Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында
Мемлекетіміздің қастерлі мерекесі тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімдері оқушылармен бірлесе "Ғимараттар үлгісі" көрмесін ұйымдастырды. Бұл көрменің мақсаты оқушылардың қиялын шығармашылығымен ұштастыру. Идеяны жүзеге асыру. Нәтижесі көңіл толарлықтай болды. Оқушылардың бірі дайын ғимарат үлгісін салса, енді бірі болашақ елмізден көргісі келетін қайталанбас архитектуралық нысандар жасаған. Жұмыстар бағаланып, оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.