«АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»
Нұр-Сұлтан қ. 2020ж. 17.01 күні, сағат 10.00.-де №15 мектеп-лицейінде «Адалдық сағаты» атты іс-шарасы өткізілді. Бүгін біз оқушылармен парасаттылық, әділдік, шынайлық туралы сөйлестік. Парасаттылық гүлденген қоғамның дамуына, бірқатар дамыған елдерде елдің қалыптасуына негіз болып табылатынын және қоғамның дамуы үшін парасаттылықтың белгілі бір принциптерін ұстану қажет екеніні айтылып өтті. Еліміздің дамуы тек бірлескен күш-жігердің арқасында, қоғамның әр мүшесінің: өскелең ұрпақтан бастап, маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдайтын биліктегі азаматтардың қосқан үлесінің арқасында жүргізіледі.
Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізетінін директордың тәрбие ісінің орынбасары Ж. Молдабекова айтып өтті. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) құрастырған «Парасаттылық және шынайлық» туралы бейнеролигі көрсетілді. Оқушылармен сұқбаттаса отырып, слайттар арқылы бірнеше сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздеріне қажетті мағұлматтар ала білді.