Отрасли
Новость
Тәлімі мол тәрбие сағаты
2013 жылдың қазан айының 22 күні қаламыздағы №69 мектеп-гимназиясында Қазақ совет әдебиетінің негізін салушы, дауылпаз ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазықсыз жаламен тоталитарлық жүйенің құрбаны болған Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «СӘКЕН - СҰҢҚАР» атты тағылымды тәрбие сағаты болып өтті.

Тәрбие сағатына Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург, ақын, әнші, актёр-Қанат Жүнісов қатысты. Тәрбие сағаты барысында Мұқаммедәлі Жаннұр, Совет Азиз, Ниғыматов Ерлан, Әлбосын Таңнұр, Құрманәли Жазира, Аманбек Фариза сияқты мектеп оқушылары Сәкен жырларын жатқа оқып, әндерін тамылжыта шырқады. Әсіресе, Қанат Жүнісовтың қаламынан туған «Сәкеннің жары Гүлбақырамның монологын» оқыған Ақжан Қанатқызы көрермендердің көзіне жас алдырды.