2020 жылдың 8 қаңтар күні біздің мектепте 2-8 сынып ата-аналарына Қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Күн тәртібі бойынша 4 бағыт қарастырылды.
І-бағыт бойынша мектеп директоры Тұрсынова Сауле Нұрғалиқызы сөз сөйледі (І-жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы есеп)
ІІ - бағыт бойынша мектеп директорының оқу-тәрбиесі жөніндегі орынбасары М.О.Қурманова (оқу барысын ұйымдастыру туралы) есеп берді.
Келесі сөз кезегі мектеп директорының әдістемелік-ғылыми орынбасары Ж.Т.Зулкарнаева 4 айдың ішінде біздің оқушылар қандай жетістіктерге жеткендерін атап өтті. Осы жеңімпаз атанған балалардың ата-аналары Алғыс хатпен марапатталды.
ІІІ- бағыт бойынша мектептің әлеуметтік педагогы А.А. Сердалина (тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру ) туралы сөз сөйледі.
VI- бағыт бойынша мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Шарипова Сауле Дулатовна І жартыжылдықтың тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы есеп беріп ата-аналарға арнап шағын концерт ұйымдастырылды.