңіміз,
Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.
Жорыққа тауларына жиі шықсақ,
Сол таудай асқар болсақ дегеніміз.
Би: «Өзбек» биі орындайтын 2-сынып оқушылары
Қымбатты балалар! « Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? »-деп ұлы ақын А.Құнанбаев айтқандай біз сіздерге өзіміздің «Жұлдыз» лагерімізде ойнап, ән салып, би билеп, білімдеріңді шыңдап, жақсы дем алуларыңызға тілектеспіз!
Лагерь-біз үшін рухани демалыс орталығына айналып, жас ұрпағымызды өнерге, адал достыққа үндей берсін,- демекпіз.
Лагерь сап түзеп! Тік тұр!
ҚР Мемлекеттік Туы жиыннан әкетілсін!
Осымен «Жұлдыз» жазғы лагерінің ашылу салтанатына арналған «Сәлем, лагерь!» атты жиынымыз да аяқталды.
Жұлдыздың келесі бір көрікті кешінде кездескенше!
Қош, сау болыңыздар!
Комментарий
Опросы
Устраивает (2) | 2 |
Не устраивает (1) | 1 |