Бүгін, яғни 11 ақпан күні біздің мектептің жасөспірім қыз балалары үшін ерекше күн. Өйткені қалалық "Қыз Жібек" клубының қатарына 25 қыз бала қабылданды. «Қыз Жібек» клубының негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірді отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру және мектеп оқушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру.
«Қыз Жібек» клубының негізгі міндеті:
-тарихи дара тұлға-арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;
-ұрпаққа ұлттық тәрбиенің сіңіруші ретінде даярлау;
-кез-келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;
-сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды ұйрету;
-қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен қалыптастыру;
-болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау;
-ұлттық құндылықтарды салт-дәстүрлерді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу;
-отбасы тұрмысына, үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру
Бұл іс-шараның тәрбиелік мәні өте зор.