Бүгін, Ілияс Жансүгірұлының өмірін, шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттауға арналған мәдени, тарихи-әдеби іс-шаралар салтанатты түрде ашылып, өз тұсауын кесті. Осы ашылу салтанатында "Тарих" бірлестігінің ұйымдастыруымен "Жыр Құлагері" атты тарихи-әдеби кеш өткізілді. Әрине, осындай іс-шаралардың жалғасын табарына күмән жоқ. Алда қалалық деңгейдегі, республикалық деңгейдегі іс-шаралар күтіп тұр. "Іске сәт" дейміз.
Жүргізушілер: Құрманғали Асылжан 11"В"сыныбы, Талғатбек Ақерке 11"В" сыныбы.
І.Жансүгірұлының өлеңдерін нақышына келтіріп оқыған:
Бақыт Ақтолқын 9"Ә"сыныбы, Оңқарбаев Әділбек 9"Д" сыныбы, Ормантаева Меруерт 9"В" сыныбы, Тулеубекова Жанар 10"Б" сыныбы, Бекет Ғаухар 9"Г" сыныбы, Шаймерденова Гүлнұр 11"Б"сынып оқушысы және өз өлеңін оқыған 11"Б"сынып оқушысы Рахметов Айбек. Осы оқушыларға, сынып жетекшілеріне және ата-аналарына үлкен РАХМЕТ! Мерекелеріңізбен! 1 наурыз Алғыс айту- күні екен, Сіздерге алғысымыз шексіз!