Отрасли
Обсуждения
Новость
03.12 – 11.12.2013 аралығында тарих пәні бірлестігінің онкүндігі өтті.
«Тәуелсіздік – ата баба арманы, ұрпақтар үшін - ақиқат» атты тарих пәні бірлестігі онкүндік өтті
03.12 – 11.12.2013 аралығында тарих пәні бірлестігінің онкүндігі өтті.
Онкүндіктің мақсаты:
- Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейге көтерілгендігін 22 жылда Қазақстандықтардың өмірінің жақсарғандығы халықтардың арасында елдер мен бұрынғыдан гөрі күрделі сынақтар бой көтеріп отырғандығын жан-жақты таныстырып насихаттау.
- Оқушыларды Отанын сүйюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
- Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
- Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
03.12 күні тарих онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолында көрген қиян – кеск
індерді оқушылар өлеңдер және қара сөздер оқу арқылы жеткізді. Саптық жиында оқушылар және мұғалімдер онкүндіктің жоспарымен таныстырылып өтті.
03.12 күні «Жұлдызды сәт» сайысы өтті. Бұл сайысқа 6 «А», «Ә», «Б», «В», «Ғ» сыныптары қатысты. Сайыс бірнеше бөлімдерден тұрды. Оқушылар жарысқа белсене қатысып отырды. Сайыс соңында І орынды 6 «Ә» сынып, ІІ орынды 6 «А» сынып, ІІІ орынды 6 «В» сынып, IV орынды 6 «Ғ», V орынды 6 «Б» сынып оқушылары иеленді.
4.12 күні 6 «Ә» сыныбында «Қола дәуірінідегі Қазақстан» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Карамергенова Назгүл Тоқтамысқызы. Ашық сабақ директордың оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады, интерактивті тақтамен тапсырмалар орындады.
6-7.12 күндері «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы өтті. Сайысқа 7-8 сыныптар және 9-10 сыныптар қатысты.
Ашық сабақ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қатысуымен және әлеуметтік педагогтың қатысуымен өтті. Сабақта оқушылар топпен жұмыс жасады, интерактивті тақтамен және өз ойларын ортаға салып талдады.
10.12 күні 6-7 сыныптар арасында «Қазақ халқының салт - дәстүрлері» көрініс көрсету сайысы өтті. Әр сынып қазақ халқының салт - дәстүрлерін көрсетті. 6 «А» сыныбы «Тұсау кесу», 6 «Ә» сыныбы «Қырқынан шығару», 6 «Б» сыныбы «Бесікке бөлу», 6 «В» сыныбы «Тыштырма», 6 «Ғ» сыныбы «Құда түсу», 7 «В» сыныбы «Бет ашар» салт-дәстүрлерін көрсетті. Барлық сынып киім үлгілерін сақтаған. Бұл сайыстың нәтижесі бойынша әділқазылар алқасы бас жүлдені 7 «В» сыныбына, ал І орынды 6 «Б» сыныбына, ІІ орынды 6 «Ғ» және 6 «А» сыныптар, ІІІ орынды 6 «Ә» және 6 «В» сыныптарға берді.11.12 күні 10 «Ә» сыныпта «Моңғол шапқыншылығы» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Бимендин Болат Дүйсенбекұлы. Ашық сабаққа мұғалімдер және оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Сабақта интерактивті тақты және карта пайдаланылды. Оқушылар сабақ барысында өздерін еркін ұстады, сұрақтарға жақсы жауап беріп отырды.
11.12 күні «Тәуелсіздік тұғырым» атты оқушылардың І ғылыми – теоретикалық конференциясы өтті. Конференцияға қатысқан оқушылар: 8 «Ә» сынып оқушысы Райқұл Алихан, 10 «А» сынып оқушысы Тлеулес Шапағат,Қанатова Ақбота, 9 «А» сыныптан Амантаева Дианара және Бейбітхан Ақжарқын, 9 «Ә» сынып оқушысы Сайдынов Исабай, 7 «Ғ» сынып оқушылары Іңкәр Бекарыс,Кәрімов Нұрсұлтан. 8 «А» сынып оқушысы Турдыбекова Ұлжан, 5 «А» сынып оқушылары Даданбекова Адемі және Олжабаева Аяулым қатысты.
Апталықтың қорытындысы шығарылып,апталық кезінде белсенділік білдірген оқушылар марапатталды.Әрине кемшіліктер де жоқ емес бар. Оларды келешекте болдырмауға жұмыс жүргіземіз.
Шешімі;
- Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді сіңіру арқылы құзыретті тұлғаны қалыптастыру.
- Пән мұғалімдері сабақта әдіс-тәсілдерді түрлендірсін, жаңа технологияны меңгеріп пайдалансын.
- Оқушылармен жиі конференциялар, дебат,сайыстар өткізу арқылы Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
- Апталықтың жұмысын қанағаттанарлық деп бағалаймыз.
Әдістеме бірлестік жетекшісі: Ж.С.Темирханова