Отрасли
Обсуждения
Новость
08.09.2013ж. Отбасы-Отанымыздың тірегі.
Отан отбасынан басталады. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. 8 қыркүйек отбасы күні.
Отбасы қоғамдық құрылымның тобы, алғашқы ұясы. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасының өмірді дұрыс ұйымдастыруынан басталмақ.
Мектебімізде отбасы мерекесіне «Отбасы-Отанымыздың тірегі» тақырыбымен үлкен іс-шаралар ұйымдастырылды. 3-4 сыныптар аралығында «Мақтанышым-отбасым» атты тәрбие сағаттары өткізілді. 4-11 сыныптар аралығында «Мен және менің отбасым» шығармалар сайысы өтті. 5-6 сыныптар аралығында «Үлгілі отбасы» сайысы өткізілді. 8 сыныптар аралығында «Отбасынан қымбат не бар?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге №5 емхана психологтары қатысты. Фойеде «Менің бақытты отбасым» атты фотокөрме ұйымдастырылды.Ата-аналарға арналған «Отбасы-өмір аясы» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.