Қыркүйектің бірінші күні барлық 45 білім беру ұйымдарында білім күніне арналған "мектеп - МЕЙІРІМ МЕКЕНІ"атты салтанатты жиын өтті. 492 бірінші сынып оқушылары мектептің табалдырығын аттады, олар үшін жарқын, қарқынды өмірдің басталуына, жаңа жетістіктермен, жауапты және ауыр сынақтармен мектеп күндеріне алғашқы қоңырау соғылды.
Оқушылар үшін бірыңғай сынып сағаты өтті, оның аясында білімге ұмтылу, еңбекқорлық пен патриотизм, құрмет пен азаматтық сана құндылықтарының рөлі талқылауға негіз болды. Ауылдық округтердің әкімдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, кәсіби қызметте елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге ұмтылу және патриотизм құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын аудан ауылдарының құрметті тұрғындары шақырылды.