Отрасли
Обсуждения
Новость
ҰБТ-сапалы білім беру кепілі
«Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтарымыздың алдаспаны»-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы дайындалу нәтижесінде мектеп-лицейіміздің түлектері биылғы оқу жылында төмендегідей жетістіктер көрсетті.
«Терең білім – Тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаматтарымыздың алдаспаны»-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы дайындалу нәтижесінде мектеп-лицейіміздің түлектері биылғы оқу жылында төмендегідей жетістіктер көрсетті.
2015-2016 оқу жылында 11-сыныпты 20 оқушы бітіріп, ҰБТ-ге 100% оқушы қатысты. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1-лекте М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасында 2-маусым күні өтті. Негізгі пәндер қазақ тілінен орташа көрсеткіші - 21,9, былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 1,1 пайызға өсті. Орыс тілінен орташа көрсеткіш - 19,45, былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 2,5 пайызға өсті. Қазақстан тарихы пәнінен орташа көрсеткіш - 19,4. Математика пәнінен орташа көрсеткіш - 18,75, былтырғымен салыстырғанда 0,71 пайызға өсті. Таңдау пәндеріне келетін болсақ, дүниежүзі тарихы пәнінің орташа балы-21, физика пәнінің орташа балы-18,38, география пәнінің орташа балы-23, биология пәнінің орташа көрсеткіші -19 балды көрсетті. ҰБТ-ның ең жоғарғы балы - 112. Жүзден жоғары -12 оқушы, тоқсаннан жоғары - 2 оқушы, сексеннен жоғары - 6 оқушы жинақ балын көрсетіп отыр. ҰБТ көрсеткішінің орташа балы мектеп бойынша 98,4 пайыз. Мектеп-лицейді үш жылғы көрсеткіші бойынша салыстыратын болсақ, 2013-2014 оқу жылында ҰБТ көрсеткіші - 95,90, 2014-2015 оқу жылында - 95,94, 2015-2016 оқу жылында -98,4 пайызды көрсетіп, қала мектептері арасында үшінші орында тұр.