2021 жылғы 15-23 қыркүйек күндері аралығында 1-сынып оқушыларының бейімделу кезеңінен сәтті өтулеріне психологиялық қолдау көрсету аясында мектеп педагог-психологтары Р. Сайлаубаева мен А. Касымбекова «Бәріміз бірге» атты тренинг және дамыту жаттығуларын жүгізіп, олардың ата-аналарына онлайн форматта психологиялық кеңес ұйымдастырды. 1-сынып ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек «Үлгілі ата-ана мектебі: Біздің бала бірінші сыныпта» тақырыбында ұйымдастырылды. Мақсаты: Бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеу бойынша ата-аналарға психологиялық көмек беру арқылы отбасы мен белсенді ынтымақтастығын нығайту.
Оқушылардың ата-аналары үшін аса маңызды үш «Б» заңы (Бейімдеу, Бедел, Белсенділік) ескерту және қолдау туралы айтылып, сынып жетекшілерімен, мектептің оқу үдерісімен танысып, бала бәрбиесінде, 1-ші сынып оқушысында кездесетін қиындықтар және оның алдын алуға байланысты психолог мамандардың пайдалы кеңестері тыңдалды. Іс-шараға 80-ге жуық ата-ана, 11 ұстаз бен сынып жетекшілері қатысты.
Кездесу соңында ата-аналар тарапынан балаларының басты әрекеті оқуға бейімдеу, мектеп өміріне белсенділік танытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерін кеңес ретінде ұсынған мектеп педагог-психологтарына алғыстарын айтып, оқушы алдында алғашқы ұстаздың беделінің зор екендігін арттыруға өз үлестерін қосатындықтарын білдірген ата-аналар да болды. Ата-аналардың ұсыныстары мен көкей кесті сұрақтары тыңдалып, көңілге қонымды жауаптар берілді.
Қатысушылар бала тәрбиесіндегі көптеген проблемалық мәселелерді шешуде осындай іс-шаралардың маңызды екенін айтып өтті және мектеппен бірлескен жұмысты ата-аналар тарапынан жалғастырып отыру керек деген тұжырым жасады. Мектеп әкімшілігіне, ұйымдастырушыларға ата-аналар тарапынан алғыстар айтылды.