Отрасли
Обсуждения
Новость
«Ұлттық қолөнер бұйымдары» атты қалалық семинар туралы
Семинарға қала мектептерінен 56 мұғалімі қатысты.
№51 мектеп-гимназиясында технология пәні бойынша «Ұлттық қолөнер бұйымдары» тақырыбында семинар өтті.
Іс шара барысында ӘБ жетекшісі Жорабекова Қалипа Төртбайқызы «Қолөнер-мол өнер»
атты көрмемен таныстыра отырып, ұлттық қолөнер бұйымдарының ұмытылып бара жатқан, қазіргі кезде қолданыстан шыққан түрлері кесеқап, аяққап, сырмақ, құрақ құрау, ұлттық киімдердің жас ерекшеліктеріне қарай киілетін түрлері туралы ой қозғады.
Технология пәнінің мұғалімі Қалдарова Гульдана Жақсылыққызы «Құрақ құрау
технологиясы» тақырыбында танымдық сабақ көрсетті. Семинарға қатысушыларға құрақ құраудың ерекшелігін, қазақтың тігілуі мен әдіс-тәсілдерін, ұмытылып бара жатқан өнерін, қалай жасалатынын туралы айтты.Астана қаласы №13 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі Құдайбергенова Найля Рахимовна «Текемет басу» тақырыбында сабақ көрсетті. Орыс мектептерінде қазақтың қолданбалы өнерін мұғалімдерге қалай жасалатынын көрсетті.Қала мектептерінің мұғалімдері мұғалімнің өнеріне тәнті болды.
Семинар жоғарғы деңгейде өтті.№51 мектеп-гимназияның технология пәнінің мұғалімі Жорабекова Қалипа
Төртбайқызы «Ұлттық бұйым аяққаптың тігілу әдісі» тақырыбында сабақ көрсетті. Оқушыларды аяққаптың неге қолданылатыны жайында және тігілу әдісімен таныстырды. Сабақ барысында ұлттық дәстүрге көп мән берілгендігі байқалды.№51 мектеп-гимназиясының технология пәнінің мұғалімі Мушелбай Азат шебер сынып өтті. Ағашты қалай таңдауын,оған оюларды таңдап өрнектеуін, күйдірудің жолдарын көрсетті.