2019 жылдың 16 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Бұл жағдай елімізде біраз қиындықтар туғызғаны жасырын емес. Осы жағдайға байланысты еліміздегі барлық мектеп оқушылары өткен оқу жылының IV тоқсанынан бастап қашықтан білім алуда.
Осындай күрделі де қиын кезеңде Нұр-Сұлтан қаласындағы І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері де өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Яғни, өткен оқу жылының IV тоқсанынан бастап әрбір баланың қашықтан оқуына жағдай жасап, ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қашықтан оқу жүйесіне бейімделуіне өз үлестерін қосты. Мектебімізде 1400-ден аса бастауыш сынып оқушылары болса, солардың барлығының түгел қашықтан оқу жүйесінде оқуларына мүмкіндік туғызуға тырысуда.
Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылары Microsoft Teams, BilimLand, Kyndelik. Kz, Daryn. Online, Onlinemektep платформалары арқылы қашықтан білім алуды жалғастыруда.
Осы жерде қиындық туғызған мәселе: оқушылардың барлығы дерлік қашықтан оқуға бейімделе алды ма? Жоқ, әрине. Оның басты себептері бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігі, әлеуметтік жағдай, ата-ана тарапынан қадағалаудың кемшіндігі. Міне, осындай оқушылардың білім алуы мектептегі ашылған кезекші сыныптарда жалғасын табуда.
Қорыта келе, қашықтан оқу кезіндегі бастауыш сыныптарда кезекші топтардың ашылуының тиімді болғандығын айтқымыз келеді.