Отрасли
Сообщества
Новость
МЕКТЕПТЕ «ТІЛ ТАҒДЫРЫ-ЕЛ ТАҒДЫРЫ» ТАҚЫРЫБЫМЕН ТІЛДЕР АПТАЛЫҒЫ ӨТКІЗІЛДІ.
Тілдер апталығының іс-шаралар мақсаты оқушыларға тілдің құдіретін түсіндіруге, оны құрметтей білуге баулуға негізделіп өткізілді.
Тілдер апталығының іс-шаралар мақсаты оқушыларға тілдің құдіретін түсіндіруге, оны құрметтей білуге баулуға негізделіп өткізілді.
Тілдер апталығының іс-шараларының ашылуы салтанаты мектеп директоры Д.М. Джумартованың құттықтауымен ашылып, тілдің құдіреттілігін жеткізу мақсатында қазақ, орыс, ағылшын, қытай тілдеріндегі жазылған ақын өлеңдерін оқушылар сахнада оқыды.Ашылу салтанатында қазақ күйі ойналып, қытай биі биленді және ағылшын тілінде ертегілер қойылды.Арнайы жоспар негізінде онкүндік ішінде іс-шаралар жалғасын тауып отырды, олар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қиясова Г, К ұйымдастырған «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» тақырыбымен 9-11 сынып оқушыларымен өткізілген интеллектуалды ойын, ағылшын тілі мұғалімдері Байтунова А, Байымбетова М жетекшілігімен 9-11 сыныптармен ұйымдастырылған «Не? Қайда? Қашан? »Тілдік ойын сағаты,« Қазақстандағы көптілділік »дөңгелек үстел басындағы әңгіме, орыс тілі мұғалімдері Жванишева М.Б, Әбілтаева А.Б. 3-4 сыныптармен «Тіл-біздің басты байлығымыз» тақырыбымен өткізілген сұрақ-жауап сағаты.
Мектепте өткен тілдер онкүндігінде оқушылар шығармашылығы да өз деңгейінде жүргізілді.Мектептің талапкер-ақын оқушылары Нұрғазина Жанар 8 «а» сыныбы, Жылқыбаева Айгерім өз өлеңдерін оқыса, Ибрагим Мадина, Тыныбекова Гүлжан, Мысыралы Ақжан, Какимова Диана сынды оқушылар тіл тақырыбына жазған эсселері құндылығымен көзге түсті .
Мектепте «Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбымен өткізілген онкүндік аясында тілдің шығуы тарихы, қазақ тілінің «Тіл туралы Заңға» сәйкесті атқарылып жатқан игі істері, ағылшын тілін үйренуде қазіргі кездегі оқушыларға білім алудың қажеттілігі туралы да оқушылар ойы ортаға салынды.