Отрасли
Сообщества
Новость
«Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!»
«Егер де біз Қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек». Қарға тамырлы қазақтың ғана емес, тұтас түбі бір түркі жұртының рухани ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлы туған тіліміздің тағдыры талқыға түскен өткен ғасырдың басында осылай деп толғапты. Бұл егеменді елінің кетігіне кірпіш, жыртығына жамау болуды мұрат тұтқан ақылы сау әрбір алаш баласы үшін өмірлік ұстаным болуға татырлық таптырмас тұжырым екені баршамызға белгілі. «Асқанға аспан да аласалық етер» дейді қазақ. Асатын жайымыз жоқ. Тәубе, тәуелсіз ел есебінде 22 қыркүйекке мемілекеттік мереке мәртебесін беріп, жыл сайын туған тілімізді ұлықтаудамыз. Мереке демекші, бүгін мектебіміздің акт залында алдағы Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған тіл апталығының алғашқы ашылу салтанаты болып өтті. «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» деп аталып, аптаның аяғына дейін жалғасын табатын мерекелік шараның шымылдығы әуелі мектеп директоры Дүйсенова Күнімхан Сымағұлқызының құттықтау сөзімен ашылды. Қазақ тілі пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған бұл жолғы кештің асабалық тізгінін өз қолдарына алып, аталған шараны қазақ, орыс ағылшын тілдерінде қатар жүргізді. Қазақ жырының алтын қорындағы мемілекеттік тіл тақырыбында жазылған рухты оятатын өлеңдер оқылып, кеш соңы Сәрсенбаев Абылайханның орындауында «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.