Отрасли
Сообщества
Новость
"Тіл – әдебиеттің анасы" тақырыбы аясында тілдер апталығы болып өтті...
«Әдебиет – ардың ісі» болса, Тіл – әдебиеттің анасы. Әлемде әуелі тіл, сосын сол ұлттық тілдің өзегімен ұлттық әдебиет жасалған. Демек анамыздың ақ сүтімен дарыған туған тілімізбен төл әдебиетіміз бауырлас бір атаның баласындай егіз ұғым. Ендеше қазақ әдебиетіне деген құрмет әуелі туған тіліміздің барын бағалаудан басталатыны белгілі. Осыған орай бүгін қыркүйектің 17 жұлдызы күні мектебіміздің акт залында Қазақстан халықтарының тілдері апталығы аясында қазақтың көрнекті ақыны Несіпбек Айтұлының «Бас сүйектер» поэмасы бойынша сахналық көрініс қойылды. Қазақ тілі пәні бірлестігінің мұрындық болуымен өткен аталмыш сахналық қойылымда оқушылар 7 «д» сыныбының жетекшісі Айнаш Битемірқызының дайындауымен өздеріне жүктелген образды сәтті сомдап, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Кеш шымылдығы Ләзат Сәрсенқызының қортынды сөзімен жабылды.