Биылғы жылда мектебімізде үлкен мереке. Сонау 1999 жылы іргетасы қаланған біздің мектебіміз бүгінде 20 жасқа толып отыр.
20 рет алғашқы қоңырауы мен 20 рет соңғы қоңырауын соққан білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді. Мектебімізден түлеп ұшқан түлектердің ішінде биіктің биігін, шыңның шыңын бағындырған, бірі хакім, бірі ғұлама болған шәкірттері қаншама. Осындай шәкірттер мен оларды тәрбиелеуде аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаздарға арналған «Сарқылмас білім байлығы, тәлім мен таным қонған жер» тақырыбында мерекелік іс-шара мектебімізде жоғары деңгейде өтті. Шараға алғаш мектеп іргетасын қалаған Жамал Базарқұлқызы мен еңбек еткен мұғалімдер және ардагер ұстаздар қатысты. Сұхбаттасудан басталған шара мерекелік концертпен жалғасып, мектеп директоры Камила Кәрімбердіқызы мектеп дамуына үлес қосып, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ерең еңбек етіп жатқан ұстаздарды мерекелік медальдармен және алғыс хаттармен марапаттады.
Назарларыңызға рахмет!