2021жылдың 1 наурызында "№2 Новоишим орта мектебі" КММ кітапханашылары WhatsApp мессенджері арқылы 1-11сынып оқушыларына Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту- парызым» атты онлайн көрмені ұсынды.
Мақсаты:
1. Оқушылардың жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту.
2. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету.
3. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін оқушылардың бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын – қыстау заманда олардың басына түскен ауырпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым - қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір - біріне құрмет білдіретін күн. Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні болады.
1 марта 2021 года в КГУ «Новоишимская средняя школа № 2» библиотекари провели онлайн выставку «Благодарность не знает границ»посвященный ко дню Благодарности Республики Казахстан ,через мессенджер Whatsapp для учащихся 1-11классов.
Цель:
- выяснить значение понятия «благодарю»; изучить историю сложного процесса формирования народа Казахстана как многоэтничного общества на протяжении XX века;
- воспитать чувство интернационализма и патриотизма, уважение к Родине, ставшей общим домом для многих народов;
- развить чувство гордости за дружбу единого народа Казахстана, способствовать развитию эмоциональной сферы; формировать позитивное отношение к миру, людям; развить навык благодарить окружающих за доброе отношение.
День благодарности. Новый праздник, появившийся в Казахстане по инициативе Главы государства - дань уважения и благодарности всех этносов друг другу и казахам, проявившим милосердие к тысячам переселенцев, принявшим их как родных. Символично, что он отмечается в день образования Ассамблеи народа Казахстана, которую также создал наш Президент, провозгласивший мир и согласие главным фундаментом страны.
День благодарности - это день торжества Президентской политики мира и согласия, благодаря которой в Казахстане создана уникальная модель общенационального единства. Праздник базируется на историческом пласте традиций, берущих свое начало в обычаях великодушия, гостеприимства, милосердия и солидарности казахского народа. Человеческая доброта одних и святая память об этом других составляют надежную основу государственной этнополитики в Казахстане.