Алдағы жылы көркем сөз шебері жазушы Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығы. Осы мерейлі белеске орай Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясында аталмыш гимназияның ұйымдастыруымен,26 ақпан күні «Көркем сөздің зергері» атты қалалық шығармашылық-танымдық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеті: мектеп оқушыларының жазушы өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын арттыру, жазушының рухани мұрасын өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жазушының өшпес мұрасын сақтау, келер ұрпаққа аманат ету, дарынды оқушыларға қолдау жасау.
Байқауға жалпы білім беретін қазақ және аралас мектеп оқушылары қатысты. Шығармашылық-танымдық іс-шара екі номинация бойынша өткізілді. 1-номинация: жазушы С.Шаймерденовтың прозалық немесе драматургиялық шығармасынан үзінді жатқа мәнерлеп оқу. 2-номинация:
1. «Сафуан әлеміне саяхат»
2. «Шынайылығы – шығармаларының арқауы»
3. «Солтүстіктің інжуі»
4. «Саян. Сағым. Сағыныш» (Ұлы Саян Шәймерденов хоккейші, көгалдағы хоккейден халықаралық дәрежедегі спорт шебері (1981), Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы)
5. «Жастар армандай білу керек, ұлы армандардан ұлы істер туады» деген жазушы көзқарасы қазіргі уақытта қаншалықты өзекті. Ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазды.
Петропавл қалалық білім бөлімі басшысының дипломдарымен келесі қатысушылар марапатталды. Жазушы Сафуан Шаймерденовтың бір прозалық немесе драматургиялық шығармасынан үзінді жатқа мәнерлеп оқу номинациясы бойынша І орын Сейдуалиев Еркебұлан, 6-сынып, қалалық классикалық гимназия жетекшісі Құлыбекова А.Қ., ІІ орын Ғафұр Нұржігіт, Жолдыбай Асылжан, 6 –сынып, «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі», жетекшісі Ауғанбаева З.Н., ІІ орын Уран Альбина, 6-сынып, №23 ОМ, жетекшісі Шопанова Г.Д.,
ІІІ орын Қаббас Нұрали, 7-сынып, №8 ОМ, жетекшісі Ильясова Г.А., ІІІ орын Әлімжан Назарқыз, 8-сынып, Абай атындағы қазақ мектеп- гимназиясы, ІІІ орын Смагулова Дария, 7-сынып, №21 ОМ, жетекшісі Бакеева А.М.,
Ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазу номинациясы бойынша: І орын Бозжігіт АқшарҺат, 8-сынып, №23 ОМ, жетекшісі Набиева Р.Ж., ІІ орындар: Сағындықова Арайлым, 10-сынып, қалалық классикалық гимназия, жетекшісі Исимбаева Н.Б., ІІ орын Мықтыбай Елнара, 10 сынып, «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі», жетекшісі
Ауғанбаева З.Н., ІІІ орындар: Орынбекова Ақерке, 8-сынып, Әл-Фараби мектеп-лицейі, жетекшісі Искакова А.О., Ағыбай Аяулым, 10-сынып, №6 ОМ, жетекшісі Сағдеева Д. М. Әсет Аружан 9-сынып, Абай атындағы қазақ мектеп- гимназиясы, жетекшісі Қасқырбаева Ж. К., І орын иеленген оқушы ұстаздар Алғыс хатпен марапатталды. Қатысқан барлық оқушыға сертификат табысталды. «Жастар армандай білу керек, ұлы армандардан ұлы істер туады» деп жазушы айтқандай , игі істердің басында жастарымыз көріне берсін. Дәстүрге айналған аталмыш сайысымызға қатысқандарыңызға үлкен алғыс білдіреміз!