11.01.2020 ж #8 орта мектебінде "Туған елге тағзым" бағыты бойынша "МЕН ТҰРАТЫН КӨШЕ " атты зерттеу сайысы 5-10 сынып оқушыларының арасында болып өтті. Жобаның мақсаты: өзі тұрып жатқан көшенің көркеюіне үлес қосу, тарихымен терең танысу, экологиялық жағдайына баса назар аудару болатын. Іс -шараның өткізілу барысында байқағанымыз шәкірттеріміздің сыни тұрғыда өз көзқарастарын нақты да айқын жеткізе алғандықтары қуантты. Сонымен қатар жүлделі орындарға ие болған бір топ оқушылар сәуір айында өткізілетін жобаның 2 кезеңіне жолдама алды.
Ендеше, сәттілік Жас дос!
Кешегі мен бүгінгі тарихтың терең ізіне үңілер, болашақтың баспалдағын қазірден нық қалар өздеріңдей талапты оқушыларымыз көбейе берсін.