2021 жылғы 24 қыркүйек күні мектеп кітапханасында қазақ тілі бірлестігінің ұйымдастыруымен 7-сыныптар арасында "Сөз маржаны" интеллектуалдық сайысы өтті. 7 «А», «Б» сынып оқушыларынан құралған «Топжарған» және «Парасат» тобы шешендік өнерден бәсекеге түсіп, сайыскерлер білімі мен ұшқырлығын ортаға салды. 5 кезеңнен тұрған сайыста өнердің тарихынан, қазақтың би-шешендерінің өмірі мен тапқыр шешімдерінен тапсырмалар берілді.
Екі топ та таныстыру кезеңін өлеңмен креативті бастап, топтық шешімдерде ұйымшылдығын көрсетті. Әділқазылар құрамы директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж. Рустемова мен директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары М. Дүйсенбаева сайыскерлердің талабы мен талантына тәнті болып, кезең бойынша бағалап отырды. Екі топ та тартысты ойын көрсетіп, қазылар алқасының шешімімен «Парасат» командасы жеңіске жетті. Сайыс оқушыларға қазақтың шешендік тарихынан мол мағлұмат сіңіріп, импровизациялық қабілетін ашып, сыни және сарапты ойлау деңгейін көтерді. Оқушыларға берері көп мұндай жобалар әлі де жалғасын табады.