1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында 1 мамыр "Бірлік күні" қарсаңында қашықтықтан сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары WhatsApp мессенджері, Zoop қосымшалары арқылы ұйымдастырылды.