Отрасли
Сообщества
Новость
Тұңғыш Президент күні аясында өткізілген іс-шаралар туралы
Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында 19 қарашадан бастап 1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күніне байланысты іс-шаралар ұйымдастырылды. Өткізілетін іс-шаралар барысына жоспар жасалып, бекітілді. Жоспарға сәйкес іс-шараның ашылуын19 қараша күні дене шынықтыру пәні мұғалімдері «Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық» тақырыбында мектеп оқушылары арасында әр түрлі спорттық жарыстар өткізді. Іс-шараның мақсаты: оқушылар арасында салаутты өмір салтын қалыптастыру. Балалар мен жасөспірімдерді спортқа қызықтыру, жат қылықтардан аулақ болып, дені сау, салауатты адам болып шығуға тәрбиелеу.
Спорттық жарыстар қазақтың ұлттық ойындары «Қыз қуу», «Көкпар» ойындарымен ашылды. «Қыз қуу» ойынын қазіргі заманға лайықтап, аттың орнына велосипед қолдану арқылы өткізді. Ойын дәстүрге сай ең алдымен қыздар мен жігіттердің айтысуынан басталды. Ал «Көкпар» ойынында оқушылар екі топқа бөлініп, қолдан жасалған лақты жердегі шеңберге түсірулері керек болды. Екі ойын да көрермендер көңілінен шықты.
Жарыс 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген «Көңілді жарыстар» ойындарымен жалғасты.
21-30 қараша аралығында мектеп кітапханашысы Г. К. Гайсина «Президент –Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің кепілі» атты кітап және фото көрмесі ұйымдастырды және мектептің төртінші қабатының дәлізінде бейнелеу өнері пәні мұғалімі Ж. К. Сатубалдина «Бейбіт әлемнің символы» атты оқушылардың өздері салған суреттерінің көрмесін ұйымдастырды.
Қарашаның 26 күні тарих пәні мұғалімдері Д. А. Сейдахметова, Д. М. Дузельбаева және Ж. Қ. Қырықбаевтың ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары арасында «Президенттің уақыт және өзі туралы ойлары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, Жастар саясаты, Жаңа Жібек жолы, ЭКСПО-2017 мәселелері төңірегінде пікір алмасып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын ортаға салды.
29 қараша күні 1-11 сыныптар арасында «Еліне тұғыр болған Елбасы» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту болды.
29 қараша күні «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» атты тақырыпта қалалық семинар өткізілді.
Семинар ІІІ бөілмнен тұрды. І бөлімі – семинардың ашылуы мектептің мәжіліс залында өтті. Семинарды директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Кампитова Салтанат Амановна «Мектептегі салауатты өмір салты тәрбиесі» атты тақырыптағы баяндамасымен ашты.
Математика пәні мұғалімі Кан Анна Дмитриевна 11 сынып оқушыларымен «Экологический туризм и ЗОЖ» тақырыбында жеке сынып тәжрибесінен салауатты өмір салты бойынша өз ойларымен, істелген жұмыстарымен бөлісті. Бастауыш сынып мұғмлімі Баймухамбетова Паризат Женисовна жазғы лагерьде оқушылармен салауатты өмір салты бойынша жүргізілетін жұмыстары туралы көрсетіп, айтып берді. Семинардың екінші бөлімінде мектеп мұғалімдері «Салауатты өмір – нұрлы болашақ» тақырыбына байланысты сабақтар көрсетті. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Евстратова Татьяна Васильевна «Путь к себе» атты тақырыпта әңгіме сағатын, бастауыш сынып мұғалімі Баймухамбетова Паризат Женисовна «Дорога здоровья» тақырыбында брейн-ринг өткізді.
Бастауыш сынып мұғалімі Маханова Бағила Жармағанбетовна «Бақытым да, байлығым да денсаулығым» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Бейнелеу өнері пәні мұғалімі Сатубалдина Жанар Каримтаевна мен музыка пәні мұғалімі Емшанова Ольга Вячеславна «Путешествие в мир здоровья» тақырыбында ойын-сабағын өткізді.
Мектеп психологі Нурушева Гульнар Жусуповна мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемельбаева Зухра Сапахуновна «Я в этот мир пришел... Быть человеком» (по произведению Д. Фонвизина «Недоросль») тақырыбында тәрбие сабағатын өткізді.
Семинардың ІІІ бөлімінде мектеп оқушылары бастауыш сынып мұғалімі А. С. Лещевтің басшылығымен денсаулыққа пайдалы жаттығулар мен билердің үлгісін көрсетіп, келген қонақтардың ой-пікірлері бойынша қорытындылар жасалды.
30 қараша күні 7-10 сынып оқушылары арасында «Болашақ бүгіннен басталады» атты тақырыпта мектепішілік «Жайдарман» командаларының ойыны өтті.
Өткізілген іс-шаралар барысында оқушылардың еліміздің болашағына деген сенімдерімен қатар, Елбасымыздың салиқалы саясатын қолдайтындықтарын және өздері де жарқын болашақ үшін өз үлестерін қосуға дайын екендіктері анық байқалды.