Мектебімізде бүгін 29 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігіне байланысты және әр сәрсенбі күндеріне бекітілген 5-6-сыныптар аралығында мақал-мәтелдер сайысы өткізілді. Бүгінгі күнгі мақал-мәтелдер тақырыбы - Отан, туған жер. Мақсаты: оқушылардың Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімдерін арттыру, білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын дамыту, сөз өнері арқылы дүниетанымын құрметтеуге тәрбиелеу. Жауапты сынып жетекшілер: Байтенова Г.Ж., Зейнолова Г.А.