Тауағаш орта мектебінде Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай соғыс ардагері Никибаев Қожатай атамен кездесу өтті. Кездесу барысында Қожатай ата соғыс жылдарындағы оқиғалармен бөлісті, оқушылар өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу соңында ата оқушылармен фотоға түсті, оқушыларға өз тілегін айтты. Мектеп директоры атаға мектеп оқушылары мен мұғалімдер атынан алғысын білдірді.