Отрасли
Сообщества
Новость
Жаңа жыл мерекесін ұйымдастыру туралы
2013 жылдың 24-28 желтоқсаны аралығында мектеп-гимназия оқушыларына арналған Жаңа жыл мерекесінің өткізілуіне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шараларға мектептің 1-11 сынып оқушыларының қатысуы қамтамасыз етілсін.- Мерекені мектептің мәжіліс залында өткізетін сыныптар (1А, 1Ә, 1Б, 1В, 1Г, 2В, 2Г, 2Д, 3Ә, 3Б, 3В, 4Б, 4В, 4Г) белгіленген уақыттарына сәйкес өткізсін. Мерекені өткізу барысында оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігі толығымен қамтамасыз етілсін. Пиротехника, бенгаль шамдарын қолдануға қатаң тиым салынсын. Жауапкершілік директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары: Л.В.Бекибаеваға мен А.Е.Аманжоловаға және аталған сыныптардың сынып жетекшілеріне жүктелсін.
- Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары С.С.Иваненко мерекелік күндерде мектептегі жылу, жарық жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауын, өрт қауіпсіздігі іс-шараларын толық қамтамасыз етіп, электриктермен нұсқаулықтар жүргізіп, кезекшілікке тағайындасын.
- Мектептен тыс жерлерге баратын бастауыш сыныптардың (2Ә, 2Б, 4А сыныптары М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайына барады, 2А сыныбы М.Горький атындағы орыс драмтеатрына, 3А сыныбы «Керуен» ОСО-на, 4Ә сыныбы «Аружан» ОСО-на барады) сынып жетекшілері оқушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне толығымен жауапты болсын. Мереке өткізілетін жерге бару және қайту жолдарындағы қауіпсіздік іс-шаралары қатаң сақталсын.
- 26 желтоқсан күні сағат 14:00-16:00 аралығында 5-7 сынып оқушылары арасында «БАТТ» клубында Жаңа жыл мерекесін өткізу барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А.Кампитоваға, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Қажымұратоваға, ұйымдастырушы педагог А.М.Тайжановаға, мұғалімдер: Мұрат Еркінбекке, Ж.Маненовке,
М.Изеевке және сынып жетекшілеріне жүктелсін. Мереке өткізілетін жерге бару және қайту жолдарындағы қауіпсіздік іс-шаралары қатаң сақталсын.
- 27 желтоқсан күні сағат 18:00-20:00 аралығында 8-11 сынып оқушылары арасында «БАТТ» клубында Жаңа жыл мерекесін өткізу барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А.Кампитоваға, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К.Амироваға, әлеуметтік педагог
А.Т.Нурсейтоваға, ұйымдастырушы педагог А.К.Залетаеваға, психолог Б.С.Шонаеваға, АӘД мұғалімі М.К.Джолумбетовке, дене шынықтыру мұғалімдері: Санихан Дәулетбекке, А.Ж.Бигаливке, А.Б.Ибраевке, Ж.Н.Мусинге және сынып жетекшілеріне жүктелсін. Мереке өткізілетін жерге бару және қайту жолдарындағы қауіпсіздік іс-шаралары қатаң сақталсын.
- Сынып жетекшілері оқушылармен көпшілік орындағы тәртіп және қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулықтар жүргізсін.
- Бұйрықтың орындалуын бақылау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А.Кампитоваға жүктелсін.
Директор Шаймердинов Г. М.