Отрасли
Сообщества
Новость
Жаңалықтар
Мен Айтымова Мадина, Санкт-Петербург қаласын қарап келгенім үшін, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығына көп алғыс айтамын. Себебі, Ресейдің солтүстік астанасын көріп келуге әр баланың арманы болып саналады деп ойлаймын. Осындай мүмкіндік әрбір баланың қолына келмейді деп ойлаймын. Сондықтан, осы мүмкіндікті жібермей, Санкт-Петербург қаласына барып келгендім, онда алған әсерім шексіз.
Мен Айтымова Мадина, Санкт-Петербург қаласына барған саяхатым үшін, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығына көп алғыс айтамын. Себебі, Ресейдің солтүстік астанасын көріп келу әр баланың арманы болып саналады деп ойлаймын. Осындай мүмкіндік әрбір балаға туа бермейді. Санкт-Петербург қаласына барып келгенім, онда алған әсерім шексіз. Санкт-Петербург қаласы, Ресейдің тек қана солтүстік астанасы емес, мәдени астанасы да болып саналады. Әртүрлі тарихи жерлері бар өте әсем қала. Санкт-Петербург қаласы өте ежелгі қала. Ол Бірінші Петр билік еткен жылдарында салынған қала. Бұл қаладан неше түрлі тарихи оқиғалар өткен. Әлемге танылған орыс ақыны А.С.Пушкиннің оқыған лицейі, Екінші Екатеринаның сарайлары, мұражайлар және басқа да мәдени мекен-жайлары бар. Біздің саяхатты өткізетін кісі де, өте мейірімді, мәдениетті, тарихты өте жақсы білетін адам екен. Ол бізге әртүрлі тарихи фактілерді өте қызық жеткізді. Қазақстан Республикасы Президенті мерекесіне орай берілген осындай сыйға мен өте қуаныштымын. Бұл сыйды оқудағы жетістіктерімен өтеймін деп сендіремін.