Отрасли
Сообщества
Новость
"2017 жылғы қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу" 11 сынып ата-аналарының жиналысы
Заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі күннің басты назарында. Осы орайда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” деген болатын. Бірнеше жылдар көлемінде білім саласында жүргізіліп жүрген бірыңғай ұлттық тестілеу өткізудің бітіруші түлектер үшін маңызы зор. 11 жыл бойы берілген білімнің нақты көрсетілетін нәтижесі де осы - ҰБТ. Әрбір пән мұғалімінің ең түйінді мәселесінің бірі - ҰБТ нәтижесін жақсарту мен көтерудің жолы. Биылғы оқу жылында ҰБТ тапсырудың форматы өзгеріп отыр. 27 қаңтар күні мектепте 11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін "2017 жылғы қорытынды аттестаттау мен ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу" туралы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша 11 сынып жетекшісі Сұлтанғазина С.Б. сөз алды. ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.Орта білім беруде білім алушыларды қорытынды аттестаттау мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында жүзеге асырылатыны жайлы айтып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу іс жөніндегі орынбасары Балуанова Б.С. сөз алды. Биылғы жылы тест тапсырудың форматы өзгергенін, яғни орта жалпы білім алғанын дәлелдейтін аттестат үшін мектеп қабырғасында емтихан тапсырылатынын, ал жоғарғы оқу орнына түсу үшін тест тапсырылатынын айтты. Жаңа формат бойынша қазақ тілі пәнінен эссе жазады, алгебрадан бақылау жұмысы, Қазақстан тарихы, орыс тілі және таңдау пәндерінен тест тапсырмасы болады. Сонымен эссенің қалай жазылатынына, тестің «тыңдалым», «оқылым» түрлеріне тоқталды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша пән мұғалімдері сөз алды. Әр пән мұғалімдерінің ҰБТ-ға дайындауы туралы есебі тыңдалды.