"Кітап оқитын мектеп" жобасы. 12 орта мектеп кітапханасында "Жеңіс жолымен" тақырыбында көрме мынадай бөлімдерге бөлініп ресімделді: "Жеңіс сарбаздары» тамаша адамдардың өмірі, "Майдангерлердің немерелері жазған романдар", "Ұлы Отан соғысы суретшілер туындыларында", "Белгілі жазушылар Ғ .Мүсіреповтің - "Қазақстан солдаты", Қ. Қайсеновтың - "Партизан соқпақтары", М. Шолоховтың - "Адам тағдыры" туындыларындағы Ұлы Отан соғысы батырлары туралы".
Мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ерліктері үлгісінде патриотизмді тәрбиелеу, оқуға деген қызығушылықты ояту.
Көрме материалдарының негізінде сынып сағаттары, 5-11 сынып оқушыларын қамти отырып, шығармалар туралы шолу әңгімелері өткізіледі.