Қоғамдық тыңдалым
М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінде қаңтардың 11 күні қоғамдық тыңдалым өтті. Қоғамдық тыңдалымға лицей оқушыларының ата-аналары мен мұғалімдер ұжымы қатысты. Ата-аналар жиналысқа белсенді қатысып, тыңдалым бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Қоғамдық тыңдалымда төмендегідей мәселелер қарастырылды:
- Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі. Оқу ісін ұйымдастыру жөнінде сараптама (Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – Пархоменко Г.В.)
- Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы туралы және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы есеп (Директордың ҒІ жөніндегі орынбасары Жамулдинова Ж.И., қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аюпова Б.А. )
- Лицей оқушыларының ішкі тәртіп пен ережені сақтауы. «Педагог мәртебесі туралы» Заң (Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Темерханова А.И., математика пәнінің мұғалімі Касенова Б.Ж. )
Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер бойынша ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Қоғамдық тыңдалымның сұрақтарын жан-жақты талқыланып, ортақ шешім шығарылды.
Тыңдалымның шешімі:
- Оқушылардың білім сапасын арттыру жұмысын жалғастыру. БЖБ мен ТЖБ-ға дайындық барысында ата-аналарға оқушыларды қолдау.
- Ата-аналарға оқушылардың түрлі іс-шаралар, зияткерлік сайыстар мен ғылыми жұмыстарға белсенді қатысуы үшін қолдау көрсету, ынталандыру.
- Лицейдің тәрбие жұмысындағы барлық бағыттар бойынша жұмыстарды жалғастыру. Белгілі бір мәселелер туындаған жағдайда бірден сынып жетекшісі мен лицейдің әлеуметтік-психологиялық қызметіне хабарлау
- Баланы тегін тамақтануға қою үшін ата-анаға 2020 жылдың 25-тамызға дейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Н.Черноваға барлық құжаттарды тапсыру.
- Ата-аналарға оқушылармен «Педагог мәртебесі туралы» Заң бағыттары мен лицейдің ішкі тәртібі туралы әңгімелесу.