2022 жылдың 2 наурыз күні Саумалкөл қазақ орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімдері облыстық қазақ тілі мұғалімдері зертханасының жылдық жоспарына сәйкес «Элективті курстардың оқушы шығармашылығын дамытуда тигізер әсері» атты тақырыпта семинар өткізді.
Семинарда элективті курстарды жүргізудің тиімділігі, оқушы дарындылығы, кәсіби білім берудегі курстардың рөлі жайлы мұғалімдер іс-тәжірибесі тыңдалды.
«Шахановтану», «Поэзия әлемі» курстары жөнінде мұғалімдер өз ойларымен бөлісті.
Аталған іс-шараға облыстың 70 астам қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Семинарға қатысқан әріптестер кері байланыс жасай отыра, өзекті тақырыптың қозғалғанына өз оң пікірлерін білдірді.