Отрасли
Обсуждения
Новость
Районный семинар
2016 жылы 25 қарашада Озерный орта мектебінде аудандық семинар өткізілді. Семинарға Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебі және Бауман негізгі мектебінің мұғалімдері қатысты. Аудандық семинардың тақырыбы: «Білімді жаңарту кезеңіндегі қажетті шарттардың бірі-жалпы оқу мен білім, білік дағдыларының сапасын арттыру»
Алдымен тренинг өткізілді, жауапты мұғалім Сағындыкова Д.Т. болды.Тренингтен кейін оқу –ісінің меңгерушісі Балуанова Баткен Сұрағанқызы әріптестерді семинардың барысымен таныстырып өтті.
Семинар мынадай сабақтарды қамтыды:
2 «А» сынып Әдебиеттік оқу: «Екібастұз» Жауапты мұғалім: Тұлымбаева С.Қ.
8 «А» сынып Қазақстан тарихы: «1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы көтеріліс». Жауапты мұғалім: Дарменова Қ.М.
9 «А» сынып Алгебра: «Сандар тізбесі және оның берілу тәсілдері». Жауапты мұғалім: Құрманғожин Н.Н.
5 «А» сынып. Орыс тілі: Урок-повторение по разделу «Лексика». Жауапты мұғалім: Дарменова З.А.
2б 3б4б класс. 2б «Вода. Состояние воды»
3б «Вода в природе. Охрана воды»
4б «Вода. Круговорот воды». Жауапты мұғалім: Гедзур Е.И
9 «А» сынып. Қазақстан тарихы: «1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісі» . Жауапты мұғалім: Сұлтанов С.Қ.
Барлық сабақтар жаңа оқу үрдісіне, яғни заман талабына сай өтті. Сондай-ақ, тартымды жүйелі түрде өткізілді.Оқушылар өз білім деңгейлерін көрсете білді. Әріптестер тарапынан көптеген алғыстар айтылды.
Соңында «Тәуелсіздік-мәңгілік ел айнасы» атты тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Жауапты мұғалімдер: Дарменов М.З. , Тұлымбаева С.Қ. , Дарменова Қ.М. , Сұлтанов С.Қ. , Дарменова З.А. , Құрманғожин Н.Н. , Гедзур Е.И.
Бұл мерекелік іс-шарада оқушылар Отанға деген патриотттық сезімдерін көрсете білді.