Отрасли
Сообщества
Новость
Бастауыш сынып апталығы
Бастауыш сынып апталығына бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен іс-шаралардың жоспары құрылып, ӘБ жетекшісі Касымханова М.М. бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларын таныстырды.. Әр бастауыш сынып мұғалімі 1 ашық сабақ, 1 іс-шара өткізуге тиісті.
Бастауыш сынып апталығы 23 қаңтар дүйсенбі күні өткізілетін линейкада салтанатты түрде ашылды. Ашылу 2 «А»сыныбына жүктелді, сынып жетекшісі Тулумбаева С.Қ. Оқушылар салтанатты жиында оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып, мақал-мәтел жарыстырып, өз өнерлерін ортаға салды. Екінші сабақтан кейін кітапханашы Жайлибаева М.К. «Ғабит Мүсіреповқа 115 жыл» тақырыбында көрме ұйымдастырып, оқушыларға жерлес атамыздың өмірімен, шығармаларымен таныстырып өтті.Сонымен қатар осы күні «Жас қаламгер» газеті ілінді. Бұл газетке «Тәуелсіздік -тұғырым» тақырыбында оқушылар өз туындыларын аптаның соңына дейін жазып ілулері керек.
24 қаңтар күні Касымханова М.М. 3 «А» сыныпта қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Мұғалімнің сабақ жоспары жаңаша, әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған. Сабақта жаңа әдіс-тәсілдер барынша қолданылды. Сабақтың тақырыбын ашар алдында, үй тапсырмасы тексерілді. Кейін өткен тақырыпқа байланысты стикердегі сұрақтарға жауап беріп, топтама жасады, кестені толтыру арқылы жаңа тақырыпқа көшті. Оқушылар оқу, сөйлеу дағдыларын көрсетті. Топтық жұмыстарды бірлесе орындау арқылы оқушылардың топтық жұмысты жақсы меңгергені байқалды.Өз ойларын еркін, толық жеткізе білді.Мұғалім сабақта бағалаудың үш түрін тиімді қолдануы арқылы, оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауының жақсы қалыптасқаны байқалды. Сонымен қатар 5 сабақта орыс тіліннен Карагожин А.Б. «Словесный бой» сайысын өткізді. Сайыс өте тартымды, қызықты өтті. Оқушылар қызығушылық таныта отырып, бар ынталарын салып, белсенді қатысты.
25 қаңтар күні 2 сабақта 2 «Б», 3 «Б», 4 «Б» шағын жинақталған сыныптарында Гедзур Е.И. орыс тілі пәнінен ашық сабақ берді. Сабақ беру барысында мұғалімнің ұйымдастырушылық шебері өте жақсы байқалды. Себебі, үш сыныпта, үш тақырыпты үйлестіре отырып сабақ құру өте күрделі және көп жұмысты талап етеді. Сабақ қызықты тапсырмаларымен, жұмыс-тың ауқымдылығымен өте тартымды өтті. 5 сабақта 2-4 сынып оқушылары ағылшын тілінен өз білімдерін сынады. Балуанова Б.С. «Magik world of English» атты сайысын өткізді. Оқушылар топқа бөлініп, білімдерін ортаға салып күш сынасты. Сайыс барысында оқушылар тілді түсініп, дұрыс қолдана алатындықтары байқалды.Сайыс соңында жеңіске жеткен топ марапатталды. Сағат 15:00-де дене шынықтыру мұғалімі «Шынықсаң, шымыр боларсың» атты эстафеталық ойындар өткізіп, сыныптар арасында жарыс өткізді. Жарысқа барлық оқушылар ат салысып, қызығушылықпен қатынасты.
26 қаңтар күні Тулумбаева С.К. 2-сыныпта математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ өте тартымды, жаңашыл, әдістемелік жағынан дұрыс құрылған. Сабақта оқушылар «Нұр банкі» және «Халық банкі» болып, екі топқа бөлінді. Әр топтың топ басшысы сайланып, бағалау парақшалары таратылды. Оқушылардың топта жұмыс істеуі, ойларын ортаға салып,еркін жеткізуі, бөлісуі арқылы мұғалімнің топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру шеберлігі, күнделікті сабақты жаңашыл өткізетіндігі байқалды. Сабақта оқушылар екі таңбалы санға қосып, азайтуды, теңдеулер шешуді, сөз есептерді талдап, шығаруы, логикалық, шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып, білімдерін көрсете білді. 3 сабақта 4-сынып жетекшісі Дарменов М.З. математика пәнінен ашық сабақ берді. Сабақ әдістемелік жағынан дұрыс, тартымды құрылған.Сыныпта 4 оқушы болғандықтан екі ара, яғни жұппен жұмыс жасау жоспарланған. Жұппен жұмыс барысында оқушылар бірін-бірі тыңдап, ортақ шешімге келіп, тапсырмаларды тез, дұрыс орындай білді. Сабақ барысында мұғалімнің жан-жақтылығы, шығармашыл екендігі байқалды. Сонымен қатар бұл күні 5 сабақта 1-4 сыныптар аралығында «Жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар» интеллектуалды сайыс өткізілді. Бұл сайысқа әр сыныптан екі оқушы қатысты. Сайыста қызықты да, тартымды тапсырмалар орындалды. Оқушылар белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Әр сынып оқушылары мақтау қағазымен марапаттал-ды.
27 қаңтар күні 2 сабақта 1-сынып жетекшісі Кимбекова А.Ш. жаратылыстану пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ интербелсенді тақтада өткізілді. Сабақтың тақырыбы бейнебаян арқылы ашылды. Бейнебаян орысша болғанымен оқушылар түсініп, ойларын ортаға сала білді. Бұл жерде мұғалімнің ізденімпаздығы өті жақсы байқалған. Сонымен қатар сабақта шығармашылық тапсырмалар тиімді қолданылды. Ұсынылған тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дайындалған. Оқушылар бар ынталарын ортаға салып, ойларын толық жеткізе білді. 5 сабақта «Ана тілі- жүрек үні» атты мәнерлер оқу сайысына кезек берілді. Бұл сайыста оқушыларды Абай, Мағжан өмірбаяндарымен, олардың шығармаларымен таныстырып, екі ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы бойларындағы шығармашылық қабілеттерін байқау мақсатқа алынды. Сайыста келесі оқушылар марапатқа ие болды: 1-орын Зағипар Анеля 3-сынып, 2-орын Алпысбай Мөлдір 2-сынып және 3-сынып оқушысы Көпеева Диара иеленсе, 3-орынды 2- сынып оқушысы Алпысбай Аяулым иеленді. Оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.
28 қаңтар күні ӘБ жетекшісі өткен апталықты қорытындылап, «Тәуелсіз елдің – бақытты ұланымыз!» атты ашық мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шараға барлық бастауыш сынып оқушылары қатысты. 1-сынып оқушылары туған жер туралы тақпақтарын айтып, «Отан» деген әнмен өз өнерлерін ортаға салды; 2- сынып оқушылары туған жер, тәуелсіздік туралы өлең жолдарын оқып, мақалмен жалғастырып, әдептілік жайында көрініс көрсетіп,би биледі;2 «Б» сынып оқушысы би билеп берсе, 3 «Б» сынып оқушысы өнерін өлең оқу арқылы көрсетті;4«А» сынып оқушылары отан, туған жер туралы өлең оқыды; 3 «А» сынып оқушылары «Нұр аға», «Қазақстан бақытты» деген әндерді хормен орындап, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін одан әрі арттыра түсті. Сонымен қатар бұл мерекеде «Жас қаламгер» сайысында жазған шығармалары бағаланды.
Апталықты салтанатты түрде жабық деп жариялады.