Отрасли
Сообщества
Новость
Әжелер сайысы
22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай шағын орталықтың тәрбиеленушілері өз әжелерімен сайыс өткізді. Мерекелік ертеңгілік "Ал, қане, әжелер деп аталды". Сайысқа қатысқан әжелер: 1.-Нұғыманова Үміт, немересі Балыммен. 2.-Сапарова Наташа, немерелері Аяужан және Каусармен. Сайыстың шарттары: 1. "Шаңырағым-шаттығым" -Өзін, өз отбасын таныстыру. 2. "Ескірмеген ескі сөздер"- Ырым-тиым туралы сөздер айта отырып, мағынасын түсіндіру. 3. "Өнер сайысы"- Ән айту, би билеу, күй тарту. 4. "Ас-адамның арқауы"- Ұлттық тағамдардың жасалу жолдарымен таныстыру. (Үйден дайындап әкеліп көрермендерге көрсету.) 5. "Сыр сандық"- Сұрақтар қою. Қорытынды сөз әділ-қазыларға беріліп әжелерге атақтар беріп, марапатталды. Үміт әжеге- "Өнегелі әже", Наташа әжеге "Өнерлі әже" атақтары беріліп, сыйлықтар ұсынылды.