"Білім көзі кітапта" атты балалар әдебиеті апталығы аясында бүгін С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда "Book crossing" кітап алмасу іс-шарасы өтті. "Book crossingтің" мақсаты-оқырмандар арасында кітап алмасу акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу, әлемді үлкен кітапханаға айналдыру. Оқушылар бұл акцияға белсенді қатысып, бір-бірлерімен өздері оқыған, ұнаған кітаптарымен алмасты.
"Оқы және өзгеге ұсын" қағидасын ұстанайық, оқырмандар!
,