Жамбыл Жабайұлы (28 ақпан 1846, туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі -22 маусым 1945, топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені.) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Ол «Менің – пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп өмірін өлеңге арнады.
Атақты Майкөт пен Құлмамбетті жеңіп, Жетісудың бірінші ақыны атанды.
Елімнің жақсыларын таныстырған,
Ой жырым, қызыл тілім сенің арқаң, - деген Жамбыл баба қандай құрметке де лайық.
Заманымыздың классик жазушысы, атақты Мұхтар Әуезов «Жамбыл – ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Оның бірі, әрі эпик-ақын, әрі айтыс-ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» деп бағалаған еді.
Жамбыл Жабаевтың туғанына 2021 жылдың 28 ақпанында 175 жыл толады. Ұлы Жамбылды Мұхтар Әуезов мойындаған, Сейфуллин бас иген, Сәбит Мұқанов ардақтаған, Ғабит Мүсірепов еркелеген, Бауыржан Момышұлы бас иген, Мәлік Ғабдуллин құшағына алған.
Ромен Роллан, Михаил Шолохов, Павло Тычина, Николай Тихонов, Константин Симонов сияқты әлемдік әдебиеттің өкілдері де ерекше құрметтеген.
Жамбыл өлеңдері әлемнің барлық тілдеріне аударылған және жарияланған.
Жамбылдың «Ленинградтық өренім» атты атақты өлеңі ешқашан ұмытылмайды.
Абай мен Жамбыл бір заманның адамдары. Екеуі де ұлт ұранына айналған тұлғалар.
НЗМ-нен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай түсірген бейнебаянына сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=vighZdiSiIE