Отрасли
Обсуждения
Новость
17.01.2014 ж. ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ
20 қантарда 2014 жылы мектепте өткен педагогикалық жиналыста кітапхана меңгерушісі С.М.Айтмағанбетова 17 қантардағы Президенттің халыққа жолдауынан баяндама оқып және талқыланды.
Елбасы бүгінгі Жолдауында «Қазақстан - 2050» стратегиясын тың қырынан айқындап берді. Бұл жолғы Жолдау «Қазақстан-2050»-елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан деген атпен жарыққа шықты. Стратегияны мүлтіксіз орындап , емтиханнан мүдірмей өту-ортақ парыз , абыройлы міндет болып табылады.,-деді Қазақстан Президенті.
-Елбасының өз халқына Жолдауы қашанда ғылыми болжамдап, дәйекті пайымдаулармен, ертең оның орындалуы жан-жақты таразылануымен зор ынта-ықылас туындатады. Міне, осы жолғы жылдың бұл басты құжаты да жарқын тағдырымызға қатысты межелерді саралауымен ойымызды байыпты, көңілімізді көркейтті.
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың басым бағыттары белгіленді.
Бірінші. Инновациялық индустрияландыру.
Екінші.Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру.
Үшінші .Ғылыми қамтымды экономика құру-ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру.
Төртінші. Инфрақұрылымдық ұштаған-агломерацияның, көліктің , энергетиканың қарқынды дамуын қамтамсыз ету керек.
Бесінші. Шағын және орта бизнесті дамыту.
Алтыншы.Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты.
Біріншіден, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту .2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін , білікті мамандар ұсыну маңызды . Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу . Мектеп түлектері қазақ ,орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс екенін атап көрсетті.
Екіншіден, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық-алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту.
Үшіншіден, мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беру.
Төртіншіден, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастыру. Еңбекақының жаңа үлгісін әзірлеу 2015 жылдың 1шілдеден бастап , денсаулық саласында-28, білім беру саласында -29, әлеуметтік қорғау саласында-40 пайызға дейін арттыруды ұсынды.
Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу яғни белсенді өмірге тартып, пайдалы еңбекке орналастыру .
Жетінші. Мемлекттік институттар жұмысын жетілдіру.
«Мәңгілік Ел –ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы . «Қазақстан-2050»-Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы , ең мәртебелі жол» деп мәлімдеді Елбасы. Жолдауда жазылған бағдарламаларды жүзеге асыру барлығымыздың міндетіміз.Елбасымыздың әр сөзі келер күнге деген сенімімізді ұштап, біздің ұжымның да жауапкершілігін болашаққа деген сенімін одан бетер күшейте түскендей.
Әлемдегі әйгілі саясаткер, сарапшылар да қызыға көз тіккен "Қазақстан - 2050" стратегиясына сай маңызды шептеріміз, дағдарыс кезеңіндегі шымыр шешімдер нақтылана түсті. Бұл жаһан алдындағы абыройымызды тіпті асқақтата түскені тағы аян. Осының бәрі жан-дүниеңді неге жадыратпасын! Отаның жер жүзіндегі серпінді дамушы елдер қатарына бағыт алса, неге мақтанбасқа!
№58 мектеп-гимназия
кітапхана меңгерушісі : С.М.Айтмағанбетова