Отрасли
Новость
« Табиғат – ол тіршіліктің тынысы»
ӘБ отырысында « Келісемін» «Бекітемін
қаралды.ӘБ жетекшісі: ғылыми – әдістемелік №49 орта мектеп директор
А.У.Кошкарова ______ ісі жөніндегі орынбасары: Д.М.Джумартова______
А.Т.Хамитова _________
Тақырыбы: « Табиғат – ол тіршіліктің тынысы»
Ұраны : Табиғат ол тіршіліктің тынысы,
Табиғат ол туған жердің ырысы.
Қазынасы әрқашан таусылмайтын,
Табиғат ол байлығынның кірісі.
Мақсаты :
- Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,табиғатты адамның екінші анасы ретінде сыйлауға ,оларды күтуге,адамгершілікке баулу.
- Табиғаттың біртұтастығын,оған ұқыпты көзқарас керектігін ұғындыру
- Зерттеушілік қабілеті мен шығармашылық белсенділігін дамыту.
Ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар жоспары
№ |
Тақырыбы |
Өткізілетін күні |
Сыныбы |
Жұмыстың түрі |
Жауапты мұғалім |
1 |
Апталықтың ашылуы |
5-11 сыныптар |
Саптық жиын |
Кошкарова А.У. |
|
2 |
« Зат мөлшері.Моль. Авагодро саны. Молярлық масса» |
І ауысым 2 сабақ |
8 «Ә» |
Ашық сабақ |
Садыбекова Ж. |
3 |
«География және биология әлеміне саяхат» |
І ауысым 6 сабақ |
7 сыныптар |
Сайыс сабақ |
Тәңірбердиева А Тегисхан Р |
4 |
«Гидросфера оның құрамдас бөліктері,қасиеттері және су айналымы» |
І ауысым |
10 «Ә» |
Ашық сабақ |
Қобланова Н |
5 |
«Аласа таулар өлкелері» |
6 сабақ |
8 «Ә» |
Ашық сабақ |
Тегисхан Р |
6 |
«Қызықты химия» |
ІІ ауысым |
8 сыныптар |
Сайыс сабақ |
Садыбекова Ж Бөрібекова Ә |
7 |
«Химиялық реакция тендеуі бойынша реакция өнімінің массасын,көлемін,зат мөлшерін есептеу» |
І ауысым 2 сабақ |
8 «А» |
Ашық сабақ |
Бөрібекова Ә.Н |
8 |
«Дарындылар додасы» |
6 сабақ |
8-9 сыныптар |
Интеллектуалды білім сайысы |
Зейденова Р.З Қобланова Н |
9 |
«Қазақстанның биік таулары» |
5 сабақ |
8 «А» |
Ашық сабақ |
Зейденова Р.З. |
10 |
«Табиғат қыл қалам ұшымен» |
5-8 сыныптар |
Қабырға газеттер сайысы |
ӘБ мұғалімдері |
|
11 |
« Күз Патшасы мен Патшайымы» күзгі бал |
Рәсім залы |
8-11 сыныптар |
Күзгі бал |
ӘБ мұғалімдері |
12 |
Жабылуы |
8-11 сыныптар |
Қорытынды кеш |
ӘБ мұғалімдері |
Апталықтың ашылу салтанатынан көрініс
6 сынып оқушыларының
« Табиғат» жайлы жыр
шумақтарын оқу сәті
Жаратылыстануәдістемелік
бірлестігінің жетекшісі
А.У.Кошкарованың онкүндік
барысында өткізілетін
іс-шаралар жоспарымен
таныстыру сәті
Саптық жиын көрінісі
Он күндік аясында өткен ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың әзірлемелері
«Тексерілді» «Келісемін» «Бекітемін»
Директордың ғылыми Директордың оқу ісі № 49 орта мектеп
істер жөніндегі орынбасары: жөніндегі орынбасары: Д.М.Джумартова ______
А.Т.Хамитова______ Д.Н.Сералина_______
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Аласа таулы өлкелер»
Пәні: география
Пән мұғалімі: Тегисхан Роза
Сыныбы : 8 «ә»
Тақырыбы: Аласа таулы өлкелер
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік: Қазақстан аумағындағы аласа таулы өлкелердің ерекшеліктерімен таныстыру.
2.Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру арқылы шығармашылық пен картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту,. Отанына, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, табиғатты сүюге, аялауға бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап,СТО.
Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:
Слайдтар,интерактивті тақта, ҚР физикалық картасы, атыластар.
Сабақтың барысы:
- I.Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен амандасу,
-оқушыларды түгендеу.
- оқушыларды алдын-ала Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау болып 3 топқа бөлінеді.
-оқушылар зейінін сабаққа аударту
Қызығушылықты ояту стратегиясы:
Жұмбақ сұрақ- жауап беру.
Картадан географиялық нысандарды көрсету. 1. Еліміздегі теңіз атымен аталған ойпат 2. Тамақ атымен аталатын құм 4. Құс атымен аталатын үстірт 5. Көл атымен аталатын жазық 6. Ұлт атымен аталатын жазықтар 7. Дене мүшесінің атымен аталатын құм 8. Бояу атымен аталатын құм 9. Ғалым атымен аталатын төбешік
Мәтінмен жұмыс жасау: Әр топ жеке бөліп береге таулар бойынша сол таудың географиялық орнын, жер бедерін, табиғатын, пайдалы қазбаларына, климатына анықтап береді.
Сарыарқа
Қазақтың усақ шоқысы Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатыр. Ол батысында Торғай үстірті мен Тұран ойпатына дейін жетіп, шығысында Сауыр-Тарбағатай тау жүйелерімен, оңтүстігінде Балқаш көлі жәнө Бетпақдаламен, солтүстігінде Батыс Сібір жазығымен шектесетін ұланғайыр аумақты құрайды.
Батыстан шығысқа карай 1200 км-ге созылған. Батысында ені 900 км-ден астам, ал шығысында — 350 км-ге жуық.
Сарыарқа — Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке. Абсолюттік орташа биіктігі 500-600 м. Оған миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстык пен аяз, қар мен ағын су күшті әсер еткен. Бір кездегі биік таулар сырткы күштердің әсерінен мүжіліп, алуан түрлі жер бедерлері қалыптасқан. Аласа таулар, қырқалар, ұсак шоқылар, жазықтар пайда болды. Сарыарқа орталығы мен шығысында биіктеп келіп, солтүстігінде, оңтүстікке және батысқа қарай бірте-бірте аласарады. Ол Солтүстік Мұзды мұхит алабы мен ішкі тұйық алаптардың арасындағы суайрық болып саналады. Қазақтың қатпарлы өлкесі архей мен протерозойдыңгранит, порфирит, кварцит, құмтас және тақтатасы басым болып келетін ежелгі жыныстарынан түзілген.Сарыарқаның ең биік таулары катарына шығыс бөлігінде Ақсораң (1565 м), Қарқаралы (1403 м), Шыңғыстау (1305 м) таулары, батыс бөлігіне Ұлытау (1133 м) жатады. Сарыарқаның Қарқаралы, Баянауыл және Көкшетау таулары өте көрікті.
Жел мен жаңбырдан мүжілген жартастар өзінің ғажайып пішіндерімен таң қалдырады. Мұнда әдемі «мұнаралар», «корған», «жеке батыр», «салт аттыны» және көл түбінен көтеріліп тұрған әдемі «жұмбақ тасты» кездес- тіруге болады. Тау аралыктарында көгілдір мөлдір көлдер жарқырайды. Сыңсыған карағай мен қайың, әйгілі «Жұмбақтас», «Көкшенің шоқылары» ерекше сұлу болғандықтан, жұрт оны «Қазақстан Швейцариясы» деп атайды.
Сарыарканың көп жерінде түрлі үңгірлер де баршылық.
Мұғалжар
Орал тауының оңтүстігінде, Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып табылады. Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмасы — оның шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік болып келеді. Мұғалжар солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 км-ге созылған.Бір-біріне параллель жатқан Батыс және Шығыс жоталары арасында ені 15-20 км-лік толқынды жазық орналасқан. Оның кейбір жерлерінде ұсақ шоқылар да бар. Мұғалжар оңтүстікте төбелері тегіс аласа кырқаларға және жеке дара тұрған Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады.Сарыарқа сияқты Мүғалжар да шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген ежелгі таулы өлке. Ең биік жері - Үлкен Боқтыбай (657 м).
Маңқыстау таулары
Каспий теңізінің Маңқыстау түбегінде жатыр. Бұған Қаратаудың батыс және шығыс жоталары мен оңтүстік және солтүстік Ақтау тау тізбектері кіреді. Қаратаудың ұзындығы 117 км, ал Ақтау 70 км-ге созылған. Олар сай, жыра, шатқалдармен тілімделген. Маңқыстау таулары Сарыарқаға қарағанда жас, бірақ кұрылысы мен жер бедерінің жалпы сипаты жағынан көп ұқсастығы бар.Маңқыстау тауларының биік бөлігі Қаратау жотасындағы Бесшоқы (556 м).Бұл таулар құм, кристалды тақтатастардан, қара - әк тастан (Қаратау) жәнө ақ әк-тастан (Ақтау) түзілген.Маңқыстау тауларының оңтүстігінде Қарақия немесе Батыр ойысы орналаскан. Ол - Қазақстанның, бүкіл ТМД елдерінің теңіз деңгейінен ең төмен (-132 м) жаткан жері. Дүние жүзінде ИзраильдегіӨлітеңіз (-395 м), ҚытайдағыТурфан (-154 м), Джибутидегі (Африка) Ассалы көлі (-150 м) мен Египеттегі Каттардан (-133 м) кейін бесінші орында.[1]
Қызықты деректер: Шерқала - бір қарағанда - киіз үйге, бір қарағанда жасырынып жатқан аңға ұқсайды екен. Оған міну киын, ал түсу тіптен киын. Оның үңгірлеріне кіруге көп адамның жүрегі дауаламайды екен. Сол жердің қарттарының айтуы бойынша ішінде елестер бар дейді. Ол талай ақын, суретшілердің еңбектеріне арқау болған. Шерқала аты аңызға айналған қасиетті жартастың қасында тұлғасы қазақстандық тарихы үшін маңызды болған Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының бекінісі орналасқан деп саналады. Шерқала түрік тілінен «арыстан тауы» дегенді білдіреді. Шайтан көл - Жұмбақ көл. Жергілікті тұрғындардың айтуы бойынша, түрлі адамдар бұл көлден елес көрген. Көлдің орта тұсы қап - қара болып иірімденіп жатады екен. Көл шағын болғандықтан арғы беттегі адамдар кейде көрініп, ал кейде көрінбейді екен. Шайтан алып кетті ме қайда кетті деп, атауы осыдан шыққан дейді. Жағасына туристер өте көп келеді. Бірақ бұл жерде түнде ешкім қалмауға тырысады екен. Археологтар Мұғалжар тауынан палеолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың 40 шақты орындарын тапқан. Онда алғаш адамдардың тұтынған көптеген заттары табылған. Зерттеулер жүргізген кезде бұл заттарға шамамен млн жыл болғандығы анықталған. Сонда Қазақстан жерінде алғаш адамдар кәзір айтып жүргеннен әлдеқайда бұрын қоныстанған. Батыстан табылған ен алғаш Тасқа жазылған таңбалары бар. Олар әр түрлі біреулері адамның табаны сияқты болса, енді біреулері жылан тәріздес. Оқжетпес туралы атақты географ саяхатшы Ш Уәлиханов 15 түрлі аңыз әңгімелер жинаған екен. Соның біреуі: Қазақтар көшіп - қонып жүрген кезеңде осы тауда бір бүркіті өмір сүреді. Ол сұлтандардың жағымсыз қылығына қырғи көзбен қарап отырады екен. Оны жаратпаған сұлтандар атайын десе оқтары жетпепті содан Оқжетпес атанған дейді. Таудың Ұлытау аталуына мынадай оқиға себеп болған екен. Тәуке хан 1389 жылы «Жеті жарғы» заңын бекіту үшін атақты биді шақыртады. Төле би бас би болады. Әйтеке би, т. б билер келеді. Әр жүздің міндет??? ы? тарын, байлықты бөлу мәселесін қарастырады. Онда үш жүзді жауластырмай, басқа шапқыншылардан қазақ халқын қорғау мәселесі шешіледі. Міне осы Ұлытау деген шы? маңайында қазақ халқы үшін ұлы мәселелер шешілген деседі. Мұғалжардағы «Екі ағайынды»тауы - Өте әдемі тау. Бұлай аталу себебі туралы аңыз көп. Біреулері екі мемлекетте орналасқан тау болғандықтан десе, енді біреулері екі атауы болғандықтан дейді. Ал кейбір деректерге сүйенсек бұл тауға соғыс кезінде екі ағайынды ұшқыш мінген самолет құлаған деседі. Жұмбақтас - Демалып жатқан тынығушылар қайықпен, катамаранмен көлдің ортасына орналасқан “Жұмбақтасқа” барып, оның кереметіне таң қалуда. “Жұмбақтасты” бір қырынан қарасаң — бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң — бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың.
-Кескін картаға аласа тауларды белгілеу.
Геодиктант 1. Сарыарқа - Қазақстан жеріндегі ең... тау. 2. Мұғалжар... тауының оңтүстігіндегі Қазақстан жеріндегі жалғасы. 3. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде... ойысы орналасқан. 4. Мұғалжардың ең биік нүктесі... Сарыарқа Қазақстанның.... орналасқан.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
«Тексерілді» «Келісемін» «Бекітемін»
Директордың ғылыми Директордың оқу ісі № 49 орта мектеп
істер жөніндегі орынбасары: жөніндегі орынбасары: Д.М.Джумартова ______
А.Т.Хамитова______ Д.Н.Сералина_______
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Биік таулы өлкелер»
Пәні: география
Пән мұғалімі: Зейденова Роза
Сыныбы : 8 «а»
«Тексерілді» «Келісемін» «Бекітемін»
Директордың ғылыми Директордың оқу ісі № 49 орта мектеп
істер жөніндегі орынбасары: жөніндегі орынбасары: Д.М.Джумартова ______
А.Т.Хамитова______ Д.Н.Сералина_______
Ашық сабақ
Тақырыбы: « Зат мөлшері.Моль.
Авагодро саны.Молярлық масса»
Пәні: химия
Пән мұғалімі: Садыбекова Ж
Сыныбы : 8 «ә»
Күні: 15.10.13ж.
Сыныбы: 8 «ә.б.в»
Сабақтың тақырыбы: Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Химиялық формулалар бойынша заттың мольдік массасын және зат мөлшерін есептеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Оқушыларға зат мөлшері. Моль. Авогадро саны бойынша алған білім-білік дағдыларын қалыптастыруда есептер шығаруды үйрету.Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыру;
Дамытушылық - Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуді дамыту.
Тәрбиелік – Ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуді ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі. Сызбынұсқалар.Ә.Е.Темірболатова.Есептер мен жаттығулар жинағы.
Реактивтер:Сынауықтар, спирт шамы,қысқыш, құрғақ спирт,сіріңке..
Сабақ әдісі: жарыс, деңгейлеп оқыту, мәселелік оқыту, дамыта оқыту технологиясы..
Сабақтың барысы:
- Оқушыларда түгендеу.Оқушыларды ұйымдастырып, екі топқа бөліп (сутегі және оттегі) топ аттары және топ басшылары сайланады. Оқушыларға сабақтың барысы мен мақсаты түсіндіріледі.
Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімін тексеру.
«Миға шабуыл»
Бұл кезеңде оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады.Уақыт есептеліп, әрбір дұрыс сұраққа 1ұпай беріледі және ол ұпай топ пайдасына шешіледі.
- таңбалардың дұрыс оқылуын тексеру.
- 2 + O2 =
- 2 =
- 2 =
- + O2 =
«Кім жылдам?»
Cөз жұмбақ, сөзөрім шешеді.
«Зерделі химик»
Практикалық жұмыс. Зертханалық құрал жабдықтармен жұмыс істеп үйрену.
№ |
Не жасадық? |
Не байқадық? |
Қорытынды |
1 |
Шыны приборға су құйып, спирт шамының жалынына қыздырдық. |
Су қайнап,бу, су тамшылары,жылу, және газ бөлінді. H2O = H2 + O2 |
Жану реакциясы жүрді. Нәтижесінде суқайнап, газ бөлінді. Мг(H2O) = 2*1+16 = 18г; М (H2O) = = 18г/моль
|
Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны:
«Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Химиялық формулалар бойынша заттың мольдік массасын және зат мөлшерін есептеу»
Зат мөлшері мольмен өрнектеледі. Моль бұл құрамында 0,012кг(12г) көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер.Көміртектің әрбір атомының массасын(1,993*10-23) біле отырып, 0,012кг көміртектегі атомдар санын NA есептеуге болады.
NA = = 6,02*1023 ; NA – Авогадро саны; өлшемі моль- деп белг.
Ол кез келген заттың 1молінде 6,02*1023 бөлшектер болатынын көрсетеді. Авогадро саны өте үлкен сан.Қазақ халқы өте көп нәрсені «адамның шашындай» екен деп сипаттайды.Авогадро саны жер бетіндегі барлық адамдардың шашының санынан да көп. Сөйте тұра, ыстық күнде 1моль су ішсең шөліне қана қоймайды, өйткені ол небәрі18г, яғни18мл болады. Химияда заттың әрбір молінің массасы молярлық масса деп аталады, ол г/мольмен өлшенеді және оны М әріпімен белгілейді. 1) М= , мұндағы v(ню)-зат мөлшері. Мыс: Судың салыстырмалы молекулалық массасы: 2) Мг(H2O) = 2*1+16 = 18г;
Судың 1молінің молярлық массасы: а)М (H2O) = = 18г/моль ;
б) М (H2O) = = = = = = 18г/моль
Алгоритм
- г,p,v,m, ) тауып астына жазу.
m(таза зат)
w(таза зат) = ------------- * 100%
m(қоспа)
Есеп шығару алгоритмі
Есептің мазмұны(шарты)
Белгілі(берілгені)
Белгісіз. Табу керек. Нені?
Шешуі: а) Реакция теңдеулері
ә) Амалдау
Жауабы:
Тексеру,дәлелдеу.
«Сергіту сәті» есептер шығару
Деңгейлік тапсырма
Ортаға кубик лақтырылады. Кубиктің әр қырында нөмір бар: 1,2,3,4,5,6. Әр оқушыға қай нөмір түссе, сол есепті шығарады.
Химиялық формула – химиялық тілдің ең маңызды бөлігі болып есептеледі , заттың химиялық құрамын ажыратып береді.
1) v = , 2) v= , 3) v = ,
I-деңгей
№1. Хлор молекуласының CI2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеңдер.
Берілгені: Шешуі: Аг (CI) = 35,5; Мг(CI2) = 2* Аг (CI); Мг(CI2) = 2*35,5 =71
CI2
Табу/к:Мг(CI2) =? |
Жауабы: Мг(CI2) =71
II-деңгей
№2.Алюминий гидроксиді AI (OH)3 құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептеңдер.
Берілгені: Шешуі: Мг AI(OH)3= Аг(АI) +3 Аг(О) + 3 Аг(Н) =
= 27+3*16+3*1=78
AI (OH)3
W (АI)= 0,346 Н/Е 34,6%
Т/к w AI(OH)3=? |
W (О) = 0,615 Н/Е 61/5%
W (Н) = 0,039 Н/Е 3/9%
III-деңгей
№3. Төменде берілген химиялық реакциялар сызбанұсқаларындағы валенттіктері көрсетілген заттың формуласын жазып, коэфициенттерін қойыңдар.
I I III I
1) AI + HCI = AICI +H2
I II IV II
2) H2S + O2 = SO + H2O
III I II II
2) NH3 + O2 = NO + H2O
IV- деңгей
№4. Массасы 49г күкірт қышқылының H2SO4 зат мөлшерін табыңдар.
Берілгені: Шешуі: 1)Күкірт қышқылының молярлық массасын табамыз:
m( H2SO4) =49г
Мг(H2SO4)=2*1+32+4*16=98; М(H2SO4)=98г/моль
Табу/к:v(H2SO4)=? |
2) v(H2SO4) = 0,5моль
Жауабы: v (H2SO4) = 0,5моль
«Асулардан асайық»
Бекіту: Айналамызды қоршаған химия. Сондықтан «Химиясыз тіршілік жоқ»,
«Сусыз ,ауасыз жер бетінде тіршілік жоқ».
Қорытынды:
|
||
Не білдім? |
Не үйрендім? |
Нені білгім келді? |
Бағалау. Ұпай саны бойынша бағаланады.
Марапаттау. Мұғалім сабақты қорытындылау рәсімін күнделікті сабақтан ерекше етіп жеке оқушылардың қабілеттеріне байланысты мысалы: «Алғыр химик», «Тапқыр химик», «Зерделі химик» т.б. номинациялар бойынша марапаттап, тиісті бағаларын қойдым. Сабақ тартымды және оқушылардың қызығушылығын оята алады.
Үй тапсырмасы: қайталау
«Тексерілді» «Келісемін» «Бекітемін»
Директордың ғылыми Директордың оқу ісі № 49 орта мектеп
істер жөніндегі орынбасары: жөніндегі орынбасары: Д.М.Джумартова ______
А.Т.Хамитова______ Д.Н.Сералина_______
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Химиялық реакция тендеуі бойынша реакция өнімінің массасын,көлемін,зат мөлшерін есептеу»
Пәні: химия
Пән мұғалімі: Бөрібекова Ә.
Сыныбы : 8 «а»
Күні:17.10.13ж.
Сыныбы: 8 «а»
Сабақтың тақырыбы: «Cандық есеп: химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын ,көлемін, зат мөлшерін есептеу » Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушылардың алдыңғы сабақта химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын ,көлемін, зат мөлшерін есептеу туралы алған теориялық білімдерін нақтылау
Дамытушылық: Масса, зат мөлшерінің өлшем бірлігі, молярлық масса деген ұғымдарды өзара байланыстыра отырып, есеп шығару дағдысын дамыту
Тәрбелік: Топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, қарапайымдылыққа тәрбелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: есептер шығару, жаттығуларды орындау және сұрақтарға жауап беру
Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, үлестірме кестелер, интерактивті тақта мен билет сұрақтары
Күтілетін нәтиже: 1.Зат мөлшері, моль, авагадро саны,молярлық массаның анықтамасын сауатты айтып беру. 2.Химиялық формулаларды дұрыс жаза білу. Сабақтың барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі (сыныпты тексеру,топқа бөлу)
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімін тексеру
Қызығуды ояту.
«Химиялық ой жинау»
Үйге берілген есептерді тексеру. Проблемалық сұрақтар қою арқылы ұй тапсырмасын сұрау
1 Зат мөлшері деген не?
4.Молярлық массаұғымын қалай түсіндіресің?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын ,көлемін, зат мөлшерін есептеу
Оқушыларға дайындалған кестелер үлестіріледі,әр топқа жеке. Әр оқушы өз тапсымасын дәптерде орындайды,жауаптарын қарандашпен кестеге салады.
І тапсырма. Салыстырмалы молекулалық массасын есепте
І топқа
Оқушының аты |
Заттар |
Жауаптары |
1 |
N2 , H2O , H2 SiO3, P2O5 |
|
2 |
CI2 ,C 2H 2, H 2C O3, Na2 O |
|
3 |
C H4 ,N a CI ,H 2SO4 ,H2 |
|
4 |
P4 ,C 6H6 ,HCIO 4 , Cr (OH )3 |
|
ІІ топқа
1 |
S 4, N O2, MgO ,CO |
|
2 |
H 2O , N H 3,AI2 O 3, C aO |
|
3 |
CuO ,N a CI ,H 2SO4 ,H2 |
|
4 |
P4 ,C 6H6 , H 2 SiO 3, P 2O 5 |
|
2-тапсырма. Мына берілген заттар қанша мольден тұрады?
Оқушының аты |
Заттар |
Жауаптары |
1 |
12 г P 2O 5 |
|
2 |
8 г Na2 O |
|
3 |
22 г N a CI |
|
4 |
27 г C 6H6 |
|
3-тапсырма. Берілген зат мөлшерінің массасын есепте
Оқушының аты |
Заттар |
Жауаптары |
1 |
0,4 моль MgO ; 1,5 моль CO2 |
|
2 |
0,2 моль AI2 O3 ; 1,4 моль Na2 O |
|
3 |
0,5 моль CuO ; 0,2 моль HCIO 4 , |
|
4 |
0,3 моль P 2O 5 ; 1,6 моль CH4 , |
|
4-тапсырма.
№1. Келтірілген сызбанұсқаларына сәйкес химиялық реакциялар теңдеулеріне коэффициенттерін қойып теңестіріңдер
Сабақты пысықтау:
Оқушыларға физика курсынан белгілі: массамен көлем арасындағы байланыс және масса мен зат мөлшері арасындағы байланыстар. Міне осы мәліметтерді пайдалана отырып есептер шығаруға болады. Мысалы:
m = p ∙V және m = γ ∙ M
Осыдан M = m / γ ; γ = m / М
М (эл) = m0 (атом) NА М(С)=1,99∙1023∙ 6∙1023моль-1 =12
М (зат) = m0 (молекула)NА М(Н2О)=3,001∙1023∙6∙1023моль-1 =18
Есеп №2. 0,25 моль күкірт қышқылының Н2SО4 массасын табу.
Шешуі:
γ (Н2SО4)=0,25моль m = γ ∙ M М(Н2SО4)=98г/моль
-------------------------- m (Н2SО4) = 98г/моль ∙ 0,25моль =24,5г
m(Н2SО4)=?
Мr(Н2SО4)=98
Жауабы: 0,25моль (Н2SО4) – 24,5г тең.
Есеп №3 11г көмір қышқылында (С ) қанша молекула бар және зат мөлшерін табу.
Шешуі:
M(СО2) =11г γ = m / М N0 = γ ∙ NА
------------------
γ(СО2) - ? N0-? М (СО2) = 44г/моль
Мr(СО2) =44 γ (СО2) = 11г / 44г/моль = 0,25моль
NА =6∙1023моль-1
N0 (СО2) = 0,25 моль ∙ 6∙1023 моль-1 = 1,5∙1023
Жауабы: 11г көмір қышқылында (СО2) -0,25 моль және 1,5∙1023 молекула бар.
Химиялық теңдеу бойынша есептеу
Есеп №4. Мысты тотықтырып 40г СиО алу үшін қанша грамм оттегін қатыстыру керек.
Шешуі:
m(СиО) = 40г 2Си + О2 = 2СиО
----------
m(О2)- ?М(О2)=32г/моль m = γ ∙ M теңдеу бойынша оттегі мен СиО
М(СиО) = 80г/моль массасын табамыз.
m (О2) = 1моль ∙32г/моль = 32 г
m (СиО) = 2 моль ∙ 80 г/моль =160г
ІҮ. Бағалау.Топтар ұпай сандарына байланысты және үй тапсырмасы мен жаңа сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады
Үйге тапсырма: Ғаламтордан химиялық реакция теңдеуі бойынша реакция өнімінің массасын ,көлемін, зат мөлшерін туралы қосымша мәлімет қарау. № 1-163,167 есептерді шығару.
Сабақтан тыс ашық сабақтар
«Тексерілді» «Келісемін» «Бекітемін»
Директордың ғылыми Директордың оқу ісі № 49 орта мектеп
істер жөніндегі орынбасары: жөніндегі орынбасары: Д.М.Джумартова ______
А.Т.Хамитова______ Д.Н.Сералина_______
Тақырыбы:
«Қызықты химия»
(сайыс сабақ)
Өткізгендер: Садыбекова Ж, Бөрібекова Ә
Сыныбы : 8 сыныптар
Тақырыбы: «Қызықты химия» интеллектуалды білім сайысы.
Мақсаты:
-Оқушылардың «Алғашқы химиялық ұғымдар» тарауы бойынша алған білім-білік дағдыларын тексеру.Оқушылардың интелектуалдық деңгейін арттыру
- 8-сынып бойынша оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға , өз ойын еркін жеткізуді дамыту.
- Ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуде ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгінгі біздің химия пәнінен сыныптан тыс ұйымдастырып отырған «Қызықты химия» аттыбілімдер сайысына қош келдіңіздер!
Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайдай сыйнғандар
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақытты бұйырғандар.
-дей отырып бүгінгі ойнымызды бастайық:
I-кезең. Әр топ өзінің топтарының атын, ұранын,төсбелгісін айтып қорғау керек.
II-Бәйге.
Біздің келесі турымыз- «Бәйге» деп аталады. Сандар берілген, бұл сандар Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің реттік нөмірлері. Осы реттік нөмірде қандай элемент тұрғанын тауып, олардың бірінші әріптерін қолдана отырып, химиялық сөздер құрастыру керек.
1 топ: 19,ы,79,ы,81,ы, 108,49,75,77,я (Қызықты химия)
2 топ: 17,49,26,49,я,19,52,63,41,105,3-63,6 (Химиялық теңдеулер)
3 топ: 24,49,12,49,ч,63,16,,19,1-49,63,68,63,18,19,52,49,74,.(Хим.реактивтер)
- Ал,оқушы балалар
Толғанып бір алындар
Сендерге сұрақ беремін
Жылдам жауап табындар
Келесі турымыз – «Бізден сұрақ-,сізден-жауап»деп аталады.Біздер сұрак коямыз,сіздер жауабын айтасыздар.Сонымен бастаймыз!
- элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілет .қалай аталады? (валенттілік)
- кристалдау,айдау әдісі)
ІV «Сырларым бар химикке болған аян,
Таба алсаң сырларымды етем баян»
Осы қысқа мерзімде Менделевтің периодтық жүйесін қаншалықты меңгергендеріңді тексерейік. Олар туралы жұмбақтар жасырамыз. Жауабын үш тілде айту керек. (қазақша, орысша, латынша) дұрыс жауапқа 5 ұпай қойылады.
- Қара металлургиямын, жанамын,
Машина,трактордың қанымын.
VIII В топшада болсамда,
Металл атаулының көп қолданылатын санымын (темір, железо, ferrum)
- Ертеден белгілі жетеудің бірімін
Электроника саласында ірімін
Көптеген құймаларға кіремін
Әдемілігі жөнінде алтынмен тең жүремін (мыс, медь, cuprum)
- Менделеев аулының алтыншы көшесінде тұрамын
Әр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын
Мені балқыта алмай қиналады көбісі
Қазақстан – әлемде кенім жөнінен бірінші (вольфрам, вольфрам, вольфрам)
- Батыр майданда шынығады
............ қойнауда шыңдалады (темір, железо, ferrum)
V. Біздің келесі турымыз «Ойлан, тап!» деп аталады. Сіздерге элементтер беріледі, солардың оттегімен әрекеттесіп, теңестіріп реакция теңдеуін жазамыз.
- І топ: Na, Mg, Fe(III)
- II топ : Ca, K, S (III)
- III топ : C(II) , Li, Al
VI «Химиялық шытырман» - бұл кезеңде оқушылар, берілген химиялық қосылыстардың формуласын сәйкестендіру керек.
І топ:Na2SO4 - кальций карбонаты
HCl - натрий гидроксиді
NaOH – натрий сульфаты
CaCO3 - тұз қышқылы
ІІ топ: СuSO4 – азот қышқылы
BaCI2 – калий гидроксиді
HNO3 – барий хлориді
KOH – мыс сульфаты
ІІІ топ: FeSO4 – натрий хлориді
ZnCl2 – калий нитраты
KNO3 – темір сульфаты
NaCl – мырыш хлориді
Қорытынды:Сабақ әділқазылардың шығарған ұпайларына байланысты, мынадай ноимнациялар бойынша марапаттауға рұқсат етіңіздер.
- Біліампаз химик
- Зерттеуші химик
- Жас химик