"Жарқын болашақ" олимпиадасы "Білім-Инновация" халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада бүгін 08.02.2020 жылы "Нұр-Орда" мектеп-лицейінде өтті. Олимпиадаға біздің мектептің де оқушылары қатысты.
Даниленко Арина-10Л сынып оқушысы (сынып жетекшісі Егимбаева А.Е.)-" Бейнелеушілер" сайысында-ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Кіназхан Алина-7Г сынып оқушысы(жетекшісі-Туралина Н.Ж.)-"Әнші-бұлбұлдар" сайысында-ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Олимпиада жоғары деңгейде өтті, жеңімпаздарға салтанатты құттықтауда дипломмен бірге сыйлық берді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Келешекте биік шыңдарда көрінеберсін!