АДАЛДЫҚ САҒАТЫ...
17 қаңтар күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде 10 сынып оқушыларымен бірге «Жастар» театрының директоры, Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Ернар Құрбанбекұлымен адалдық сағаты өткізілді.
«Парасаттылықтың бастауы – отбасыдан, мектептегі мұғалімнен басталады» дей келе, Ернар Құрбанбекұлы ішкі тазалық, кіршіксіз өмір сүру туралы өмірлік мысалдар келтіре отырып, оқушы санасына «адалдық» керемет ұғымды қалыптастыра алды. Үлкенге құрмет, әлсізге көмек, досқа сыйластық туралы туралы түсіндіре келіп, қызғаныштан аулақ болуға шақырды. Бүгінгі жастардың парасаттылығы қоғамда, ортада, үйде көрінген сайын елдің елдігі арта түсетіні туралы пікір білдіре отырып, оқушыға ой сала білді. Бүгінгі адалдық сағатының мазмұны терең, астарлы, мәнді болғанын айта келіп, Ерлан Құрбанбекұлына алғысымызды білдіреміз.